Бірінші ретті реакцияның жылдамдық константасын анықтау үшін уақыттың екі мәніндегі концентрациялардың қатынасын білу қажет. Бұл теңдеулердегі с концентрацияны оған пропорционал шамалармен алмастыруға болады.
Химиялық реакцияларды сипаттау үшін жылдамдық константасы k- мен қатар, жартылай ыдырау периоды да қолданылады.
Химиялық реакцияларды сипаттау үшін жылдамдық константасы k- мен қатар, жартылай ыдырау периоды да қолданылады.
Жартылай ыдырау периоды деп алғашқы заттың жартысының реакцияға түсіп кеткен уақытын (τ) айтады.
Ендеше жартылай ыдырау периодына сәйкес концентрация екенін ескеріп, (6)–теңдеуден бірінші ретті реакция үшін жартылай ыдырау периодының өрнегін алуға болады:
Осыдан немесе
Осыдан немесе
мәнін қойсақ:
Бұл теңдеуден жартылай ыдырау периоды бірінші ретті реакция үшін алғашқы заттың мөлшеріне тәуелсіз, тек жылдамдық константасына кері пропорционалды болатынын көруге болады.
Радиоактивтілік ыдырау процестері өте үлкен дәлдікпен 1-ретті реакциялардың теңдеулеріне бағынады, яғни радиоактивтілік ыдырау белгілі жылдамдықпен жүреді және ыдыраған заттың мөлшері бойынша процестің жүрген уақытын анықтауға болады.
Егер реакция жылдамдығы әрекеттесетін екі заттың әрқайсысының концентрациясына немесе реагенттердің біреуінің концентрациясының квадратына пропорционал болса, онда реакция – екінші ретті. Мысалы, егер реакцияның стехиометриялық теңдеуі А+В=С