«Химиялық технология» пәні бойынша дәрістер №1. Дәріс. Жалпы химиялық технологияның теориялық негіздері Мақсаты



Pdf көрінісі
бет9/55
Дата06.10.2023
өлшемі1,33 Mb.
#112927
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55
Өндіріс әдістермен суды тазарту 
Табиғи суда еріген заттардан басқа, ерімеген заттар – құмның, сазбалшықтың өсімдіктің, 
жәндіктердің қалдықтары және әртүрлі микроорганизмдерде болады. Микроорганизмдер арасында 
адамға, малға ауру жұқтыратындары болуы мүмкін. 
Суды тазарту (өндіріске дайындау) әдістері: мөлдірлету, коллоидты ерітінділерден бөлу, 
зиянсыздандыру, жұмсарту, тұзсыздандыру және газсыздандыру. 
Мөлдірлету – су құрамындағы механикалық қоспалардан суды тазарту үшін көлемі кең 
тұндырғыштарда түндырып, қалған заттардан бөлу үшін беткі қабатына активтелінген көмір 
түйіршіктерінен тұратын құм сүзгіштен өткізіледі. Коллоидты күйдегі қоспалардан тазарту үшін 
механикалық қоспалардан тазартылған суға коагулянттар қосып, коагуляция процесін жүрізеді. 
Коагулянттар ретінде темір немесе алюминий сульфаттары қолданылады. Олар суда 
гидролизденіп, оң зарядты коллоид бөлшектерін түзіп, судағы теріс зарядты коллоид 
бөлшектерінің зарядтарын нейтралдап, коагуляция процесін туғызады. Яғни, зарядсыздалған 
судағы коллоидты күйдегі бөлшектер іріктелініп тұнады. Олардың тұну процестерінің 
жылдамдығына коагулянт тұздарының гидролизденуінен пайда болған қосымша аморфты 
гидроксидтер коагуляцияланған бөлшектерді адсорбциялап, резервуар түбіне жиналуына үлкен 
әсер етеді. Коагулянттар тек қана коллоидты бөлшектерді тұндырып қана қоймай, сонымен қатар, 
су құрамындағы бикарбонаттарды суда нашар еритін тұздарға айналдырып тұнбаға түсіреді. 
Сөйтіп, су жұмсарады. Мысалы, 
AI2 

SO4 

3

6H2O 

3H2SO4

2AI

OH 

3

AI2 

SO4 

3

3Ca 

HCO 3 

2

3CaSO 4


6CO 2

2AI

OH 

3

Суды зиянсыздандыру. Суды микроорганизмдерден және бактериялардан тазарту әдістері: 
хлорлау, озондау немесе қайнату. 
Ауыз суларына хлор жіберіп, зиянсыздандырады. 1 т суға 0,7 г хлор ғана жеткілікті болады. 
Кальций гипохлоритін суға қосқанда жүретін химиялық процестің механизмі: 
Са 

ОСІ 

2

СО2

Н2О 

СаСО 3

2НСІО 
НСІО 

НСІ 

О 

Атом қалпындағы оттек өте күшті тотықтырғыш боғандықтан, судағы микроорганизмдер 
қырылады да, органикалық қосылыстар тотығады. Суды тағы да басқа әдістермен күміс 
иондарымен және ультракүлгін сәулесімен, ультрақысқа толқынмен зиянсыздандыруға болады. 
Суды жұмсарту. Су құрамындағы ерітінді түріндегі кальций және магний тұздарынан жарым-
жартылай немесе толық тазарту. Суды жұмсарту әдістері: физикалық, химиялық және физика-
химиялық болып үшке жіктеледі. 
Физикалық әдісі- суды термиялық әдіспен өңдеуге негізделген, яғни қайнату, дистилляциялау 
және мұздату. 
Суды қайнатқанда бикарбонаттар ыдырап, карбонатқа ауысып, тұнбаға түседі: 


Химиялық әдістер – суды химиялық қосылыстардың ерітінділерімен өңдеуге негізделген. 
Өндірісте көбінесе ізбесті сода және фосфат әдістерін қолданады. Ізбесті сода әдістері 
бойынша суды алғашында ізбес суымен, содан соң сода ерітіндісімен өңдейді. Химиялық 
процестердің нәтижесіде кальций тұздары ерімейтін кальций карбонаттарына, магний тұздары 
магний гидроксидіне және карбонатына айналады. 
Ізбесті сода әдісі көп қолданылатын және ең арзан әдіс, бірақ суды жұмсарту дәрежесі төмен 
(0,3 
мг-экв/л шамасында). 
Фосфат әдісі – кермек суды натрий фосфатымен өңдеуге негізделген. 
3Ca 

HCO 3 

2

2Na 3PO4

6NaHCO 3

Ca 3 

PO4 

2

3CaCI 2

2Na 3PO4

6NaCI 

Ca 3 

PO4 

2

Кальций және магний фосфаттарының ерігіштігі өте төмен болғандықтан, олардың су 
құрамындағы қалдығы өте аз ( 0,03 мг экв/л). Бұл әдіс қымбаттау, сондықтан жинақталған үлгі 
бойынша қолданады. Негізгі тұзды ізбесті сода әдісімен тұндырып, соңында әрі қарай фосфат 
әдісімен жұмсартады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет