Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар



бет52/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Электродтық потенциалдардың мәні, қолданылуы;

  2. Бекетовтың кернеу қатары нені көрсетеді?

  3. Гальваникалық элемент деген не? Мысалдар келтіру керек;

  4. Тотығу-тотықсыздану потенциалын (редокс-потенциал) есептейтін теңдеу;

  5. Редокс-потенцил мәніне әсер ететін факторлар.



Практикалық сабақта және студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын (СӨЖО) есептер мен жаттығулар
1.Екі гальваникалық элементтің кестесінде біреуінде мыс катод болса, біреуінде мыс анод болуы керек. Осы элементтердің жұмыс кезіндегі реакциялар теңдеулерін жазып, стандартты э.қ.к мәнін есептеңдер.
2.Мына гальваникалық элементтерде: а) Mg|Mg2+||Pb2+|Pb; б)Pb|Pb2+|Сu2+|Сu;
в) Сu|Сu2+||Аg+|Аg сыртқы тізбек бойынша электрондар қай бағытта жылжиды? Электролиттер ерітінділері бір молярлы, әр жағдайда қай металл ериді?
3.Марганец электродын оның тұзының ерітіндісіне батырғанда, потенциалы - 1,1 в болса, марганец ионының (Мn2+) концентрациясы (моль/л) қанша болғаны?
Жауабы 2, 0410-2 моль/л.
4.Күміс электродының потенциалы оның стандартты электрод потенциалының 95%-не тең болғанда күміс ионының (Аg+) концентрациясы нешеге тең болған?
Жауабы 0,21 моль/л.
5.Сутекті электрод потенциалы -236 мВ болса, сутегі ионының концентрациясы қанша? Жауабы 110-4 моль/л.
6.Егер сутекті электрод потенциалы (мВ) мына сандарға а)-201; б)-431 тең болса, ерітінді рН- ы қанша? Жауабы а) 3,4; б)7,3.
7.AgI қанық ерітіндісіне батырылған күміс электродының потенциалын есептеу керек, егер ЕКAgI = 8,310-17 . Электрод потенциалы нольге тең болғанда Аg+ концентрациясы қанша болады? Жауабы: 0,326 В; 2,8.10-14 моль/л.
8.Концентрационды гальваникалық элементтің (мВ) э.қ.к. есептеу керек. Мырыш электродтары концентрациялары 210-2 және 3,210-3 моль/л ZnSO4 ерітінділеріне батырылған. Жауабы 24 мВ.
9.Күміс мырыш гальваникалық элементінің э.қ.к.-ін есептеу керек. Бұл электродтар катиондарының концентрациясы 0,01 моль/л болатын тұздарының ерітіндісіне батырылған. Жауабы 1,50 в.
10.PbBr2 қанық ерітіндісіне батырылған қорғасын электродының потенциалын есептеу керек. [Br-]=1 моль/л, ал ЕК PbBr2 =9,110-6 . Жауабы - 0,28В.
11.Егер мыс және қорғасын электродтарын осы металдардың 1М ерітінділеріне батырылғанда түзілген гальваникалық элементтің э.қ.к.= 0,47В болса, электродтарды 0,001М ерітінділеріне батырғанда, э.қ.к. өзгере ме? Түсініктеме беру керек.
15.Егер магний ионының концентрациясы а) 0,1;б) 0,01;в) 0,001моль/л болса, оның электродтық потенциалдары мына сандарға тең болады:
Жауабы -2,39В; -2,42В; 2,45В.
16.Мына жүйе үшін Zn+CdSO4=Cd+ZnSO4 тепе-теңдік константасын есептеу керек. Егер мырыш ионының концентрациясы 1моль/л болса, кадмий ионының концентрациясы қанша болады? Жауабы 12,2; 10-12.
17.Мына реакцияның KMnO4+FeSO4+H2SO4 → тепе-теңдік константасын есептеу керек. Жауабы 31063 .
18.Өздігінен қай бағытта мына реакциялар жүреді: а)H2O2+HOCl=HCl+O2+H2O; б)2HJO3+5H2O2=J2+5O2+6H2O; в)J2+5H2O2=2HJO3+4H2O . Жауабы тура.
19.Сулы ортада темір (Ш) тұзын темір (ІІ) тұзына дейін а) KBr б) KJ ерітінділерімен тотықсыздандыруға бола ма? Жауабы а)жоқ; б) иа.
20.а) Кадмий-мырыш гальваникалық элементінде б)мыс-қорғасын гальваникалық элементінде жүретін реакциялардың тепе-теңдік константасын есептеу керек.
Жауабы а)1,61012; б)8,61015.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет