Шикізатты өңдеуге дайындаудың негізгі әдісі - оны байыту.Шикізатты байыту-концентраттағы негізгі компоненттің мөлшерін арттыру.Шикізатты байыту оның фазалық күйіне байланысты болады.
Шикізатты байытудың түрлері:
1.Гравитициялық байыту – ауа немесе сұйық ортада ұсатылған заттардың бөлшектерінің төмен түсу жылдамдығының бөлшек тығыздығына немесе бөлшек мөлшеріне тәуелді.Бұл әдіспен қаттылығы және тығыздығы әртүрлі минеарлыдарды бөледі.
2.Электромагниттік байыту – ұсынылған заттардың магнитке арттыру қасиетіне негізделген.Ұсатылған шикізат магнит сепеаторынан өткенде магнике тартылатын және тартылмайтын екі фракцияға бөлінеді.Бұл әдіс темір және тас кендерін байыту үшін қолданады.
3.Электростатикалық байыту – ұсақталған шикізат құрамындағы әртүрлі бөлшектердің электр өткізгіштігіне негізделген.Электростатикалық сеператорлардың көмегімен электро тоғын өткізетіндерден өткізбейтіннен бөліп алады.Бұл әдіс мыс,кұм,силикат өндірісінде қолданады.
4.Флотация –физико-химиялық байыту әдістері,әрі көп қолданылатын әдіс.Ағылшынша қалғып шыңу деген мағына береді.Бұл әдістің негізі-кендер мен бос жыныстың бөлшектеріне судың жұғу және жұқпау қасиетіне негізделген.
5.Термиялық байыту – ұсатылған шикізат құрамындағы компоненттердің балқу температураларының айырмашылығына негізделген.
6.Химиялық байтыту – шикізат құрамындағы компоненттерінің химиялық реагенттерімен әрекеттесулерінің айырмашылығына негізделген.
8. Шикізатты жіктеу және оларға қойылатын талаптар. Шикізат ресурстарын толық пайдалану тұжырымдамасы. Шикізат – өнеркәсіптік өнімдер өндірісінде қолданылатын табиғи материалдар. Жартылай өнімдер – сол мекемеде шикізатты өнеркәсіптік өңдегенде алынған материалдар және қандайда бір өнім алу үшін бастапқы материалдар ретінде пайдалану.
Химиялық өнеркәсіп шикізаты әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі :
-шығу тегіне байланысты : минералдық, өсімдік, жануартекті; -қоры бойынша :сарқылайтын, сарқылмайтын;