Холинэстеразаға қарсы препараттардың ацетилхолинмен байланысуының тұрақтылығына қарай оларды 2 топқа бөлуге болады


М-холиноблокаторлармен жіті улану



бет7/10
Дата21.02.2023
өлшемі333,1 Kb.
#69824
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
рк 2 каз.docx

М-холиноблокаторлармен жіті улану
Интоксикация симптомдары мускарин рецепторларының шеткері тежелуімен және препараттардың орталықтық әсерімен байланысты болады. Ауыз қуысының құрғауы, тыныстың тежелуі, қатты шөлдеу, тахикардия, жүректің қатты соғуы, тер бөлінуінің төмендеуінен температураның жоғарылауы, бет гиперемиясы, көз қарашығының кеңеюі, көрудің нашарлауы, фотофобия - мускариндік рецепторлардың перифериялық тежелуінің негізгі көріністері. Кіші дәретке шыққысы келуі, қуық спазмының нәтижесінен зәр шығуының қиындауы. Бетте, мойында және дененің жоғарғы бөліктерінде бөртпелердің пайда болуы мүмкін.
Атропиннің ОНЖ-ға әсер етуі бастапқы стимуляциямен және кейіннен оның тежелуімен сипатталады. Науқас қозулы, моторлы координациясы, сөйлеуі бұзылады, есі нашарлайды, сана-сезімі шатасқан, елестеулер, кейде мания және сандырақтау байқалады. Уланудың ауыр түрлері тамырқозғалтқыш орталықтың тежелуіне, капиллярлардың кеңеюіне әкеледі, соңында тамырлық коллапс, кома және тыныстың тежеленуі байқалады.
М-холиноблокаторлармен уланған кезде М-холиномиметиктер (ацеклидин) және АХЭ (прозерин, физостигмин, галантамин) антидот ретінде береді. ОНЖ-ның қозуын транквилизаторлармен (сибазон) емдейді, бірақ олардың тыныс алу орталығына тежеуші әсерді күшейтетін қасиеті бар, сондықтан абайлап қолданған жөн.
9. Н-холинотежегіш заттар. Әсер ету механизмдері. Негізгі фармакологиялық әсерлері. Қолданылуы. Кері әсерлері.
5) Н – холиноблокаторлар (Н-холинорецепторларды тежегіштер):
а) Ганглиоблокаторларазаметоний бромиді (пентамин), трепирий йодиді (гигроний), гексаметоний бромиді (бензогексоний), пемпидин тозилаты (пирилен).
б) Миорелаксанттар – кураре тәрізді заттар (кураре – өлімші у, қаңқа бұлшықеттерінің параличін шақыртады) қаңқа бұлшықеттерінің шет холинорецепторларын тежейді. Әсер ету механизмі бойынша үш топқа бөлінеді:
1) деполяризацияға қарсы заттар – тубокурарин хлориді, пипекуроний бромиді, т.б.
2) деполяризациялаушы заттар – суксаметоний хлориді (дитилин)
3) әсері аралас заттар - диоксоний
Ганглиоблокаторлар
Бензогексоний, пентамин, пирилен т.б. симпатикалық және парасимпатикалық ганглийлердің, сонымен қатар каротидтік шумақшаның және бүйрекүсті безінің милы қабатында Н-холинорецепторларды тежейді.
Фармакологиялық әсерлері:
1) парасимпатикалық ганглийлерде қозудың өтүіне кедергі жасап сілекей бездерінің, асқазан бездерінің секрециясының және асқорыту жолдары моторикасының тежелуіне әкеледі.
2) симпатикалық ганглийлерді тежеп қантамырларды кеңейтеді (артериялық және веналық), артериялық және веналық қан қысымын төмендейді. Қантамырлардың кеңеюі тиісті аймақтағы, аудандағы және тіндегі қанайналымды жақсартады.
Ганглиоблокаторларды қолдануға көрсетімдер: гипертониялық аурудың ең ауыр түрлерінде (гипертониялық криз); өкпенің және мидың жіті ісінуінде; басқарылымды гипотензияда (жүрекке, ірі қантамырларға, қалқанша безге операция жасағанда), мастэктомия кезінде (емшекке операция жасағанда). Жеткіліксіздігі - таңдамалы әсер етпейді.
Жанама әсерлері: ортостатикалық коллапс; іш қату; мидриаз, зәрдің кідіруі және т.б.; бұл дәрілерге толеранттылық тез дамиды. Препаратпен өте ауыр уланғанда гипотония, қаңқалық атония дамуы мумкін.
10. Нерв – бұлшықеттік берілуді тежейтін заттар. Жіктелуі. Шеткері (перифериялық) әсерлі миорелаксанттардың әсер ету механизмдері. Қолданылуы. Кері әсерлері. Кураре тәрізді заттардың антагонистері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет