Молекулалық орбитальдар екі – немесе көпцентрлік болады Байланыстырушы және қопсытушы орбитальдар. Егер А және В атомдарының АО ψА және ψВ арқылы, ал МО ψАВ арқылы белгіленсе, онда АОСҚ (ЛКАО) сәйк
1916 жылы В.Коссель енгізген иондық байланыс жайлы түсінік бойынша элементтердің реакцияласу қабілеттілігі, олардың атомдарының асыл газдардың электрондық конфигурациясын алуға ұмтылуына әкеледі. Мұндай конфигурацияның түзілуі электрондардың бір атомдардан басқа атомдарға толық ауысу салдарынан болады. Мұндайда түзілген әртүрлі таңбамен зарядталған иондар электростатикалық тартылу күштерімен ұсталады.
Иондардың электростатикалық тартылу күштері арқылы жүзеге асатын химиялық байланыс иондық байланыс деп аталады.
Na0 – e → Na+
Cl0 + e → Cl–
Na + + Cl - → NaCl
Осындай жолмен түзілетін қосылыстарды иондық деп атайды. Иондық байланыс тек өзінің электртерістілігі бойынша едәуір өзгеше болатын атомдардың арасында ғана түзіледі. Бұл қосылыстардың балқу және қайнау температуралары жоғары, суда ерігенде немесе балқығанда күшті электролиттің қасиеттерін көрсетеді.
Металдық байланыс
Атомдардың электрондық қауыздарының құрылысы бойынша металдарға барлық s-элементтер (сутек және гелийден басқасы), барлық d- және ƒ-элементтер және бірқатар р-элементтер (алюминий, қалайы және т.б.) жатады. Қатты немесе сұйық күйдегі металдар жылу және электр өткізгіш, иілгіш және соғылғыш, балқу және қайнау температуралары жоғары болады.. Металдардың бұл қасиеттерін олардағы ерекше химиялық байланыстың болуымен түсіндіруге болады және ол байланысты металдық байланыс деп атайды.