Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар


Шикізатты кешенді және ұтымды пайдалану проблемасы. Шикізатты рециркуляциялау



бет14/45
Дата27.01.2023
өлшемі0,96 Mb.
#63292
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
Байланысты:
ОХТ сессия

10. Шикізатты кешенді және ұтымды пайдалану проблемасы. Шикізатты рециркуляциялау.
Қалдықтарды өңдеу қалдықсыз ресурс үнемдеуші технологиялар қоршаған ортаны сауықтыруға мүмкіндік жасайды. Бірақ та, істеп тұрған кәсіпорындардың көпшілігі тез арада қалдықсыз технология жүйесіне көшіріле салмайды. Олардағы істеп тұрған технологияның қалдықтары жоғары болып келеді. Сондықтан, олардан шығатын газ тәрізді, сұйық, қатты қалдықтарды ауаға жібермей ұстап, қайтадан өңдеп және оны пайдалану міндеттері қолданылады.
Қалдықсыз технологиыларды құрудағы негізгі қағидалар да шикізатты кешенді пайдалану түбегейлі және жұмыс жасап тұрған технологияларды жаңарту, тұйықталған су және газ айналым циклондарын құру, кәсіпорындарды кооперациялау және аумақтық өнірісті құру жатады.
Шикізатты кешенді пайдалану. Өндіріс қалдықтарына белгілі бір себептерге байланысты қолданбаған немесе қолданып бітпеген шикізаттың бір бөлігі жатады. Сондықтан да шикізатты кешенді пайдалану проблемасы экология жағынан да, экономика жағынан да маңызды мәселе болып табылады. Табиғи ресурстарды кешенді пайдалану қажеттілігі, біріншіден, қоршаған ортаны ластап жатқан өндірістік кәсіпорындардың көлемінің өсуіне, екіншіден,оны тиімді жұмсауына тығыз байланысты болады. Өйткені минералды шикізаттар қоры шектелген. Қазіргі кезде шикізаттар бағасы тоқтаусыз өсуде. өз кезегінде бағалардың өсуі қалдықсыз технологияның тез дамуына әкеледі.
Қалдықтардың негізгі көздеріне мыналар жатады:
-шикізат қоспалары, яғни дайын өнім алу үшін осы өндірісте қолданылмайтын компоненттері;
-үрдістің толық жүрмеуі;
-қолданбайтын заттарды қалыптастыратын химиялық реакциялардың пайда болуы.
Шикізатты ұтымды және кешенді пайдалану оның қолданылатын санын азайтуға, дайын өнімдердің ассортиментін көбейтуге, бұрін қалдықта кеткен шикізат бөлігінен жаңа өнім щшығаруға ықпал етеді. Мысалы, түсті метеллургияда әрқашанда минералды шикізаттан алынатын элементтер саны өсіп отырады. Құрамында мысы бар рудаға – 25 элемент кіреді, оның ішінен 21 – элементі алынады. Полиметаллургиялық шикізаттардан 18 элемент алынады және 40 – тан аса өнімдер алынады.
Шикізатты ұтымды және кешенді пайдалану оның қолданылатын санын азайтуға, дайын өнімдердің ассортиментін көбейтуге, бұрін қалдықта кеткен шикізат бөлігінен жаңа өнім шығаруға ықпал етеді.
Қалдықтарды өңдеу қалдықсыз ресурс үнемдеуші технологиялар қоршаған ортаны сауықтыруға мүмкіндік жасайды. Бірақ та, істеп тұрған кәсіпорындардың көпшілігі тез арада қалдықсыз технология жүйесіне көшіріле салмайды. Олардағы істеп тұрған технологияның қалдықтары жоғары болып келеді. Сондықтан, олардан шығатын газ тәрізді, сұйық, қатты қалдықтарды ауаға жібермей ұстап, қайтадан өңдеп және оны пайдалану міндеттері қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет