Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет59/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   271
КОМПЛЕКСТІ ҚОСЫЛЫСТАР

Комплекс қосылыстар - күрделі иондар не молекулар – кристалдық күйде де, еріген күйде де бола алады.Комплекс қосылыстардың молекуларында комплекс түзгіш не орталық атом көбінесе оң зарядты атомдардың бірі орталық орынды алады, оған координацияланған теріс иондар не бейтарап молекулалар лигандалар болады. Комплекс түзгіш және лигандалар ішкі сфераны құрайды да, квадрат жақшамен бөлінеді. Комплекс түзгіш пен лиганда арасында донарлы-акцепторлы механизм бойынша түзілген σ - коваленті байланыс болады, бұл байланыс саны координациялық сан деп аталады.


Егер комплекс қосылыстың ішкі сферасы оң зарядты болса (катионды комплекс), сыртқы сферада теріс зарядты ион болады, не керісінше, ішкі сфера теріс зарядталса (анионды комплекс), сыртқы сферада оң зарядты ион болады. Егер ішкі сфера бейтарап болса, сыртқы сфера болмайды. Сыртқы сфера мен ішкі сфера арасында ионды байланыс болғандықтан күшті электролиттер сияқты жақсы диссоциацияланады. Ал ішкі сферада комплекс түзгіш пен лиганда арасы ковалентті байланысты болғандықтан, ерітіндідегі диссоциациясы аз болады:K4[Fe(CN)6] → 4K+ + [Fe(CN)6]4 -; [Fe(CN)6]4 -↔ Fe2 + + 6CN
Комплекс иондардың зарядын анықтау үшін комплекс түзгіш пен лигандалар зарядтарын қосады.
Катионды комплекс қосылысты былай оқиды: алдымен грек санымен (ди, три, тетра, пента, гекса т.б. ) «0» жалғауы қосылған зарядталған лигандалар аталады, сосын бейтарап лигандалар саны мен аты аталады, артынан комплекс түзгіш аталады, оның тотығу дәрежесі жақшаның ішінде көрсетіледі. Бейтарап лигандалардан суды – аква, аммиакты – аммин деп атайды. Мысалы: [Pt(NH3)3Cl]+ - хлортриамминплатина(ІІ); [Co(NH3)5Br]2+ - бромпентаамминкобальт (ІІІ).
Анион комплекс былай аталады: катионды комплекс ионы сияқты оқылып, «аты» жұрнағымен аяқталады: [Сr(NH3)3(SCN)4]- - тетрароданодиамминхроматы (ІІІ), [Pt(ОH)2Cl4]2 - - тетрахлородигидроксоплатинаты (IV).
Нейтрал комплекстерде комплекс түзгіштің тотығу дәрежесі көрсетілмейді, оқылуы катион комплекстері сияқты: [Pt(NH3)2Cl2] – дихлордиамминплатина, бірақ металдың валенттілігі көрсетілмейді.
Комплекс иондар диссоциацияға аз түседі, нәтижесінде комплекс ион, комплекс түзгіш және лигандалар арасында тепе-теңдік орнайды, әрекеттесуші массалар заңын, тепе-теңдік константасын, тұрақсыздық константасын жазады:
[Ag(NH3)2]+  Ag+ + 2NH3 Ктз = [Ag]+ [NH3]2/[Ag(NH3)2]+ = 6,810-8


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет