Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар : 1.Комплекс қосылыстар деген не?
2.Комплекс түзгіш деген не?
3.Координациялық сан қалай анықталады?
4.Тұрақсыздық константасының мәні және қолданылуы;
5.Ішкі және сыртқы сфералар, лигандалар, дентанттылық.
Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар 1.Көрсетілген электролиттер ерітінділері арасында жүретін реакцияларды молекулалық және ионды-молекулалық түрде жазу керек :
a) К2 [HgJ4] + KBr → д) K [Ag(CN)2] + NH3 →
б) К2 [HgJ4] + KCN → e) K [Ag(NO2)2] + NH3 →
в) [Ag(NH3)2] Cl + K2S2O3 → ж) [Ag(NH3)2] Cl + NiCl2 →
г) K [Ag(CN)2] + K2S2O3 → з) K3 [Cu(CN)4] + Hg (NO3)2 →
2.Мына комплекс ионының [Cd(CN)4]2- тұрақсыздық константасы 7,810-18.
0,1М K2[Cd(CN)4] ерітіндісіндегі кадмий ионының концентрациясын есептеу керек. 1л ерітіндіде 0,1моль KCN артық мөлшерде бар. Жауабы 7,810-15 моль/л.
3.[Ag(CN)2]- комплекс ионының Ктз = 1,410-20. 1л ерітіндіде 0,01моль
KCN бар 0,05М K[Ag(CN)2] ерітіндісіндегі күміс ионының концентрациясын есептеу керек. Жауабы 710-18 моль/л.
4.0,1М K2[Cd(CN)4] ерітіндісінде 6,5г/л KCN бар, осы ерітіндідегі кадмий ионының концентрациясын санау керек. Жауабы 1,4110-16 моль/л.
5.Kтз[Ag(S2O3)2]3- = 3,510-14. 1л 0,1М Na3[Ag(S2O3)2] ерітіндісінде сонымен бірге 25г Na2S2O35H2O болса, ион түріндегі күміс неше грамм екенін есептеу керек.
Жауабы 3,810-11г.
6.1л 0,1М [Ag(NH3)2]NO3 ерітіндісінде сонымен бірге 1моль аммиак бар болса, а) 110-5 моль бром-ионын б) 110-5 моль иод-ионын қосқанда күміс галогенидтері тұнбаға түсе ме? ЕКАgВг=5,310-13; EKAgJ =8,310-17. Жауабы: а) түспейді; б) түседі. Неге?
7.1л 0,1моль KCN бар 0,05М K2[Cd(CN)4] ерітіндісіне S2- ионы бар ерітінді қосқанда CdS тұнбасы сульфид-ионының қандай концентрациясынан бастап пайда бола бастайды? ЕКCdS = 7,910-27. Kтз=7,810-18. Жауабы <2,010-12 моль/л.
8.Егер PtCl4 · 6NH3 комплекс тұзынан күміс нитраты барлық хлорды тұнбаға AgCl ретінде түсірсе, ал мына тұз PtCl4 · 3NH3 ерітіндісінен хлордың тек төрттен бірі (1/4) ғана тұнбаға түссе, сонда тұздардың координациондық формулалары қандай болады?
9.0,2335 г СоCl3 · 4NH3 тұзы бар ерітіндіге күміс нитраты ерітіндісінің артық мөлшерін қосса, 0,1435г тұнба (AgCl) түзілген, сонда тұздың координационды формуласы қандай болады?
10.Мына заттар: а) K4[Fe(CN)6] және CuSО4; б)FeSО4 және Na3[Со(CN)6]; в) K3[Fe(CN)6] және AgNO3 арасындағы алмасу реакцияларын молекулалық және ионды – молекулалық түрде жазу керек. Комплекс иондардың диссоциация теңдеулерін жазып, тұрақсыздық константаларын (Ктз) «анықтамадан» табу керек.
12.Мына комплекс тұздарды атаңдар: [Pt(NH3)3Cl] Cl; [Co(NH3)5 Br] SO4;
Ba[Cr(NH3)2 (SCN)4]2; (NH4)2[Pt(OH)2Cl4]; [Pd(H2O) (NH3)2 Cl]Cl;
[Cu(NH3)4] (NO3)2; K4[Fe(CN)6]; Na2[PdJ4]; [Cr(H2O)4PO4]; [Pt(NH3)2Cl4].