Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Мысал 6. 0,1 моль/л күкірт қышқылы ерітіндісіндегі барий сульфатының ВаSO4 ерігіштігі оның судағы ерігіштігінен неше есе азаяды? Шешуі



бет44/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Мысал 6. 0,1 моль/л күкірт қышқылы ерітіндісіндегі барий сульфатының ВаSO4 ерігіштігі оның судағы ерігіштігінен неше есе азаяды? Шешуі: Судағы ерігіштігі: S= Ва2+ = SО2-4 = 1,1 1010 =1,0105 моль/л.
Қышқыл ерітіндісінде жүрген сульфат ионының концентрациясы 0,1моль/л, тұнбадағы сульфат ионы концентрациясынан 101 /105 = 104 есе көп. SО42- неше есе көбейсе,
Ва2+ сонша есе азаяды, сәйкесінше S (ВаSО4) есе сонша азаяды, яғни тұнбаның қышқылдағы ерішіштігі судағы ерігіштігінен 104 есе аз. Сонымен, тұнбаға түсіретін еріткіш (ерітінді) артық мөлшерде алынуы керек. Бұл жағдай аналитикалық химияда сандық анализ жүргізген кезде қолданылады.
Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар:
1.Сутектік көрсеткіш, сутектік көрсеткіштің (рН) ерітіндінің табиғатына байланысты өзгеруін көрсету керек және оның мәніне әсер ететін факторлар;
2.Ерігіштік көбейтіндісі деген не және ол нені сипаттайды?
3.«Индикатор» ұғымының физикалық мағынасы не?
4.Заттың суда ерігіштігіне әсер ететін факторлар;
5.«Судың иондық көбейтіндісі» ұғымының физикалық мағынасы не?


Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар
1. Май қышқылының диссоциация константасы 1,5105 болса, оның 0,005М ерітіндісінде диссоциация дәрежесі қанша? Жауабы 0,055.
2. Құмырсқа қышқылындағы сутегі ионы концентрациясын есептеу керек,
егер  = 0,03. Жауабы 6 103.
3. Көмір қышқылының бірінші саты бойынша 0,1н. ерітіндідегі диссоциация дәрежесі 2,11103. Диссоциация константасы мен рК мәнін анықтау керек. Жауабы 4,5107.
4. 0,1н. сірке қышқылының диссоциация дәрежесі 1,32102 . Азотты қышқылдың қай концентрациясында оның диссоциация дәрежесі де сондай мәнге тең болады?
Жауабы 2,3 моль/л.
5. 2,1г КОН 250г суда ерітілсе, онда ол ерітінді 0,519С қатады. Осы ерітіндінің изотонды коэффициентін анықтау керек. Жауабы 1,86.
6. 200г суда 0,53г натрий карбонаты бар ерітінді 0,13С кристалданса, тұздың диссоциация дәрежесі қанша болады? Жауабы 0,9.
7.450г суда 0,05моль натрий сульфаты ерітілген, осы ерітіндінің 100С температурадағы бу қысымы 100,8 кПа (756,2 мм сын.бағ.). Натрий сульфатының диссоциация дәрежесі қанша болады? Жауабы 0,75.
8. 1л 0,01М сірке қышқылында 6,261021 оның молекуласы мен иондары бар. Сірке қышқылының диссоциация дәрежесі қанша болады? Жауабы 0,04.
9. 0,1н. калий хлориді ерітіндісінде диссоциация дәрежесі 0,80.
17С температурада оның осмостық қысымы қанша? Жауабы 434 кПа.
10. 0С температурада 0,04 моль/л ерітіндінің осмостық қысымы 2,178105 Па. Эксперимент бойынша табылған диссоциация дәрежесі 0,7. Электролит неше иондарға ыдырайды? Жауабы 3.
11. Мыс сульфатының диссоциация дәрежесін анықтау керек, егер оның изотонды коэффициенті 1,7болса. Жауабы 70%.
12. 200мл ерітіндіде 11,2г кальций хлориді бар, оның изотонды коэффициенті 2,5. 17С температурада оның осмостық қысымы қанша? Жауабы 3,04МПа.
13. 12г натрий гидроксидін 100г суда еріткенде оның қайнау температурасы 2,65С көтерілді. Осы мәндерге натрий гидроксидінің қандай диссоциация дәрежесі сәйкес болады? Жауабы 70%.
14. Эквивалентінің молярлы концентрациясы 1,0моль/л болатын қымыз қышқылының І саты бойынша диссоциациясының диссоциация дәрежесі 23,3%. Қышқылдың қандай концентрациясында  = 0,9 болады? Жауабы 0,06моль/л.
15. 1л ( =1,0013г/мл) ерітіндіде 1,78г кальций хлориді бар. Молярлы және моляльды концентрацияларын тауып, салыстырып, қорытынды жасау керек. Егер f(Ca2+) =0,57 және f(Cl) = 0,87 болса, осы ерітіндінің иондық күші мен иондардың активтілігін есептеу керек. Жауабы 0,016моль/кг және 0,016моль/л; 0,048;
а( Ca2+) = 0,00584моль/л, а (Cl) = 0,0125моль/л.
16. Егер f(Cu2+) =0,675, f(SO42) = 0,660 болса, мыс сульфаты ерітіндісінің концентрациясы 0,02 моль/л болса, сонда ерітіндінің иондық күші және иондардың активтігі қанша болады ? Жауабы 0,08; 0,0135; 0,0132.
17. Активті концентрация деп не активтілік деп қандай шамаларды айтады? Олар аналитикалық канцентрациялармен қандай қатынаста?
18. Бір зарядты иондары бар бинар электролиттер үшін Дебай және Гюккель формулалары қалай жазылады?
19. Ерітіндінің иондық күші деген не және ол қалай анықталады? Ерітіндіде болатын басқа иондар санына, әр ионның концентрациясы мен зарядына байланысты иондық күштің мәні қалай өзгереді?
20. Ерітіндіде кальций нитраты және хлориді болса, олардың концентрациялары сәйкесінше 0,01 және 0,05моль/л болса, осы ерітіндінің иондық күші қанша болады? Жауабы 0,16.
21. Гидроксид-иондарының концентрациялары (моль/л): а)104 ; б)3,2104; в) 3,210-11 болатын сулы ерітінділерде сутегі ионының концентрациясы және ерітінді рН – ы нешеге тең?
22.Н+ иондарының концентрациялары (моль/л): а)104 ; б)3,2104 ;
в) 3,210-11 болатын сулы ерітінділерде ерітінді рН – ы нешеге тең?
23. Сутегі иондарының концентрациясы (моль/л): а)104 ; б)3,2104 ;
в) 3,210-11 болса, гидроксид иондарының концентрациясы және рОН мәні қанша болады?
24.0,01н. сірке қышқылының диссоциация дәрежесі 0,042 болса,
рН мәні қанша болады?
25. Егер рН мәні 6,2 болса, ерітіндінің H+ және ОН- мәндері қанша болады?
26. Қандай жағдайларда әлсіз электролиттер де күшті электролиттер сияқты әрекеттесуші массалар заңына бағынбайды? Бұл жағдайларда да ол заң қолданылытындай болу үшін диссоциация константасын КD қалай түрлендіруге болады?
27. Егер с (Н+) 0,1; 0,001; 107 және 1010 моль/л; с(ОН ) 0,01; 1011 моль/л болса, ерітінділердің рН қанша болады?
28. Ерігіштік көбейтіндісі деген не? Оның мәні заттардың қандай қасиеттерін сипаттайды? Қандай жағдайларда тұнба түзіледі, ериді және ерітіндімен тепе-теңдікте тұрады?
29. Қиын еритін бинарлы, үш ионды, төрт ионды , бес ионды электролиттерде ерігіштік көбейтіндісі (ЕК) мен ерігіштік (S) өзара қалай байланысты? Егер заттың қанық ерітіндісіне біртекті ион енгізсе, ол оның ерігіштігіне қалай әсер етеді? Қандай жағдайларда тұнба комплекс қосылыс түзіп, ериді?
30. Мына заттардың қанық ерітіндісін бір-біріне қосса, тұнба түзіле ме: SrCl2 және CaSO4 ; CaCl2 және SrSO4 ; Мына тұздардың қайсысы көбірек ерігіш және неше есе ерігіштігі бір-бірінен көп: CaSO4 не BaSO4; CaCO3 не BaCO3 ; PbI2 не PbCl2 . PbCl2 тұнбасына КІ ерітіндісін қосса, PbI2 тұнбасы түзіле ме?
31. Егер PbI2 қанық ерітіндісінде иодид ионының концентрациясы 1,3103 моль/л болса, осы ерітіндідегі қорғасын ионының концентрациясы қанша болады?
Жауабы 0,65103 моль/л.
32. 250 мл PbCl2 қанық ерітіндісінде қорғасын ионының мөлшері 4103 моль болса, сонда хлор ионының осы ерітіндідегі концентрациясы және PbCl2 ерігіштігі қанша? Жауабы 3,2102 моль/л; 1,6102 моль/л.
35. Егер ЕКAg2CO3 = 6,151012 болса, қанық ерітіндіде әр ионның концентрациясы қанша болады? Жауабы 2,30104 моль/л; 1,15104 моль/л.
36. 10л Mg3(PO4)2 қанық ерітіндісінде 3г тұз болса, оның ерігіштігі және ерітіндідегі әр ионның молярлы концентрациясы қанша болады?
Жауабы 1,14103; 3,42103 моль/л және 2,28103 моль/л.
37. СаСО3 (г/л) тұзының таза судағы және концентрациясы 0,1моль/л болатын соды ерітіндісіндегі ерігіштігін есептеп, салыстырыңдар.
Жауабы 7103 және 4,8106 г/л.
38. Көлемдері бірдей және эквиваленттерінің молярлы концентрациялары 0,001моль/л болатын SrCl2 және K2SO4 ерітінділерін араластырғанда SrSO4 тұнбасы түзіле ме?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет