Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар


Шикізат базасы және химия өндірісінің бастапқы заттары



бет10/45
Дата27.01.2023
өлшемі0,96 Mb.
#63292
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Байланысты:
ОХТ сессия

7. Шикізат базасы және химия өндірісінің бастапқы заттары
Химиялық өндіріс өте көп мөлшерде шикізатты өңдейді және сондай көлемде су, отын, энергия жұмсайды. Дүние жүзінде Қазақстан минералды-шикізат қоры бойынша алдынғы қатарлы орынды алады.Сонымен қатар химиялық өндірісте шикізатты пайдаланудың ерекшеліктері бар.Олар :
1.Шикізат базасының көп варианттылығы,ауылшаруашылық өнімдері,ауа және су,металлургия мен мұнай өңдеу өнімдері.
2.Әртүрлі химиялық өнімдер алу үшін шикізаттың бір түрін комплексті пайдалану мүмкіндігі
3.Бір шикізаттан әртүрлі өнім алу мүмкіндігі.
Химиялық өнеркәсіп өнімдері :
Бастапқы зат (шикізат)  Аралық өнім (жартылай өнімдер)  Дайын өнімдер
Шикізат – өнеркәсіптік өнімдер өндірісінде қолданылатын табиғи материалдар. Жартылай өнімдер – сол мекемеде шикізатты өнеркәсіптік өңдегенде алынған материалдар және қандайда бір өнім алу үшін бастапқы материалдар ретінде пайдалану.Химиялық өнеркәсіп шикізаты әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі :
-шығу тегіне байланысты : минералдық, өсімдік, жануартекті;
-қоры бойынша :сарқылайтын, сарқылмайтын;
-химиялық құрамы бойынша :органикалық және бейорганикалық;
-агрегаттық күйі бойынша :қатты, сұйық, газ;
Сонымен қатар:
-біріншілік шикізат:су, ауа, жанғыш пайдалы қазбалар.
-екіншілік: өнеркәсіптік және тұтынылатын қылдықтар.
-табиғи және жасанды: кокс, каучук, бояулар, шайырлар.
Минералды шикізат –жер қыртысында өндірілетін пайдалы қызбалар.
Жанғыш минералы шикізат –көмір, мүнай, газ.
Өсімдік және жануар текті шикізат қолданылуына байланысты тағамдық және техникалық болып бөлінеді.
Тағамдық шикізат –ауыл,орман,балық шаруашылығның өнімдері.
Техникалық шикізат –тамақ өнеркәсібіне жарамсыз,бірақ тұрмыста пайдаланатын шикізат.
Екінші минералды ресурстар – химиялық шикізаттың негізгі көзі.Өндіріс қалдықтары,қосымша өнімдер жатады.
Өндіріс қалдықтары – өнім өндіру процесінде түзілетін аздап немесе толығымен өзінің сапасын жоғарлатқан және стандартқа сай келмейтін шикізат қалдығын, жартылай өнімдерді,материалдарды айтады.
Тұтыну қалдықтары – қайта қалпыа келтіру экономикалық тиімсіз тұтынылған әртүрлі бұйымдар мен заттар.
Қосымша өнімдер – өндірістік процестің мақсаты өнім болып табылмайтын,бірақ өндірістің негізгі өнімдерімен қатар шикізатты өңдеу процесінде түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет