Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар


Шикізатты өңдеудің каталитикалық процестері. Каталитикалық крекинг және риформинг



бет17/46
Дата03.12.2023
өлшемі226,76 Kb.
#133712
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
Байланысты:
Ағынды сулар

11.Шикізатты өңдеудің каталитикалық процестері. Каталитикалық крекинг және риформинг
Шикізат- өнеркәсіптік өнімдер өндірісінде қолданылатын табиғи материалдар.
Катализаторлар – реакцияға қатысушылармен көптеп аралық əрекеттесуге түсіп, оның механизмін өзгерте отырып, реакция жылдамдығын арттырады. Олар аралық əрекеттесулердің əрбір циклінен кейін өздерінің химиялық құрамын қайта қалпына келтіреді.
Каталитикалық процестер
Қазіргі уақытта химия өнеркәсібінде және онымен байланысты салаларда, жаңадан енгізілген технологиялардың 90% -дан астамы каталитикалық процестер болып табылады. Катализ негізінде он
мыңдаған өнеркәсіп өнімдері (бейорганикалық қышқылдар, аммиак, полимерлер синтезі үшін мономерлер, түрлі органикалық қышқылдар, спирттер, альдегидтер және т.б.) өндіріледі. полимерлер дайындау үшін мұнайхимиялық синтез жаңа процестерінің негізі болып табылады.
Каталитикалық үдерістер гомогенді жəне гетерогенді болып екі үлкен топқа бөлінеді. Өнеркəсіпте гетерогенді-каталитикалық үдерістер кеңінен қолданылады. Өз кезегінде, газтəрізді немесе сұйық реакциялық ортада жүретін көптеген гетерогенді-каталитикалық үдерістерде фазалардың бөліну шекарасын қатты катализатордың беті атқарады. Мұндай үдерістердің басты ерекшелігі реакция өнімдерінің жəне қайта қолдануға қажетті катализатор бөлшектерінің қарапайым жеңіл бөлінуі болып табылады.
Каталитикалық үдерістер əртүрлі конструкциялы жанасу аппараттарында жүзеге асырылады. Бұл үдерістерде катализатор өте жылдам белсенділігін жоғалтады, сондықтан жанасу түйіндеріне жанасу аппараттары мен регенераторларды қосады. Жанасу аппараттары мен регенераторлар катализатордың сүзілуші, қайнаушы қабатымен жəне қозғалмалы катализатормен пайдаланылады. Сонымен бірге қондырғыда аталғаннегізгі аппараттарменқатаржылуалмастырғыштар, конденсаторлар жəне басқа аппаратуралар қарастырылған.
Крекинг (ағыл. crackіng – бөлшектену, ыдырау) – жанармай алу үшін мұнайды немесе оның жеке фракцияларын өңдеу.
Каталитикалық крекинг. Каталитикалық крекинг үдерісінің мақсаты – температура мен қысымды төмендетіп, бензиннің шығымын жəне сапасын арттыру.
Каталитикалық крекинг алюмосиликатты катализатор қатысында бу фазасында 400-500 С-та, атмосфералық қысымда жүреді. Шикізат ретінде қайнау температурасы 500°С-тан жоғары вакуумдық газойль қолданылады.
Каталитиклық крекинг өнімдері. Крекинг өнімдері: газ, бензин, керосинді-газойлды фракция, крекинг – қалдық, кокс.
Каталитикалық риформинг (хошиістендіру) үлкен көлемді күшейтілген қысымның үлкен көлемді сутектің қатысуымен 5000С температура кезінде атқарылады; бұл жағдай сутектің бөлінуі арқылы және катализаторда қорытқы көмірдің жинақталуы арқылы өтетін хош иісті көмірсутектердің жинақталуындағы кері айналымды реакциялардың өтуін қиындатады.
Катализатордың қызметін алюминийдің оксидіне жалатылған платина атқарады; ол бірнеше айлар бойы өзінің активтігін сақтайды, кейін регенерация жолымен қайта алынады. Катализатордың құрамында сондай-ақ хлор бар, ал өнімге активтігін сақтау үшін аз мөлшерде дихлорэтан СlCH2 CH2Cl енгізіледі.
бейметалл катализатордағы каталитикалық риформинг (платформинг) – мұнай өңдеу саласындағы ең маңызды үрдістердің бірі. Бұл үрдістің автокөлік және әуе құралдарына арналған жоғары октанды бензин өндіруде алатын маңызы ерекше.
Құрамында платина бар катализатор қатысындағы үдеріс – платформинг. Үдерістің катализаторы γ-АI2 O3 қондырылған платина (0,3- 0,6%). Катализатордың қышқылдық активтілігін арттыру мақсатында HCI немесе HF (CI немесе F -0,5-1,0%) активтейді. Тасымалдағыш ретінде аморфты алюмосиликаттар жəне цеолиттерде қолданылады.
Крекинг өнімдері. Крекинг өнімдері: газ, бензин, керосинді-газойлды фракция, крекинг – қалдық, кокс. Газ шығымы 4-7%, бензин 40-45%, шикізатпен үдерісті жүргізу температурасына байланысты катализатор бетінде түзілетін кокс мөлшері – 1-5%.
каталитикалық крекинг кезінде көмірсутектердің химиялық өзгеріске тұрақтылығы келесі қатарда болады:
Каталитикалық крекинг: олефиндер < алкиларендер < нафтендер < парафиндер < голоядролы ароматты көмірсутектер.
Каталитикалық риформинг. Каталитикалық риформинг – мұнайды тікелей айдау əдісімен өңдеген бензин жəне лигроин өнімдерін қайта өңдеу үдерісі.
Каталитикалық риформинг бензинінен бензол, толуол, этилбензол, ксилолдың барлық изомерлерін, нафталин жəне органикалық синтезде қолданылатын басқада өнімдерді бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет