Hla-жүйесі. Трансплантациялық иммунтеттің негіздері


Клиникада мүшелер мен тiндердi транспланта циялау



бет5/5
Дата18.11.2022
өлшемі0,97 Mb.
#51136
1   2   3   4   5

Клиникада мүшелер мен тiндердi транспланта циялау

Трансплантация қазіргі кезде әр түрлі дерттердің терминалды сатысындағы емнің нағыз альтернативті әдісі болып табылады.


Мүшелік трансплантация – осы жүзжылдықта медицинаның бір ғажайыбы болып отыр. Трансплантация аурудың бүйректік, бауырлық, жүректік және өкпелік жетіспеушіліктердің ауыр формаларында өмірді ұзартатын ең маңызды әдістің сипатына ие. Әр-түрлi жасушалар трансплантациясының клиникалық нәтижесi соңғы 10-15 жылда адам ағзасы мен тiндерi - жаңа иммунды супрессивтi препараттарды қабылдаудың арқасында жоғарылады. Циклоспорин А, сонымен қатар, HLA-антигендер іріктеуі жақсаруымен және иммунологиялық мониторинг әдiсiн iске асырылуымен байланысты.

Айрықша орындар ағзаларының трансплантациясы


Ағзада иммунологиялық ерекше орындар бары белгiлi, онда туыс емес аллотрансплантация болғанда үйлеспеу серпiлiсi айқын емес түрiнде байқалған. Оларға - көздiң алдынғы камерасы, мөлдiр қабығы, жатыр, тестикула және ми жатады. Осы әр мүше кейбiреуiнде лимфа тамыры, ал кейбiреуiнде тiптен қан тамыры болмауымен өзгешеленедi.
Ми - ол да айрықша жаратылған құрылымның бiрi болып табылады, ондағы орналасқан гематоэнцефалдық тосқауыл миға молекуланың енуiне және көптеген молекулалардың шығуына жол бермейдi. Қазiргi кезде адам миының бағаналы эмбрионалдық жасушаларын салу бәрнеше Паркинсон аурумен сырқаттанған науқастарға жасалынды. Осындай жағдайларда, иммунологиялық айрықша жерде иммунды жауап қалыптаспайды, өйткенi иммунолгиялық айрықша мүшелер иммунды жүйе жасушаларынан бөлектенiп, әрекетке түспейдi. 

Қорытынды

Клиникалық иммунологтардың ғылыми зерттеуi бойынша мүшелердi трансплантациялау көп жағдайда оң әсерiн көрсеткен. 1967 жылы бүйректi қондыруда 45 % өмiр жеңдiгi сақталған. 1990 жылдың басында бұл мүшенiң өмiр жеңдiгi 90 %-ға жеткен. Қазiргi уақытта тек АҚШ-да жыл сайын 10 000-ға дейiн жуық бүйрек трансплантациясы жасалады. Бауыр, жүрек, өкпе трансплантациясы да нәтижелi болды. Басқа да мүшелердiң (ұйқы безi және оның сегменттерi) трансплантациясы жасалған, бiрақ олар кең таралған жоқ. Қазақстан Республикасында трансплантация және жасанды мүше салу бөлiмшесi 1978 жылы мамыр айында Сызғанов атындағы эксперименталды және клиникалық хирургия ауруханасында ҚазҰИИ тұсында алғашқы рет жұмыс жасай бастады. 210 1979 жылы сәуiрде Қазақстанда тұнғыш рет өлiктен алынған донорлық бүйрек салынған, нәтижесi жақсы аяқтады. Содан кейiн өлiктен бүйрек салу трансплантациясы 2003 жылға дейiн орындалды, содан кейiн тiрi туыстан донордың бүйрегiн салуда жақсы жетiстiгiн бердi (анасынан баласына) және 7 бүйрек аллотрансплантациясы жасалды.

Пайдаланылған әдебиеттер:


Жалпы иммунология ,Ә.Ә. Шортанбаев, С.В. Кожанова.
Трансплантациялық иммунтеттің негіздері. Трансплантологиядағы жаңалықтар - Реферат (essays.club)
HLA жүйесі, құрылысы, локустарының қызметтері. Трансплантациялық иммунитет негіздері. (infourok.ru)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет