Вариант 7 Мына кестеге сәйкес жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек.
Вг2(1 моль) 5% NaOH CuO t KMnO4 С3Н8 ───→ А ───→ В ───→ С ───→ Д
t 0 H2OH2SO4 А-Д қосылыстарының структуралық формулаларын жазып, аттарын атау керек.
Этилацетат және гексилацетат қоспасын жаққанда түзілген су массасы 2,70г 150С температура мен қалыпты қысымда бөлінген көмір қышқыл газының көлемін есептеу керек.
Вариант 8 Мына кестеге сәйкес жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек:
СI2 (1 моль) КОН Н2О КМnO4 С2Н8 ────→ А ────→ В ────→ С ────→ Д
hυ спирт H2SO4 H2SO4 А-Д қосылыстарының структуралық формулаларын жазып, аттарын атау керек.
2. Құрамына тек олеин қышқылының қалдығы кіретін май жартылай гидролизге ұшырағанда алғашқы май массасының 58,19%-тін құрайтын глицериннің күрделі эфирлерінің қоспасы түзілген. Жартылай гидролизге ұшыраған осы май өнімдері қоспасының 1кг массасы қанша сутегінің мөлшерін қосып ала алады?
Вариант 9 Мына кестеге сәйкес жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек (структуралық формулаларын пайдаланып): А → В → С → Д. Бұл әріптерге сәйкес заттар: С6Н12Вг2, С6Н5Вг, С6Н6 және С6Н12 реакциялардың жүру жағдайларын көрсету керек.
7,49г пиридин гомологы 25,6г 10% -ті тұз қышқылымен толық әрекеттеседі. Гомологтың молекулалық массасын анықтап, оның төрт изомерінің структуралық формуласын жазу керек.
Вариант 10 Мына кестеге сәйкес жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек (структуралық формулаларын пайдаланып): А → В → С → Д. Бұл әріптерге сәйкес заттар: С4Н8; С4Н8О2К2; С4Н10О2; С4Н9I. Реакциялардың жүру жағдайларын көрсету керек.
115г пирролдың бензолдағы ерітіндісі калий металымен әрекеттескенде 1,12л газ (қ.ж.) бөлінеді. Алғашқы ерітіндідегі заттардың массалық үлестерін есептеу керек.