Адамдар денсаулығының жағдайына қауіпті келеңсіз факторлар төңірегінде қажетті санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы, сыртқы ортаның физикалық факторларын өлшеу құралдарын және зертханалық зерттеулерді іске асыру, басты міндет болып саналады.
Жалпы Химиялық зауыттарда, фабрикаларда, фирмаларда жұмыс жасайтын адамдарда санитарлық міндеттемелерді ұстану қажет. Міндеттемелері: арнайы дезинфекциялық сұйықтықтармен әрдайым қолдану, медициналық қолғап қолдану және бетперде тағып жүру міндетті болып табылады. Осы міндеттемелерді қолданбаған жағдайда адам ағзасына өте қауіпті түрде зақым келуі мүмкін.
Мысалы: олар 3-типке бөлінеді.
1. Уландырғыш- ағзаның барлық қызметінің өзгеруін тудырады. (Сынап, бензол т.б)
2.Тұншықтырғыш- дем алу жолдарын зақымдайды. (Хлор, күкірт газы
3.Сенсибилиздеуші заттар- аллергия тудыратын заттар болып табылады (түрлі еріткіштер және нитро қосылыстар жатады.
Химиялық заттардың әсерін болдырмаудың ұйымдастырушылық шаралары
Химиялық зертханалар жағдайында өндірістік санитария міндетіне кәсіби уланудың алдын алуын ескерту, жұмысшыларды улы және ушықтыратын заттардың әсерінен, өндірістік шаңдардан, ионданатын сәулелерден, шулардан және басқада зиянды факторлардан сақтау, ауадағы зиянды заттардың шекті концентрациясын анықтау мен өндіріс орындарындағы ауаны бақылау, жеке қорғаныс құралдарын тасымалдау мен өңдеу, жылыту мен желдеткіш жүйесі, рационалды жарықтандыру және т.б. кіреді.
Көптеген жағдайларда химикаттармен жұмыс істегенде резина қолданғанда едәуір ластанулардан сақтап қалады. Әртүрлі заттардың әсерінен резина қолғаптары қоды бірдей дәрежеде қорғамайды. Ерітінділердің көпшілігі жұқа резина пленкасынан тез өтіп кетуге қабілетті болады.
Зертханада көзді қорғауға аса көңіл бөлінуі қажет. Көзге азғана болса да қаупі бар кез келген операцияларды жасағанда көзілдіріксіз немесе маскасыз жұмыс жасауға тиым салынады.