Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар


Гомогенді химиялық процестер. Гомофазалы химиялық процесстің жылдамдығы



бет20/46
Дата03.12.2023
өлшемі226,76 Kb.
#133712
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46
Байланысты:
Ағынды сулар

13.Гомогенді химиялық процестер. Гомофазалы химиялық процесстің жылдамдығы.
Әрекеттесуші заттардың (реагент) агрегаттық (фазалық) күйіне байланысты химия-технологиялық үрдістер гомогенді және гетерогенді болып бөлінеді. Бұл жерде каталитикалық емес, яғни катализаторларсыз өтетін үрдістер қарастырылады.

Фаза – химиялық, физикалық қасиеттері және құрамдары бірдей болатын гомогенді жүйелердің жиынтығы.


Газ фазасындағы гомогенді реакцияның кинетикасы жақсы зерттелген. Гомогенді реакция жылдамдығы әрекеттесуші заттардың табиғатына, қойыртпалылығына, температураға, қысымға, катализатор қатысына тәуелді.
Гомогенді деп бір текті ортада, яғни жүйенің бөлімдерін бірін бірінен бөлетін жанасу беттері жоқ сұйық немесе газ қоспаларында өтетін химиялық үрдістерді атайды.
Гомогенді реакцияның жылдамдығы – жүйенің көлем бірлігінде және кесімді уақытта реакцияға түскен немесе реакция нәтижесінде түзілген заттардың мөлшерімен өлшенеді.
Бастапқы реагенттер мен реакция өнімдері бір немесе бірнеше фазалардан түзілуіне байланысты химиялық реакциялар гомофазалы жəне

гетерофазалы болып бөлінеді.


Гомофазалы реакциялар – бастапқы реагенттер, тұрақты аралық заттар жəне реакция өнімдері бір фазада болады.
Гетерофазалы реакцялар – бастапқы реагенттер, тұрақты аралық
заттар жəне реакция өнімдері əртүрлі фазада болады.
Газды және сұйық фазалардағы гомогендік үрдістердің жылдамдығына әрекеттесуші заттардың табиғаты, концентрациясы, қысым, температура және араластыру әсер етеді. Гомогенді үрдістің жалпы жылдамдығы химиялық түрленудің кинетикасымен анықталады.
Гетерогенді үрдістердің кезеңдерінің бірі ретінде газды немесе сұйық фазадағы гомогенді химиялық үрдісті қосады. Гомогенді орталарда, әсіресе сұйық фазада, гетерогенді үрдіске қарағанда химиялық реакциялар тезірек жүреді, гомогенді үрдістерді аппаратуралық безендіру қарапайымдырақ және оларды басқару да жеңілірек. Сондықтан өнеркәсіпте химиялық үрдісті бір текті ортада жүргізу үшін жүйені гомогендеу әдісі, кең қолданылады, бәрінен жиі сұйықпен газды сіңіру немесе буларды конденсациялау, сұйық реакциялық орта алу үшін қатты заттарды еріту немесе балқыту қолданылады.
«Гомогенді» жəне «гетерогенді» реакциялар ұғымы «гомофазалы»

жəне «гетерофазалы» үдерістер ұғымымен сəйкес келмейді. Реакцияның


гомогендігі жəне гетерогендігі белгілі бір дəрежеде, реакцияның қандай да
бір фаза көлемінде немесе фазалардың бөліну бетінде жүру механизмін
көрсетеді. Ал үдерістің гомо- жəне гетерофазалылығы реакцияға қатысатын
бөлшектердің фазалық құрамы туралы түсінік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет