Химиялық заттардың әсерін болдырмаудың технологиялық шаралары.
Химиялық технологияның басты мақсаты - өндірістік процестердің физикалық-химиялық жағдайын зерттеу, технологиялық процестердің сұлбасын жасау, аппараттар мен приборлардың құралымын анықтау және оларды дайындайтын материалдар іздестіру.
Жаңадан жасалған технологиялық процестер ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне негізделген, экономикалық жағынан тиімді қажетті технолиялық процестердің техникалық және экономикалық тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштеріне: өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын шикізат пен энергия мөлшері, өнімнің шығыны мен сапасы, еңбек өнімділігі, процестің өндіру қарқыны, өндірісті іске қосуға жұмсалатын қаражат, өнім құны, т.б. жатады. Химиялық технология әдістері химия, металлургия, құрылыс материалдары мен силикаттар, тері, тамақ, тоқыма, т.б. өнеркәсіп салаларында пайдаланылады.Қауіпсіздік талаптары белгіленетін уытты және уыттылығы жоғары заттардың толық тізбесі осы техникалық регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
Қаирбек Дана
Химиялық заттардың әсерін болдырмаудың технологиялық шаралары.
Тірі организмнің өміріне және қоршаған ортаға зиян келтіру ықтималдылығына қатысты уытты және уыттылығы жоғары заттардың қауіпті факторлары (тәуекелдері) мыналар:
3) қоршаған табиғи ортаға, соның ішінде су ортасында күшті уыттылық көрсеткіштерімен сипатталуы қауіпті әсер ету тәуекелі болып табылады.
Адам денсаулығына, тірі организмге және қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндіктерінің ықтималдылығына қатысты қауіпті өндірістік процестер кезінде болдырмауға қажет факторлар мыналар:
1) улы химиялық өнімді жұту кезінде (ингаляциялық әсер ету) адамға және тірі организмге уытты және уыттылығы жоғары әсер ету тәуекелі;
2) адамға және тірі организмге тері жабындарының көрінетін некрозын (зақымдалуын) тудыратын қауіпті өнімнің уытты әсер ету тәуекелі;
3) көзге түскен кезде қайтымсыз салдарларды тудыратын қауіпті өнімнің уытты әсер ету тәуекелі;