Химия пәнінен Бақылау жұмыстар жинағы 9- сынып Арбиген 2014 жыл Түсінік хат


Жылдық қорытындыға арналған бақылау жұмысы



бет7/7
Дата14.09.2022
өлшемі135 Kb.
#39127
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бақылау жұмыс жинағы 9 сынып

Жылдық қорытындыға арналған бақылау жұмысы.
9-сынып
Мақсаты: Оқушылардың мемлекеттік стандарттық міндетті денгейіне жетуін, өткен тақырыптарды толық менгерілуін тексеру


І нұсқа
1. Мына өзгерісті жүзеге асыр:
көміртек → метан → хлорметан → этан → көмірқышқыл газы
2. Төменде берілген заттардың структуралық формуласын құрастыр:
2,2,4 – триметилпентанол-3; 2,4 диметил – 3 –этилгексанол -1;
2,2,3,3 – тетраметилгептанол -1;
3. Қалыпты жағдайда 6,72 л метан газын жаққан кезде бөлініп шыққан көмірқышқыл газы 80 г 15-процентті натрий гидроксиді ерітіндісіне толығымен калий гидроксиді ерітіндісіне сіңірілді. Реакция нәтижесінде түзілген тұздың массасын есепте.
4. 312 г бензолды жарық сәулесінің әсерімен хлорланды, егер реакция нәтижесінде алынған өнімнің шығымы 75% болса, түзілген өнімнің массасын есепте.
5. Құрамында 25% бөгде заттар қоспасы бар 89,6 л бутаннан (қ.ж.) екі сатылы синтез әдісі арқылы 79,92 г бутанол-2 алынды. Егер бірінші және екінші сатыдағы өнімнің шығымы бірдей болатын жағдайда, реакция өнімінің шығымын есепте.
6. Темір хлориді, хром сульфаты ерітінділерінің гидролиз реакциясының теңдеуін құрастыр


ІІ нұсқа
1. Мына өзгерісті жүзеге асыр:
Кальций карбонаты → кальций карбиді → ацетилен → сірке альдегиді → көмірқышқыл газы
2. Төменде берілген заттардың структуралық формуласын құрастыр:
2,2,5 – триметилгексин -3; 3 –метилбутин -1; 2,5 –диметилгексин-3;
2- метил -3- этилоктин - 4;
3. 42 г бутен -2 алу үшін егер реакцияның шығымы 60% болса, қалыпты жағдайда қанша көлем бутан жұмсалады.
4. 16,24 г бутанды Вюрц реакциясы арқылы екі сатылы синтез әдісі арқылы теориямен салыстырғанда 70% және 80% шығыммен этаннан алды. Осы реакцияны жүргізуге қажетті этан газының (қ.ж.) көлемін есепте.
5. Құрамында 25% бөгде заттар қоспасы бар бензолды, 30 мл 70-процентті тығыздығы р =1.4 г/мл азот қышқылы ерітіндісімен өңдеді. Нәтижесінде 19,8 г нитробензол алынды. Реакция өнімінің шығымын есепте.
6. Қорғасын нитраты, никель нитраты ерітінділерінің гидролиз реакциясының теңдеуін жаз
Қолданылған әдебиеттер тізімі



  1. Химия оқулығы 9-сынып Усманова М.Б.

  2. Химия оқу әдістемесі 9- сынып

  3. Химия есептер мен жаттығулар жинағы И. Нұғыманов, Р. Жұмаділова,

Ж. Аганина

  1. Химия мектепте 2010ж №2

  2. интернет жиелісі ustaz kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет