Холинэстеразаға қарсы препараттардың ацетилхолинмен байланысуының тұрақтылығына қарай оларды 2 топқа бөлуге болады


) М-холиномиметиктер – пилокарпин



бет5/10
Дата21.02.2023
өлшемі333,1 Kb.
#69824
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
рк 2 каз.docx

2) М-холиномиметиктерпилокарпин, ацеклидин – глаукомада, және ішек пен қуық атонияларында.
Әсер ету механизмі. Парасимпатикалық нейрондардың постганглийлік ұштарының синапстарында орналасқан М-холинорецепторларды стимуляциялап, парасимпатикалық нерв жүйесінің қозуы кезінде байқалатын әсерлерді туындатады.
Пилокарпин көз қарашығын тарылтады және көз іші қысымын төмендетеді, сонымен қатар аккомодация спазмын тудырады. Әсіресе, ол бездердің секрециясын жоғарылатады. Улылығы өте жоғары препарат.
Ацеклидин - улылығы пилокарпиннен азырақ. Жергілікті және резорбциялық әсер етеді.
Қолдануға көрсетімдер: глаукоманы, ішектің атониясында, және ауыз қуысының кеуіп қалуында.
Жанама әсерлері: іштің өтуі, тершеңдік, сілекейдің көп бөлінуі, миоз, кешкі көру бұзылыстары, жасаурау, т.б.
Қолдануға қарсы көрсетімдері: бронх демікпесі, жүктілік, атеросклерозжүрек аурулары, АІЖ қан кету, қояншық.
7. Н-холиномиметикалық заттардың тыныс алу және жүрек – қан тамыр жүйелеріне әсерлері. Қолданылуы. Кері әсерлері.
3) Н-холиномиметиктер лобелин (лобесил), цитизин (цититон), каротидты шумақшалардың рецепторларына әсер етіп рефлекторлы тыныс алу орталығын қоздырады. Таб. “Табекс” – темекі шегуді тастау үшін.
Барлық Н -холиномиметиктер Н-холинорецепторларды әсер етудің тек қана бірінші фазасында қоздырады, ал екінші фазасында қозушы әсер тежеуші әсерне ауысады.
Никотин тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталықтарының рефлекторлы қозуын шақыратын синокаротидті аймақтың хеморецепторларына айқын ынталандырғыш әсер көрсетеді. Тежелу кезеңі қанда никотиннің жоғары концентрациясы жиналғанда байқалады.
Цититон каротидті шумақтың және бүйрекүсті безінің милы қабатының Н-холинорецепторын таңдамалы түрде қоздырады, ал қалған H-холинорецепторларға әсер етпейді. Нәтижесінде тыныс алу орталығы рефлекторлы түрде қозып тынысты жақсартады, тамырқозғалтқыш орталық қозып АҚ жоғарылайды.
Лобелиннің әсері цититонға қарағанда әлсіз.
Бұл препараттар рефлекторлы, жұлқылмалы түрде, қысқа мерзімді әсер етеді, сондықтан қолдануға тиімсіз.
Қолдануға көрсетімдер: Тыныс алу орталығының рефлекторлы қозуы сақталған жағдайда (комаға дейін) ғана тыныс алу орталығын қоздыру үшін қолданады. Қазіргі кезде тек қана бір мақсатта қолданады: көмірқышқыл газымен (СО) уланғанда.
Жанама әсерлері: тыныстың уақытша тоқтауы, әлсіздік, бас айналу, жүрек айну және құсу.
8. М-холинотежегіш заттар. Әсер ету механизмдері. Негізгі фармакологиялық әсерлері. Орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) әсері. Қолданылуы. Кері әсерлері. М-холинотежегіш заттармен жедел улану. Улану симптомдары. Көмек көрсету шаралары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет