Химиялық байланыстар түзілуі нәтижесінде атомдар инертті газдардағыдай электрондық конфигурацияны қабылдай алады, онда (гелийден басқасында) сыртқы қабатта сегіз (октет) электроннан бар. Мұндай тұрақты электрондық қабат жасауға ұмтылысты октет ережесі дейді.
Коваленттік байланыс теориясын түсіндіру үшін американдық ғалым Дж.Льюистің жұмыстары негізгі тірек болды. Атомдардан молекула түзілуінің ең басты шарты – молекула түзілгенде энергияның бөлінуі қажет, яғни атомдардың энергия қорынан молекуланың энергия қоры аз болуы керек.
Ковалентті байланыс түрлері
Ковалентті полюссіз байланысты симметриялы электрондық бұлт түзетін жалпы электрондық жұп іске асырады. Байланыстың бұл түрі электртерістілігі бірдей атомдардың арасында туындайды: H2, О2, N2, F2, Cl2, Br2, J2, C, P, As, PH3, CS2. Мысалы; хлор молекуласы түзілген кездегі электрондық жұп хлор атомдарының екеуіне бірдей қатысты.
Ковалентті полюсті байланыс - әртүрлі екі атом арасында түзіледі, осындағы электрондық бұлт электртерістілеу атомға қарай ығысқан: HCl, H2О, H2S, CО2 және т.б. Мысалы; хлор мен сутек молекулаларының арасындағы реакция сатыларының біреуінде олардың атомдары әрекеттесіп, ковалентті байланыс түзеді:
Молекулалық орбитальдар әдісі
Молекулалардың кеңістіктегі құрылысын түсіндіру үшін химияға Л.Полинг енгізген атомдық орбитальдардың будандасуы туралы түсінікті пайдаланады. Будандасу (гибридтену) теориясы бойынша химиялық байланыс түзердің алдында атомның әр түрлі орбитальдарының формалары мен энергиялары өзгеріп, саны бастапқы орбитальдардың санына тең формалары және энергиялары бірдей, кеңістікте симметриялы түрде орналасқан жаңа гибридті орбитальдар пайда болады.
ВБ әдіс заттың магниттік қасиетін, жұптаспаған электрондары бар молекулалардың санын және де бірқатар басқа құбылыстарды түсіндіре алмайды.