«Химиялық технология» пәні бойынша дәрістер №1. Дәріс. Жалпы химиялық технологияның теориялық негіздері Мақсаты



Pdf көрінісі
бет44/55
Дата06.10.2023
өлшемі1,33 Mb.
#112927
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55
Мұнай өнімдерін тазарту 
Мұнай өнімдерінің құрамында оңай шайырланатын қанықпаған қөмірсутектері және оттек, азот 
және күкірт элементтері бар қосылыстар өндірілген өнімнің сапасын төмендетеді, осылардан 
тазартудың әдістері: қышқыл және негіздермен тазарту, соңында сумен шайқау, гидротазарту, 
адсорбциялау және абсорбциялау тазарту әдістері. 
Қышқылдармен тазарту – мұнай өнімдірінің құрамындағы қанықпаған көмірсутектерінен және 
азотты қосылыстардан тазарту үшін аз мөлшерде күкіртті қышқылмен өңдейді. Содан кейін нафтен 
қышқылы және күкірт қышқылының қалдығынан тазарту үшін сілтімен өңдейді. Ең соңында сумен 
жуылады. Қышқылмен өңдеген кезде қалған қалдық – қышқылды гудрон деп аталады, сілтімен 
өңдеген кездегі қалдық – сабындынафтен (нафтен қышқылының натр тұзы) деп аталады. 
Гидротазарту - катализдік тазарту әдісі. Алюминий-кобальтмолибден катализаторының 
қатысуымен 380-420
0
С температурада 3,5-4 МПа қысымда сутекпен гидрлеуге негізделген. Мұндай 
жағдайда қанықпаған көмірсутектері қанығады, өнімнің тұрақтылығы артады, күкірт, азот және 
оттектер күкіртті сутек, аммиак 
және су түзеді: 


RSH 

H


RH 

H

S
;
 RNH 





RH 

NH 
3
ROH 




RH 


2

Мұнай өнімдерін адсорбциялау және абсорбциялау әдістерімен тазартудың мәні – мұнай 
өнімдерінің құрамындағы зиянды қоспалдарды адсорбенттерге (силикагель, ағартқыш саз т.б.) 
талғамды адсорбциялау болып табылады. 
Мұнай өнімдерінің тұрақтылығын арттыру, яғни сапасын көтеру үшін, оларға аз мөлшерде ингибитор 
қосады. Ингибитор ретінде фенолдар, ароматты аминдер, аминфенолдар және т.б. қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет