Холинэстеразаға қарсы препараттардың ацетилхолинмен байланысуының тұрақтылығына қарай оларды 2 топқа бөлуге болады


Холинергиялық синапсқа әсер ететін дәрілер



бет2/10
Дата21.02.2023
өлшемі333,1 Kb.
#69824
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
рк 2 каз.docx

Холинергиялық синапсқа әсер ететін дәрілер.
1) М - және Н-холиномиметиктер (ацетилхолин) немесе холинэстеразаға қарсы заттар. Холинэстеразаға қарсы заттар ацетилхолинэстеразамен байланысу тұрақтылығына байланысты бұл дәрілер екі топқа бөлінеді:
а) қайтымды әсер етушілер (ферменттің белсенділігін уақытша тежеу) - неостигмин (прозерин), галантамин (нивалин), физостигмин (эзерин), пиридостигмин бромиді (калимин).
б) қайтымсыз әсер етушілер – армин, фосфороорганикалық қосылыстар (ФОҚ) - инсектицидтер, фунгицидтер, гербицидтер және басқа, бұл заттармен уланғанда холинэстераза реактиваторларын пайдаланады (дипироксим, изонитрозин).
2) М-холиномиметиктерпилокарпин, ацеклидин – глаукомада, және ішек пен қуық атонияларында.
3) Н-холиномиметиктер лобелин (лобесил), цитизин (цититон), каротидты шумақшалардың рецепторларына әсер етіп рефлекторлы тыныс алу орталығын қоздырады. Таб. “Табекс” – темекі шегуді тастау үшін.
4) М-холиноблокаторлар (тежегіштер):
a) селективті емес – атропин, платифиллин, тропикамид (мидриацил, мидрум - конъюнктива қуысына)
б) селективті:
- М1-холиноблокаторлар - пирензепин (гастроцепин),
- М3-холиноблокаторлар - ипратропий бромиді (атровент), тиотропий бромиді.
5) Н – холиноблокаторлар (Н-холинорецепторларды тежегіштер):
а) Ганглиоблокаторларазаметоний бромиді (пентамин), трепирий йодиді (гигроний), гексаметоний бромиді (бензогексоний), пемпидин тозилаты (пирилен).
б) Миорелаксанттар – кураре тәрізді заттар (кураре – өлімші у, қаңқа бұлшықеттерінің параличін шақыртады) қаңқа бұлшықеттерінің шет холинорецепторларын тежейді. Әсер ету механизмі бойынша үш топқа бөлінеді:
1) деполяризацияға қарсы заттар – тубокурарин хлориді, пипекуроний бромиді, т.б.
2) деполяризациялаушы заттар – суксаметоний хлориді (дитилин)
3) әсері аралас заттар - диоксоний


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет