«Химиялық технология» пәні бойынша дәрістер №1. Дәріс. Жалпы химиялық технологияның теориялық негіздері Мақсаты



Pdf көрінісі
бет5/55
Дата06.10.2023
өлшемі1,33 Mb.
#112927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1.
«Технологиялық процесс» және «Өндірістің технологиялық схемасы» ұғымына анықтама беру. 
Технологиялық процестер мен схемалардың типтері. 
2. 
Шикізатты байытудың негізгі әдістері. 
3. 
Химиялық технологияның маңызды ғылыми принциптерін атаңыз. 
4. 
Қарама-қарсы принципінің негізін ашу және технологиялық процестің үздіксіз принципі. 
5. 
Химиялық және басқа да өнеркәсіп салаларының қалдықтарын және шикізатты комплексті 
қолдануға мысалдар келтіру.
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1. 
Қайырбеков Ж.Қ, Әубәкіров Е.А. Ж.К. Мылтықбаева. Жалпы химиялық технология. – Алматы. 
2009. 
3-
5 бет, 20-25 бет 
2. 
Тойбаев Ы.Қ., Жұбанов Қ.А., Садықов Ү.Ә. Химиялық технология негіздері. – Алматы. 2011.7-15 
бет,
14-
18 бет 
3. 
Тойбаев Ы.Қ., Жұбанов Қ.А., Садықов Ү.Ә. Химиялық технология негіздері. – Алматы. 2008. 8-14 
бет, 16-18 бет. 


№2. Дәріс. Шикізат, энергия, су.
Мақсаты: 
1. 
Шикізаттардың классификациясы, оларды қазып алу әдістері және байыту тәсілдері,қоршаған 
ортаны қоғау, өндіріс орындарының аз қалдықты және қалдықсыз технологиямен жұмыс 
жасауы, шикізаттарды толық комлексті түрде пайдалану жолдарын іздестіру. 
2. 
Энергия. Энергияның негізгі түрлері,химиялық өндірістегі судың маңызы, суға қойылатын 
талаптар, суды ішуге және өндіріске даярлау әдістері,өндірістегі суларды тиімді пайдалану 
жолдарын білу 
 
Қысқаша мазмұны: 
Шикізат, аралық өнім (жартылай өнім), дайын өнім, өндіріс қалдығы, шикізатты комплексті 
пайдалану туралы түсінік. Шикізат түрлері және классификациясы: өсімдік тектес, жануар тектес, 
минералды, қатты, сұйық, газ тәрізді, табиғи және жасанды шикізаттар қоры. Шикізатты өңдеуге 
даярлау. Қатты минералдарды байыту; ұсақтау (ұнтақтау), сұрыптау әдістері және қатты 
шикізаттарды байыту. Флотация. Флотациялық машиналар. Сұйық шикізаттарды концентрлеу. 
өндіріс қалдығын регенерациялау. Шикізаты комплексті пайдалану негізінде өндірісті үйлестіру. 
Тамақ және өсімдік тектес шикізаттарды минералды шикізаттармен алмастыру. Қалдықсыз 
технология. Химия өндірістерінде қолданылатын энергиялардың көздері мен түрлері. Жылу 
реакциялары мен энергияны пайдаланудың дәйекті жолдары мен үнемдеу. 
Су және химиялық өндірісте қолданылатын сулар. Табиғи судың сипаттамасы және оның 
құрамындағы қосылыстар. Судың уақтынша, тұрақты кермектілігі, оның құрамындағы тұздар, 
тотығуы. Ауыз су мен өндіріс суларының сапасына қойылатын талаптар. Құбыр станцияларында 
ауыз суды тазалау. 
Химиялық өндірісте пайдаланатын суды даярлау: тұндыру, сүзу, коагуляциялау, химиялық 
және физика–химиялық әдістермен суды жұмсарту, тұзсыздандыру, деаэрациялау. Ионитті сүзгінің 
қондырғысы. Өндірістегі судың шығынын азайту қажеттілігі. Айналым суы, оны суыту. Ағынды суды
қайта пайдалану үшін тазалау. Химиялық реакция прцестерінде суды пайдалану, тұйық жүйелер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет