Химиялық байланыс және зат құрылысы 1 нұсқа



Дата15.11.2023
өлшемі20,64 Kb.
#122361
Байланысты:
Химиялық байланыс тақырыбына тест жұмысы


Химиялық байланыс және зат құрылысы
1 нұсқа
1. Мына топтарда элементтің таңбалары атомдардың электртерістік мәндерінің өсу ретімен берілген:
А) C,O,N б) O,N,C в)C,N,O г)N,C,O
2. Электртерістік – берілген элемент атомдарының:
А) басқа химиялық элемент атомдарынан электрондар тартып алу
Б) электрондарын оңай беріп жіберу
В) тотықтырғыштармен әрекеттесу қасиеті
3. Коваленттік байланыс
А) электрондық бұлттар Б) валенттік электрондар в) екі жалпы электрон немесе электрон жұптары
г) электростатикалық тартылу күштері есебінен жүзегек асады.
4. Иондық химиялық байланыс коваленттік байланысқа қарағанда былайша сипатталады:
А) бағытталмаған және қанықпаған б) қаныққан және бағытталмаған
В) бағытталған және қанықпаған г) бағытталған және қаныққан
5. Өте мықты емес химиялық байланыс:
А) металдық б) иондық в) сутектік г) коваленттік
6. Иондық байланыс бар заттардың формуласын көрсетіңдер:
А) КОН б) Н2О в)K2SO4 г)KF
7. Донорлы-акцепторлы механизм бойынша түзілген коваленттік байланысы бар молекулалар немесе иондардың формулаларын көрсетіңдер:
А)CO б) H2 в) NH4+ г) H3O+
8. Су молекуласындағы химиялық байланысты сипаттаңдар:
А) сутектік б) коваленттік полюсті в) Г) 1
9. HF HCl HI молекулалары қатарында байланыстың полюстігі және беріктігі қалай өзгереді?
А) байланыстың полюстігі де, беріктігі де артады,
Б) байланыстың полюстігі артады, беріктігі азаяды,
В) байланыстың полюстігі де, беріктігі де азаяды,
Г ) байланыстың полюстігі азаяды, беріктігі артады
10. HCl молекуласы түзілгенде сутек және хлор атомдарының қаптасатын сәйкес орбитальдары
А) s және s б)s және p в)p және p г)p және d
11. Коваленттік байланыс түзілгенде валенттік орбитальдардың гибридтенуі:
А) түрі және энергиясы бірдей электрондық орбитальдардың түзілуімен
Б) барлық электрон бұлттарының теңелуімен
В) зат молекуласыныңтетраэдрлік молекуласының түзілуімен
Г) бірдей конфигурациялы электрон бұлттарының пайда болуымен сипатталады
12. Берилий хлориді молекуласында жүзеге асады
А) S–гибридтену б)sp гибридтену - в)sp2 - гибридтену г)sp3 гибридтену -
13. Судың айырықша қасиеті
А) гидроксони й иондарының б) сутектік байланыс в) диссоциацияланған молекулалардың г) су молекулаларының ерекше қасиеттері болуымен түсіндіріледі
14. Күкіртсутек молекуласында химиялық байланыс
А) иондық б) коваленттік в) сутектік г) донорлы-акцепторлы
15. Мыстың физикалық қасиеттері
А) элементтің периодтық жүйедегі орнымен б) жоғары электрөткізгіштігімен
В) металдық байланыспен г) сыртқы электрондық деңгейде екі электронның болуымен сипатталады.
16. Химиялық қосылыстардағы иондардан тұратын атомның шартты заряды
А) тотығу саны б) тотығу дәрежесі в) ион заряды г) катионды немесе анионды деп аталады
17. Химиялық байланыстың қандай түрімен зат молекулалық кристалдық тор түзуі мүмкін?
А) коваленттік полюсті б) иондық в) ковалентік полюссіз г) металдық
18. Атомдық кристалл торлы затқа тән
А) сәл қаттылық және жоғарғы балқу температурасы
б) жоғары қаттылық және төменгі балқу температурасы
в) жоғары қаттылық және жоғары балқу температурасы г) сәл қаттылық және төменгі балқу температурасы
19. Иондық кристалл торлы химиялық қосылыс
А) жоғары балқу температурасы б) жоғары химиялық белсенділігі
В) жақсы ерігіштігімен г) жоғары ұщқыштығымен ерекшеленеді


2 нұсқа
1. Мына топтарда элементтің белгілері атомдардың электртерістілік мәндерінің өсу ретімен берілген
А)Ag,Fe,H, C, Cl б)Ca, Si, Al, P,Br в)K, Cu, Zn, S, O г)Br, Se, As, Ge, Ga
2. Азот атомдары азот молекуласында бір-бірімен
А) ков. Полюссіз байланыспен б) әлсіз иондық байданыспен
В) күшті ков. Емес байланыспен г) ков. Полюсті байланыспен байланысқан.
3, Иондық байланысты заттардың формуласын көрсет
А)KOH б)H2O в) K2SO4 г) KF
4. Атомдық нөмірлері 3 және 9 элементтерінің арасында
А) коваленттік б) иондық в) металдық г) сутектік ьайланыс пайда болады
5. Молекулаларда тек коваленттік полюссіз байланыс қана болады
А)P4 б)NH3 в)N2 г) H2O
6. Молекулаларда
А) азоттың б) метанның в) фтордың г) оттектің
7. CCl4 молекуласында болатын байланыс
А)1
8. F2 O2 N2 молекулалар қатарында байланыс беріктігі
А) артады б) өзгермейді в) азаяды г) бастапқыда азаяды, одан соң артады
9. Цезий хлоридіндегі химиялық байланыс
А) күшті полюсті б) әлсіз полюсті в) металдық г) иондық
10. Мына химиялық формулалардың қосылыстарында байланыс полюстігі артады
А)NaBr, NaCl, NaF б)CaCl2, CuCl2, Na2O в)CO2, SiO2, ZnO г)FeCl2, NiCl2, MnCl2
11. Сутектік байланыс түзілуі мүмкін заттардың молекулалары
А) судың б) фторсутектің в) сутектің г) фтордың
12. Коваленттік байланыс түзуге қатысатын жалпы электрон жұптарыныің санына байланысты
А) полюсті б) биполюсті в) бір, екі, үш еселі г) дара, қос, үш есе деп бөлінеді
13. Коваленттік байланыс түзгенде валенттік орбитальдардың гибридтенуі
А)түрі және энергиясы бірдей электрондық орбитальдар түзумен
Б) барлық электрон бұлттарының теңесуімен
В) зат молекуласының тетраэдрлік түрінің түзілуімен
Г) бірдей конфигурацияды электрон бұлттарының болуымен сипатталады.
14. Химиялық металдық байланыс
А) металдық тордың болуымен б) металдық жылтырымен
В) электрөткізгіштігімен г) ортақтастырылған еркін қозғалатын электрондардың болуымен сипатталады.
15. Бір молекуланың протоны мен басқа молекуланың электртеріс элементінің әрекеттесуі мыналардың түзілуіне әкеледі
А) молекулааралық сутектік байланыстың б) донорлы-акцепторлық байланыстың в) органикалық заттарда ассоциацияланатын заттардың г) молекулалық кристалл торлы заттардың
16. Балқу температурасы төмен заттың атын атаңдар
А) су б) көміртек в) калий хлориді г) азот
17. Молекулалық кристалдық торлы зат
А) оңай балқиды б) қиын балқиды в) ұшқыш г) ұшқыш емес
18. Иондық кристалдық торлы химиялық қосылыстар ерекшеленеді
А) жоғары балқу температурасымен б) жоғары химиялық белсенділігімен в) жақсы ерігіштігімен г) жоғары ұшқыштығымен
19. Сутектің бірдей тотығу дәрежесін көрсететін қосылысының формуласын белгіле
А) CaH2 б)CH4 в)H2O г)LiH


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет