синтездегенде және т.б.
күрделі процестер нәтижесінде бөлінеді. Негізінде атом энергиясы электр станцияларында электр
энергиясын өндіруге қолданады.
Химиялық энергия - әр түрлі экзотермиялық реакциялар жүргенде жылу түрінде бөлінеді.
Химиялық энергиядан су буын алуға немесе оны электр энергияға айналдыруға болады.
Химиялық энергия гальвани элементтерінде және аккумуляторларда тікелей электр энергияға
айналады. Химиялық энергияның болашақтағы маңызы ерекше, яғни пайдалы әсер коэффициенті
жоғары (65-70%).
Жарық энергиясы - өте көп мөлшерде химиялық өндірістерінде әртүрлі фотохимиялық
реакцияларды жүргізгенде қолданылады.
Хлорлы сутекті синтездеуге, органикалық қосылыстарды галогендеуге және т.б. процестерге
қолданады. Мысалы, қараңғыда этилбензол броммен әрекеттеспейді, күн сәулесінде өте жылдам
С
6
Н
5
С
2
Н
4
Вr түзіледі. Жарықта немесе сынап лампасының жарығында толуол хлормен
реакцияласып, хлорлы бензил түзеді (С
6
Н
5
СН
2
СІ), қараңғыда хлортолуол (С
6
Н
4
СІСН
3
) түзіледі,
фотоэлементтерде сәуле энергиясы электр энергиясына айналады. Қазіргі уақытта
фотоэлементтердің қолдануы кең өріс алды: автоматтық бақылау, сигнал беру және технологиялық
процестерді реттеу және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: