Бұл деректер ғалымдарды ізденіске жетеледі. 1928 – 1930 жылдары ғалымдар Роберт Малликен және Фридрих Гунд молекулалық орбитальдар (МО) әдісін ойлап тапты
Бұл деректер ғалымдарды ізденіске жетеледі. 1928 – 1930 жылдары ғалымдар Роберт Малликен және Фридрих Гунд молекулалық орбитальдар (МО) әдісін ойлап тапты.
1928 жылы неміс ғалымдары В.Гейтлер және Ф.Лондон валенттік байланыстар (ВБ) әдісін ұсынып, онымен сутек молекуласына кванттық – механикалық есептеулерін жүргізді. Кейінірек бұл әдіс Слейтер, Ван Флек, Л.Полинг еңбектерінде жетіле түсті.
Электрондық бұлттардың қайта жабылу сипаты бойынша мына байланыстарды ажыратады:
- σ (сигма) – байланыс, ол әрекеттесуші атомдардың центрін қосатын, ось бойымен электрондық бұлттардың қайта жабылуы кезінде түзіледі. Сигма – байланысы келесі орбитальдардың қайта жабылуы кезінде пайда болады: s-s; s-р; р-р; d-d; d-s; d-р; ƒ-ƒ және т.б. Бұл байланыс, әдетте, екі атомды қамтиды да олардың шегінен шықпайды, сондықтан екі центрлік локализденген байланыс болады. Сигма – байланыс жалқы және ол бір сызықшамен белгіленеді;