Сонымен, пайдалы әсер коэффициенті тек бастапқы (Т1) және соңғы (Т2) температураларға тәуелді екенін көреміз.
Карно циклі процесін талдай отырып, мынадай қорытындылар жасауға болады:
ешбір кедергісіз жұмыс жасайтын машинаның өзімен де берілген жылуды түгелдей жұмысқа айналдыру мүмкін емес. Оның бір бөлігі қалайда жылу қабылдағышқа ауысады;
жұмысқа айналған жылудың үлесі жылу бергіш пен жылу қабылдағыштың температураларына тәуелді, яғни
η = f (Т1, Т2). Әдетте
0 < η < 1. Егер тоңазытқыштың температурасы абсолюттік нөлге тең болса
(Т2 = 0), онда
η = 1 болады, ал егер
Т1 = Т2 болса, онда цикл болмайды, ал
η = 0 болады;
12. Карно-Клаузиус теңдеуін жазыңыз. Бұл теорема бойынша Карно циклі процесінің пайдалы әсер коэффициенті жұмыс атқаратын заттың (дененің) табиғатына тәуелсіз болады.
Карно циклі процесі бойынша жұмыс істейтін қыздырғыштың температурасы – Т
1, ал тоңазытқыштың температурасы –
Т2; (Т
1 > Т
2) болатын екі машинаны қарастырайық. Бірінші машинаның жұмыс атқаратын денесі – идеал газ, ал екінші машинаның жұмыс атқаратын денесі
идеал газдан басқа кез келген бір зат.
2
Бірінші машинаның істеген А жұмысы арқылы екінші машинаны кері бағытта жұмыс істете аламыз. Сонда бірінші машинаның істеген жұмысынан алынған жылу екінші істеген жұмысқа берілген жылуға тең, ол – Q1. Төменгі
'
3.2-сурет. Карно-Клаузиус
температурадағы тоңазытқыш жылуын жоғалтады.
Q1
Q2 .теоремасын дәлелдейтін сызбанұсқа. Осы жылудың салдарынан алынған жұмыс ұтымдылығы (А >А
1) болады.
Алайда мұндай қорытынды термодинамиканың екінші заңына қайшы келеді. Ендеше η1 η2- ден үлкен болуы мүмкін емес. Дәл осылай η2 η1-ден үлкен болмайтынын да дәлелдей аламыз. Бұдан η1 = η2 деген қорытындыға келеміз, яғни Карно циклі процесіне кері жұмыс істейтін машинаның пайдалы әсер коэффициенті жұмыс атқаратын дененің қасиетіне тәуелсіз, тек Т1 мен Т2-ге ғана байланысты болады.