Hla-жүйесі. Трансплантациялық иммунтеттің негіздері



бет3/5
Дата18.11.2022
өлшемі0,97 Mb.
#51136
1   2   3   4   5
Популяцияiшiлiк - ауру адам мен сау адамдардың арасындағы HLA-ipiктеуді бiр географиялық аймақта өткізгенде.
Популяцияаралық - науқас адам мен сау адамның арасындағы HLA-iрiктеудi әр түрлі географиялық аймақта өткізгенде.
Қазiргi кезде HLA-антигендерiн iрiктеудiң бiрнеше әдістері бар.
Серологиялық iрiктеу
Аралас лимфоциттер дақылында HLA II класынын өнiмдерiн iрiктеу
ПТС(полимеразды тiзбектi серпіліс) көмегімен молекулалық-генетикалық (ДНК) iрiктеу.
HLA - антигендерін аурулармен байланысуы
"HLA және аурулар" мәселесiн 2 аспектiге бөліп қарауға болады: 
Фундаменталды зерттеулер - НLА-антигендері мен ауру арасындағы байланыстың механизмiн ашуға бағытталған. 
Қолданбалы аспектiнде - клиникада диагностикалауда, дифференциалды диагностикалауда, ауруды алдын алуда (профилактика), ауру ағымының болжауында, емдеу тәсiлiнде, плазма донорларын белгiлi антигендермен жасанды иммунизациялау арқылы тандауында маңызы үлкен.
  •  Адамның гистосәйкестiк жүйесiнiң байланысын ең алғаш рет Ходжкин ауруымен Дж.Амиэль анықтаған. Вирусты гепатитте - HLA-B8 және DR3, Bw35 антигендерімен маңызды корреляциясы табылган.
  • туберкулез ауруында - HLA-B8, B15, В14, В27 антигендерi, 
  • шигеллез, сальмонеллезде - В40, В27, 
  • бруцеллезда - В27, А2, А3, В7, 
  • дифтерияда - В21, В22, В35, В19 антигендерi жоғарылайды.

Трансплантациялық антигендер

  • Иммунологияда қолданатын т р а н с п л а н т а ц и я термині бiр организмнен екiншi организмге жасушаларды, тіндердi және мүшелердi алмастыруды білдіреді.
  • Генетикалық бөгде тiндердiң тұрақтамауына жауапты негiзгi антигендерге – гистосәйкестiк антигендерi (немесе тiнсәйкестi антигендерi) жатады, оларды кодтаушы гендерiн – гистосәйкестiк гендерi деп атайды. Гистосәйкестiк гендердiң өнiмдерi антигендер деп аталса да, олар өздерiнiң антигендiгiн өзiнiң емес генетикалық бөгде организмнiң иммундық жүйесiмен анықталғанда ғана көрсетедi, мысалы, мүшелердi аллотрансплантациялау кезiнде.Ұқсас антигендерi бар тiндердi гистосәйкестi тiндер деп айтады, бұл тiндер тұрақтамау серпілісі дамитын иммундық жауапты шақырмайды. трансплантациялық (тiнсәйкестi) антигендердiң жасалуын бақылайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет