1. Изомерия және номенклатура 1.1. Құрамы С4Н8О2 болатын күрделі эфирлердің изомерлерін (4 изомер) жазып, аттарын атау керек.
1.2. а) құмырсқа этил эфирінің; б) сірке этил эфирінің; в) пропионамил эфирінің структуралық формуласын жазып, аттарын атау керек.
1.3. Жай және күрделі эфирлердің аттарын атау керек:
а) СН3-О-СН3; б) СН3СООС2Н5; в) С2Н5ОС2Н5 г) С3Н7СООС4Н9;
д) НСООС2Н5; е) СН3-СН2-СН2-СООСН3; ж) С3Н7ОС3Н7 1.4. Ара балына пальмитин қышқылы мен мирицил спиртінің С30Н61ОН күрделі эфирі кіреді, формуласын жазу керек.
1.5. Тамақ өндірісінде жеміс эссенциясы ретінде қолданылатын күрделі эфирлер формулаларын жазу керек.
2. Химиялық қасиеттері 2.1. Цех жылына 13,76т алма эссенциясын (изовалериан изоамил эфирі) шығарады, оған 10,2т изовалериан қышқылы және 8,8т изоамил спирті жұмсалған. 1т эфирге жұмсалған шикізатты санау керек және ол теориялық шығымның қанша пайызы?
2.2. Күрделі эфирлерге қандай реакция тән? Мысал келтіру керек. Бұл реакция қандай жағдайда аяғына дейін жүреді?
2.3. Мына күрделі эфирлерді а) сіркебутил эфирі; б) пропилизобутил эфирі;
в) майизопропил эфирі; г) валерианпропил эфирі сумен қыздырғанда жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек, түзілген заттарды атау керек.
2.4. С4Н8О2 формуласына сәйкес екі заттың біреуі натрий карбонатымен көмір қышқыл газын бөліп әрекеттеседі, ал екіншісі әрекеттеспейді, бірақ сілтімен қыздырғанда спирт және тұз түзеді. Осы қосылыстардың структуралық формулаларын жазу керек.
2.5. 232т май этилэфирін сабындандырғанда қанша мөлшерде және қандай заттар бөлінеді?
2.6. Күрделі эфирлерді тотықсыздандырғанда спирттер түзіледі. Сірке амил эфирін сутегімен тотықсыздандырғанда түзілген спирттерді атау керек.
2.7. Сірке этил эфирін ацетиленнен алу теңдеулерін жазу керек.
2.8. Майлар органикалық қосылыстар кластарының қайсысына жатады?
Майларға анықтама беріп, олардың жалпы формулаларын жазу керек.
2.9. Өсімдіктер мен жануарлар майларының құрамы мен қасиеттерінде қандай айырмашылық бар? Мысалдар келтіру керек.
2.10. Майлардың биологиялық мәнін сипаттау керек.
2.11. а) глицерин мен үш олеин қышқылының молекулалар арасындағы; б) глицерин мен үш стеарин қышқылының молекуласы арасындағы реакциялар теңдеулерін жазу керек.
2.12. 1т өсімдік майын, құрамында 80% олеин глицериді бар, қатты майға айналдыру үшін қанша көлем (қ.ж.) сутегі қажет?
2.13. Құрамында 85,4% стеарин қышқылы глицериді және 14,6% суы және сабынданбайтын қоспасы бар 10т техникалық майдан сабын шығаратын зауод қанша тонна глицерин алады?
2.14. 1780кг майдан (С3Н5(-ООС-С17Н35)3 егер оның 80%-ті сабындалса (гидролиз сілтілік) қанша натрийлі сабын алынады?
2.15.100м3 бутанды (200С және 101 кПа жағдайында) тотықтырғанда, егер шығымы 65% болса, сонда қанша 90%-ті сірке қышқылын алуға болады?
2.16. 8,9т тристеаратты толық сабындау (гидролиздеу) үшін қанша көлем (ρ = 1220 кг/м3) 20%-ті натрий гидроксиді ерітіндісін алуға болады?
2.17. Радикалында бір қос байланысы бар бір негізді қанықпаған органикалық карбон қышқылының триглицериді оливка майының 80%-ін (массасы бойынша) құрайды. Егер 1,105кг оливка майында 1моль осы триглицерид болса, осы триглицерид формуласын анықтау керек.