Химиялық әдістер – суды химиялық қосылыстардың ерітінділерімен өңдеуге негізделген.
Өндірісте көбінесе ізбесті сода және фосфат әдістерін қолданады. Ізбесті сода әдістері
бойынша суды алғашында ізбес суымен, содан соң сода ерітіндісімен өңдейді. Химиялық
процестердің нәтижесіде кальций тұздары ерімейтін кальций карбонаттарына, магний тұздары
магний гидроксидіне және карбонатына айналады.
Ізбесті сода әдісі көп қолданылатын және ең арзан әдіс, бірақ суды жұмсарту дәрежесі
төмен
(0,3
мг-экв/л шамасында).
Фосфат әдісі – кермек суды натрий фосфатымен өңдеуге негізделген.
3Ca
HCO 3
2
2Na 3PO4
6NaHCO 3
Ca 3
PO4
2
3CaCI 2
2Na 3PO4
6NaCI
Ca 3
PO4
2
Кальций және магний фосфаттарының ерігіштігі өте төмен болғандықтан, олардың су
құрамындағы қалдығы өте аз ( 0,03 мг экв/л). Бұл әдіс қымбаттау, сондықтан жинақталған үлгі
бойынша қолданады. Негізгі тұзды ізбесті сода әдісімен тұндырып, соңында әрі қарай фосфат
әдісімен жұмсартады.
Достарыңызбен бөлісу: