11.4D «Жаңа заттарды және материалдарды өндіру және «Жасыл химия»» бөлімдері
бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 11.4.2.30 Аспиринді, таксолды физиологиялық белсендігі
жоғары табиғи және синтетикалық
қосылыстардың өкілдері ретінде атау
11.4.2.37 Наноматериалдардың ерекшеліктерін сипаттау 11.4.1.1 «Жасыл химияның» 12 принципін атау және оны
түсіндіру
11.4.1.3 Озон қабатының бұзылу себептерін зерделеу
11.4.1.5 «Парникті эффектінің» және озон қабатының бұзылу мәселелерін ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
Физиологиялық белсендігі жоғары табиғи және синтетикалық қосылыстардың өкілдерін сипаттайды
Наноматериалдардың ерекшеліктерін көрсетеді
Жасыл химияның» 12 принципін атап және оны қолдану аясын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі Қолдану
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырмалар
(a) Ежелгі гректер талдың қабығын ауырсынуды басатын және дене қызуын түсіретін дәрілерді жасауға пайдаланған.1988жылыБерлиндегіИмператорлық патенттік ведомство тіркегеннен кейін жаңа дәрі «Аспирин» деген сауда маркасымен сатуға шығарылған.
(a) Нанотехнология ұғымына анықтама беріңіз. (і) Нанобөлшектердің мөлшерін және ерекше қасиеттерін көрсетіңіз:
Болашақта медицина наноботтардың (наноробот) көмегімен жасуша ішінде молекулярлық деңгейде операция өткізетін болады.
Наноботтардың көлемі шамамен 0,56нм. Осы өлшемді метрмен өрнектеңіз:
Болашақта наноботтардың белгілі бір салада қолданылуын сипаттаңыз және болжаңыз:
(Green Chemistry) — химиядағы жаңа ғылыми бағыт, оған қоршаған орта мен адамға еш зиян келмейтін химиялық үдерістерді кез келген жетілдіру жолдары болып табылады 1998 жылы П.Т.Анастас және Дж.С. Уорнер «Жасыл химия: теориясы мен практикасы» кітабында . “Жасыл химияның” 12 принципін көрсеткен болатын.
(a) “Жасыл химияның” 12 принципінің кем дегенде үшеуін көрсетіңіз:
( a) Ғаламшарымыз ғаламдық климат өзгерісіне баяғыда-ақ тап болды: озон қабатының тесігі
1985 жылы анықталған.
Озон қабатының тесілуі қоршаған ортаға қалай әсер етеді?
Озон қабатының қалыңдығы әлем бойынша қалай өзгереді?
Не себепті озон тесіктері Антарктика үстінде қалыптасқан?
Озон қабатындағы тесіктер неден пайда болған?
Озон қабаты қайта қалпына келуі мүмкін бе?
( a) Жердегі тіршілік “парниктік әсер” ретінде танымал табиғи процеске тәуелді.
Парниктік әсер дегеніміз не?
Парниктік әсерді тудыратын газдарды атаңыз:
Жер атмосферасының құрамы қандай?
Адамдар парниктік әсердің күшеюіне қалай әсер етуде?
Озон қабаты мен парниктік әсердің бір – бірінен қандай айырмашылығы бар?
Парниктік әсерден туындайтын экологиялық мәселелер бар ма? Болса, олар қалай шешілуде? Өз пікіріңізді түсіндіріңіз.