HLA I класс антигендерінің құрылысы мен қызметтері HLA жүйесiнiң I класс антигендерi -
екi ковалентсіз байланысқан полипептидтi тiзбектен тұратын полипептидтер болып келедi; олардын бiр тiзбегi ауыр, полиморфты, молекулалық деңгейi 45 кД HLA жүйенің гендерiмен кодталған трансмембраналық гликопротеидке жатады; екiншi тiзбегi - хромосоманың 15 жұбының жалғыз локусымен кодталған, молекулалық деңгейi 12кД тұрақты В-микроглобулин деп аталатын жеңіл тізбекке жатады.
HLA I класс гендерi трансплантациялық антигендердiң синтезiн шақырушы А, В және С локустарына бөлiнедi. HLA I класс антигендерi барлық ядролы жасушаларда экспрессияланған, сонын iшiнде, Т- лимфоциттерде және олар "өзінікін" тануда ең маңызды қызмет атқарады, өйткені Т-киллер антигендiк детерминанталарды тек HLA I класс антигендерiмен қосып таниды.
HLA II және III класс антигендерінің кұрылысы мен қызметтері HLA II класс гендерiне DQ, DP, DR-локустарының гендерi кiредi. Ол гендердiң арасында иммундық жауаптың гендерi, оның күшін реттейтiн гендер жатады. HLA II класс антигендерi көбiрек В-лимфоциттерде, макроцагтарда, дендритті және Лангерганс жасушаларында, тағы басқа белсендiрiлген Т-лимфоциттерде, арнайылықтанған эпителиоциттерде, т.б. жасушаларда орналасқан.
HLA III класс антигендерге комплемент жүйесінің нәруыздары (C2, C4 комплементтiң компоненттері) мен Вf - пропердин жүйесінің В-факторы жатады. С2 мен пропердиндік фактор молекулалық деңгейi 100 және 90 кД тұратын протеиндердiң бiрлiктi пептидтiк тiзбектерi болып келедi. С4 - дисульфидтік көпірмен байланысқан үш тiзбектен тұрады: 95 кД-к а-тiзбек, 75 кД-к В-тiзбек және 30 кД-к у-тізбек. Толық молекуланың деңгейі 200 кД-ға тең.
HLA-гендердiң полиморфизмы және популяцияда таралуы. Популяциялық талдау белгiлi бiр популяцияда геннің таралу жиiлiгiн айқындауга, гаплотиптердің, фенотиптердiң локус ішіндегі жиілігін және бір хромосомада орналасқан әртүрлі локустардың гендері арасындағы генетикалық ассоциациясының (байланысу) жиілігін есептеуге мүмкіндік береді. Популяциялық талдау өткiзу үшiн сау адамдар (бақылау тобы) мен белгілі нозологиялмен науқастанған адамдар арасында HLA-iріктеу өткізіп,гендер жиілігімен антигендер жиілігін салыстырады.Популяциялық зерттеулердi екiге бөледі: