Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет109/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Тұнбаға түсетін форма деген не және өлшенетін форма деген не? Оларға қойылатын талаптар.

  2. Тұнбаға түсіретін ерітінділерді қалай таңдайды?

  3. Адсорбция, окклюзия, изоморфизм процестері нені көрсетеді және анализге олардың әсері.

  4. Тұнбаны фильтрлеу қалай жүргізіледі?



БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА (БӨЖ) ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ОРЫНДАЙТЫН БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА (БОӨЖ) АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



  1. Сандық анализдің мәні, оның ғылымдағы, техникадағы, тамақ өндірісіндегі, өңдеу өндірісіндегі ролі.

  2. Тұнбаға түсіру реакцияларына негізделген гравиметриялық әдістердің мәні. Қандай операцияларға бұл әдіс негізделеді?

  3. Өлшеу қателерінің себептері? Оны болдырмау жолдары.

  4. Аморфты және кристалдық тұнбалардың түзілу жағдайлары.

  5. Аморфты және кристалдық тұнбаларды сүзуге пайдаланылатын фильтрлер.

  6. 8-оксихинолиннің гравиметрияда қолданылуы.

  7. Гравиметриядағы тұндыру және айдау тәсілдері.

  8. Зерттеуге алынатын заттың нақты мөлшерін ( кристалдық және аморфты тұнбалар болса) қалай таңдайды?

  9. Гравиметриялық анализде тұнбаға түсіруші реагент және тұнба жуатын ерітіндіні қалай тандайды?

  10. Тұндырылған (тұнбаға түсірілген) және гравиметриялық форма дегеніміз не? Оларға қандай шарттар қойылады?

  11. Кальцийді қандай қосылыстар күйінде тұндырған (тұнбаға түсірген) дұрыс: CaSO4 (ЕК = 6,110-5) немесе CaC2О4Н2О (ЕК = 2,610-9)?

  12. CaСО3 немесе СаО гравиметриялық форма күйінде тиімді ме? Себебі неде?

  13. Тұнбаға түсіруші реагентті не үшін артық мөлшерде қосады? Не себепті тұнбаға түсіруші реагенттің өте көп мөлшері тиімсіз?

  14. Агрегация және бағдарлану дегеніміз не? Кристалдық және аморфты тұнбалар түзілу жағдайлары.

  15. Тұнбаның ескіруі (жетілуі) дегеніміз не?

  16. Тұнбаны жуудың мақсаты? Тұнбаны декантациямен жуу, оның тұнбаны фильтрде жуудан ерекшелігі.

  17. Көрсетілген мысалдардың қайсысында тұнба дұрыс жуылады:а. 50 мл-ден екі рет; б.10 мл-ден он рет

  18. Күлсіз фильтр, сүзу, тигель дегеніміз не?

  19. Күйдіру, қыздыру, тұнбаны тұрақты массаға келтіру дегеніміз не?

  20. Анықталатын компоненттің іс жүзіндегі анықталған массалық үлесін (%), теориялық % және анықтау қателігін қалай есептейді?

  21. Гравиметриялық(аналитикалық) фактор дегеніміз не? Ол нені сипаттайды? Қалай қолданылады?

  22. Гравиметриялық әдісте өлшеуді қандай дәлдікпен орындау қажет? Қосылыстардың молекулалық массаларын қандай дәлдікпен алу қажет?

  23. Гравиметриялық анықтаудың мәні неде:

а. Темір (II) немесе темір(IIІ)күйінде ме;
б. Сульфат-ионын немесе барий-ионын барий сульфаты күйінде анықтаса, қайсысы дәлірек;
в. Алюминийдің қандай анықтау тәсілдері белгілі;
г. Магний- және фосфат- иондарын магний фосфаты күйінде;
д. Күміс- және хлорид- иондарын күміс хлориді күйінде;
е. Барий хлоридіндегі кристалдық суды;
ж. Карбонаттағы кальцийді.
Бұл анықтауларда қандай әдістемелік қателіктер болуы мүмкін?

  1. Заттарды ұшыру әдісімен не тұнбаға түсіру әдісімен аңықтаудың негізі неде?

  2. Тұнбаға түсу формасы мен гравиметриялық форма дегеніміз не? Оларға қандай талаптар қойылады?

  3. Гравиметриялық анализ жасағанда кальцийді неге аммоний оксалатымен тұнбаға түсіреді? Натрий оксалатын қолдануға бола ма?

  4. Ерігіштік көбейтіндісінің (ЕК) ережесін анықтаңдар. Оның қандай мәні бар?

  5. Кристалды тұнба алу үшін қандай жағдайлар қажет?

  6. Тұнбаны неге жуады? Тұнба жууға қажет сұйықтарды қалай таңдайды?

  7. Күлсіз фильтр деген не?

  8. Есептеу факторлары (аналитикалық көбейткіш, фактор) деген не? Оны қалай анықтайды?

  9. Анализге алынатын заттың мөлшері тұнба түріне (аморфты, кристалды) байланысты неше грамм болуы керек? Оны табу үшін қандай формулалар қолданылады?

  10. Тұнбаға түсіретін заттың көлемін қандай формула арқылы анықтауға болады? Неге оның көлемін өте көп артық мөлшерде алуға болмайды?

  11. Ерітіндінің иондық күші деген не? Мына заттардың 1л ерітіндідегі иондық күшін анықтандар: а.0,1М КСl; б.0,1М K2SO4; в. 0,1М AlCl3 Жауабы: а.0,1; б.0,3; в.0,6.

  12. Мына көрсетілген тұздардың қайсысы кальцийді анықтауға көбірек тиімді.CaSO4 (ЕК=2,3710-5); CаCO3 (ЕК=4,810-9)

36. Кальций оксалатының суда ерігіштігі 0,01М аммоний оксалаты ерітіндісіндегі ерігіштігінен қанша есе артық? Жауабы: 200 есе.
37. Егер PbSO4 ерігіштігі 0,045 г/л, ал PbI2 ерігіштігі 300 г/л болса, бұл қосылыстардың ерігіштік көбейткіштері (ЕК) қанша болады?
Жауабы: 2,210-6 және 1,110-9



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет