Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет132/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   271
АЛКАЛИМЕТРИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУ
НАТРИЙ ГИДРОКСИДІНІҢ НОРМАЛЬДЫ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫ МЕН ТИТРІН ҚЫМЫЗДЫҚ ҚЫШҚЫЛЫ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАУ

ЖҰМЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚТАР
1. Сілтінің ертіндісін дайындағанда оны неге карбонаттың (Na2CO3) қосындысынан тазалау керек?
2. Натрий гидроксидін қымыз қышқылы арқылы титрлегенде жүретін реакция тендеуін жазындар. Қымыздық қышқылы (Н2С2О4 . 2О) мен натрий гидроксидінің эквиваленттік массалары неше тең ?
3.Титрлеу үшін неге индикатор ретінде фенолфталеин алынады?
ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ

  1. Көлемі 100 мл (250 мл) болатын колбада 0,1н қымыздық қышқылын дайындау үшін оның қанша мөлшерін алу керек екенін есептеп шығарындар.

Техникалық таразыда өлшенген бюкс массасы, г ___________
Аналитикалық таразыда өлшенген бюкс массасы, г __________
Техникалық таразыда өлшенген бюкстегі қымыздық қышқылының
массасы, г
Аналитикалық таразыда өлшенген бюкстегі қымыздық қышқылының массасы, г _____________
Үлгі массасы,г _________

  1. Қымыздық қышқылын құрғақ воронка арқылы көлемі белгілі колбаға (100 мл не 250 мл) толық түрде салындар. Дистильденген сумен бюксті де, воронканы да бірнеше рет жуып, колбаға құйындар. Колбаның белгіленген жеріне дейін дистильденген сумен қымыздық қышқылы ерітіндісінің көлемін жеткізіндер.

  2. Колбаның аузын жақсылап тығындап, колбаны бір-екі рет төңкеріп, ерітіндіні жақсылап араластырындар.

  3. Бюретканы натрий гидроксиді ерітіндісімен шайып, осы ерітіндімен толтырыңдар.

  4. Титрлейтін колбаға 10,00см3 қымыздық қышқылының ерітіндісін пипеткамен құйыңдар. Пипетканы осы қышқылмен алдын ала шайып алу керек. 1-2 тамшы индикатор фенолфталеин құйыңдар.

  5. 30 секунд уақытта өзгермейтіндей қызыл түске дейін титрлеуді 3 рет жүргізу керек. V1 = ; V2 = ; V3= .

Vорта = V1+ V2 + V3 /3

  1. Оқытушыға жұмыстың нәтижесін өткізу керек:

Қымыздық қышқылының массасы, г__________
Қымыздық қышқылының титрі, г/мл __________
Қымыздық қышқылының нормальды концентрациясы, _______
Натрий гидроксидінің нормальды концентрациясы, ______
Натрий гидроксидінің титрі, г/мл ___________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет