«Химиялық технология» пәні бойынша дәрістер №1. Дәріс. Жалпы химиялық технологияның теориялық негіздері Мақсаты


Газдарды катализдік әдістермен тазарту



Pdf көрінісі
бет14/55
Дата06.10.2023
өлшемі1,33 Mb.
#112927
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   55
Газдарды катализдік әдістермен тазарту 
Катализатордың қатысуымен қоспа құрамындағы компоненттерді немесе қоспаға 
катализатормен бірге қосылған затпен реакцияласуына негізделген. Бұл әдісте гетерогенді 
катализдік процестердің заңдары толық орындалады. Бұл әдістің ерекшелігі газ құрамын тазарту 
дәрежесі өте жоғары, негізгі кемшілігі жаңадан түзілген затты газ қоспасынан бөліп алу қажет, олар 
зиянсыз заттар болуы керек. 
 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1. Химия өндірісінің шикізаттарын қалай жіктеуге болады? 
2. Екіншілік материалді қорлар дегеніміз не? 
3. Шикізатты қолдану жағынан химиялық өндірістің ерекшеліктері? 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1. 
Қайырбеков Ж.Қ, Әубәкіров Е.А. Ж.К. Мылтықбаева. Жалпы химиялық технология. – Алматы. 
2009.60-94 
бет 
2. 
Тойбаев Ы.Қ., Жұбанов Қ.А., Садықов Ү.Ә. Химиялық технология негіздері. – Алматы. 2011.29-38 
бет 
3. 
Тойбаев Ы.Қ., Жұбанов Қ.А., Садықов Ү.Ә. Химиялық технология негіздері. – Алматы. 2008. 29-41 
бет.


№3. Дәріс. Химиялық технологияның негізі 
Мақсаты: 
1. 
Химиялық технологияның негізгі заңдылықтарын біледі 
2. 
Гомогенді және гетерогенді процестерге әсер ететін факторларын айта алады 
3. 
Катализ және оның түрлері, өндірістегі маңызын біледі 
4. 
Каталитикалық процестер. Қатты катализатордың қасиеттерін айта алады 
 
Қысқаша мазмұны: 
Химиялық – технология процестер туралы түсінік. Химиялық – технологиялық процестердің, 
реагенттердің фазалық күйлері және реакция өнімдері, химиялық реакцияның сипаты, өңдеу 
әдістері және технологиялық ережелердің параметрлері және басқа да белгілері бойынша жіктелуі. 
Химиялық – технология процестерінің тепе–теңдігі және оның ығысу мүмкіндіктері. Ле – 
Шателье принципін қолдану және технологиялық ережелердегі параметрлерді анықтаудың 
фазалық ережелері. 
Процестердің жылдамдығы. Реакция жылдамдығына температураның әсері. Өнімнің
теориялық және практикалық шығымы. Химиялық технологияның процестердегі 
жылдамдығына әсер ететін заттар концентрацияларының әсері және гомогенді, гетерогенді 
процестердің мақсатты өнімдерінің шығымы. Технологиялық үлгілердің ашық тізбекті, 
айналмалы, жартылай айналымсыз түрлері. 
Процестерді анализдеу және технологиялық үлгілерді таңдау. Өндіріс процестерін 
қалдықсыз жүйеге көшіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет