3. Алу әдістері 3. 1. Күрделі эфирлерді мына заттар араларындағы реакциялар арқылы алу керек: а) капрон қышқылы мен этил спирті; б) сірке қышқылы мен бутил спирті; в) май қышқылы мен амил спирті.
3.2. Күрделі эфирдің түзілу механизмін анықтау үшін изотопты әдіс қолданылады. Сірке қышқылына құрамында 188О изотобы бар метил спиртімен әрекет еткенде түзілген эфирдің формуласын жазып, қай заттан гидроксил тобының бөлінгенін көрсету керек.
3.3. Мына күрделі эфирлерді алу керек: а) метилэтил эфирі; б) дибутил эфирі; в) сірке қышқылды изопропил эфирі; Реакция теңдеулерін жазу керек.
3.4. 25,8г этил спирті мен сірке қышқылын концентрлі күкірт қышқылы, қатысында қыздырғанда 14,08г күрделі эфир түзіледі. Дәл осындай мөлшердегі осы заттар қоспасын толық жаққанда 23,4мл су түзілген. Алғашқы заттардағы әр компоненттің массалық үлесін (%) анықтау керек. Эфирлену реакциясы қандай шығыммен жүргенін есептеу керек.
3.5. Құмырсқа және сірке қышқылдарының 11,2г этил эфирлерінің қоспасын, құрамында 47% сірке этил эфирі бар, гидролиздеу үшін қанша масса 2,8М калий гидроксиді (ρ = 1,13г/мл) ерітіндісі қажет?
Дәріс 42. АЗОТТЫ ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР. НИТРОҚОСЫЛЫСТАР
Жалпы формуласы. Изомериясы, жіктелуі, аталуы
Қаныққан нитроқосылыстардың жалпы формуласы СnH2n+1NO2 не R-NO2. Нитроқосылыстардың изомериясы пропан туындыларынан басталады. Нитроқосылыстар біріншілік R – СН2-NO2, екіншілік R2 – СН-NO2 және үшіншілік R3С-NO2 болады. Оларды нитро-деген сөз қосып көмірсутек бойынша оқиды. Жүйелік номенклатура бойынша нитротоптың орнын цифрмен көрсетеді.