Хроникасы



Pdf көрінісі
бет18/44
Дата27.03.2017
өлшемі10,07 Mb.
#10386
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44

«Құрмет»  орденiмен  азаматтар  экономиканы,  әлеуметтiк 

саланы,  ғылым  мен  мәдениеттi,  бiлiм  беру  iсiн  дамытуға 

сiңiрген  еңбегi,  мемлекеттiк  органдардағы  мiнсiз  қызметi 

және белсендi қоғамдық қызметi үшiн наградталады.

Сол күні Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы 

метрополитеннің  алғашқы  кезегінің  ашылу  рәсіміне 

қатысты.

Президент бұл оқиғамен жаңа көлік мәдениетінің 

пайда  болуын  атай  отырып,  метроның  алғашқы 

кезегінің  ашылуымен  барлық  алматылықтар  мен 

метро  құрылысшыларын  құттықтады.  «Бүгін  еліміз 

үшін  маңызды  осы  жобаны  іске  асырудағы  жақсы 

жұмыстары  үшін  біздің  метро  құрылысшыларына, 

барлық ұйымдастырушылар мен оған атсалысқандарға 

ризашылығымды  білдіремін.  Бұл  алматылықтардың 

тәуелсіздіктің  20  жылдық  мерейтойына  тамаша  тар-

туы!», — деді Президент, оңтүстік астана тұрғындарына 

сөз сөйлей келе.

Одан  кейін,  н.Ә.  назарбаев  метро  вагонымен 

«Райымбек батыр» бекетінен соңғы «Алатау» бекетіне 

дейін жүріп өтті.

 

Алматы  қаласындағы  метро  құрылысы  1980-жыл-



дардың аяғында басталған. Алғашқы желі 7 бекетті 

қамтиды («Райымбек батыр», «Жібек жолы», «Алма-

лы»,  «Абай»,  «Байқоңыр»,  «М.О.  Әуезов  атындағы 

театр»,«Алатау»).  Оның  ұзақтығы  —  8,56  шақырым.  Бір 

құрамның сыйымдылығы — 940 адам. Қозғалыстың орташа 

жылдамдығы  —  аялдамаларды  қоса  есептегенде  сағатына 

40 шақырым. Аяғына дейін жүру 14–16 минут уақытты алады.

2011  жылдың  наурызында  Қалқаман  кенті  бағытында 

екінші  кезектегі  метрополитенді  салу  басталды.  Ұзақтығы 

8,62  шақырым,  5  бекеттен  тұрады:  «Сайран»,  «Мәскеу», 

«Сарыарқа», «Достық», «Қалқаман». 

Күн соңында Мемлекет басшысы қайта жөнделген 

Республика сарайында өткен концертті тамашалады.

3

4



5

197

Желтоқсан

3 желтоқсан

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 

Ұлттық банкінің төрағасы Г.А. Марченконы қабылдады. 

Ол  еліміздің  қаржы  саласының  ағымдағы  жағдайы, 

атап  айтқанда  валюталық  нарықтағы  жағдай  туралы 

хабардар етті.

Мемлекет басшысы Қазақстан жазушылар одағы-

ның төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 

сыйлығының лауреаты н.М. Оразалинді қабылдады.

Кездесу  барысында  қоғамдық  дамудың,  қазіргі 

заманғы  әдеби  үдерістердің  өзекті  мәселелері  және 

Қазақстанды  жаңғыртудағы  зиялы  қауымның  рөлі 

талқыланды.  Президент  өз  тарапынан  мәдениет, 

ұлттық әдебиет пен өнерді дамыту мәселелеріне ерек-

ше назар аударды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 

кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелері 

бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 

№505-ІV Заңына қол қойды.

5 желтоқсан

Мемлекет  басшысы  Ресей  Федерациясының 

Президенті  Д.А.  Медведевке  және  оның  Үкіметінің 

төрағасы В.В. Путинге «Единая Россия» партиясының 

Ресей  Федерациясының  Федералды  жиналысының 

Мемлекеттік  думасына  сайлаудағы  сенімді  жеңісіне 

байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 

мемлекеттік  наградаларымен  марапаттау  туралы» 

№188 Жарлығына қол қойды.

7 желтоқсан

Мемлекет  басшысы  Грузияның  Премьер-министрі 

н.З. Гилауриді қабылдады.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық 

ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы Астана қаласына жұмыс сапа-

рын жасап, оның барысында елорданың бірқатар ны-

сандарын аралады.


198

Желтоқсан

Атап  айтқанда,  Президент  «Қазақ  елі»  монументі 

алаңының  жанында  орналасқан  «Хазірет  Сұлтан» 

мешітінің  құрылысы  барысымен  танысты.  Одан  соң 

500 орынға есептелген №1 жаңа көпбейінді қалалық 

ауруханада  болып,  онда  Денсаулық  сақтау  министрі 

С.З.  Қайырбекованың  астанадағы  медициналық 

нысандардың жай-күйі мен еліміздің денсаулық сала-

сын дамытудың келешегі туралы есебін тыңдады.

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 

Қаржы  министрлігі  Кедендік  бақылау  комитетінің 

төрағасы  С.н.  Баймағанбетовті  қабылдады.  Ол 

ведомстваның  2011  жылғы  жұмысының  негізгі 

қорытындылары туралы хабардар етті.

Кездесу  қорытындысы  бойынша  Президент 

кедендік  әкімшілендіру  мен  бақылаудың  тиімділігін 

арттыру,  сондай-ақ  контрабандамен  күресті  күшейту 

жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Мемлекет  басшысы  «З.Қ.  тұрысбековке  төтенше 

және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесін беру ту-

ралы»  №189,  «норбер  Алоис  Жустенді  Қазақстан 

Республикасының  Құрмет  грамотасымен  наград-

тау  туралы»  №191,  «Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттік  бюджеті  және  Ұлттық  банкінің  сметасы 

(бюджеті)  есебінен  қамтылған  Қазақстан  Республи-

касы  органдары  қызметкерлеріне  еңбекақы  төлеудің 

бірыңғай  жүйесі  туралы»  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  2004  жылғы  17  қаңтардағы  №1284 

Жарлығына  өзгеріс  енгізу  туралы»  №192қбпү 

жарлықтарына қол қойды.

8 желтоқсан

Мемлекет басшысы Астана қаласына жұмыс сапа-

рын жасап, оның барысында елорданың бірқатар ны-

сандарын аралады.

Президент  армия  генералы  С.Қ.  нұрмағамбетов 

атындағы  республикалық  «Жас  ұлан»  мектебіндегі 

жаңа кешенді ашты.

Қазақстан  Республикасының  Қорғаныс  министрі 

Ә.Р.  Жақсыбеков  Мемлекет  басшысын  мектептің 

24  мың  шаршы  метрден  астам  аумаққа  орналасқан 

жеті  павильоннан  тұратын  оқу-материалдық  база-

сымен  таныстырды.  Президент  ғимараттың  жаңа 

кешенінің  4-қабатындағы  оқу  бөлмелерін  аралады. 



199

Желтоқсан

Оның құрамында 51 сынып, 500 орындық жатақхана, 

кітапхана, оқу, мәжіліс залы және спорт кешені бар. 

Одан  соң  н.Ә.  назарбаев  жаңа  астаналық 

Оқушылардың  шығармашылық  сарайында  болып, 

кешеннің залдары мен бөлмелерін аралап көрді.

 

«Жас ұлан» мектебі мемлекеттік және шет тілдерін 



тереңдетіп  оқытатын  және  әскери  тәртіп  пен  дене 

шынықтыруға  басымдық  беретін  жалпы  орта  білім 

беретін оқу орны болып табылады. Арнаулы оқу орнын құру 

идеясы Н.Ә. Назарбаевқа тиесілі. Президент 12 жыл бұрын, 

1999  жылы  Отанымыздың  болашақ  қорғаушыларының 

мектебін ашқан еді.

Мемлекет  басшысы  «Кеден  одағының  және 

Кеден  одағына  мүше  мемлекеттердің  кеден 

заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік 

жауаптылықтың ерекшеліктері туралы шартты ратифи-

кациялау туралы» №506-ІV Заңына қол қойды.

Президент  сондай-ақ  «Ақпараттық  технологиялар 

паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 

18  тамыздағы  №1166  Жарлығына  өзгерістер  енгізу 

туралы» №193 Жарлығына қол қойды.

9 желтоқсан

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы «тұлпар-

тальго» жолаушылар вагондарын шығаратын алғашқы 

зауыттың салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Президент  вагондардың  аспалы  жабдықтау 

монтаждық  учаскесіне,  ішкі  жабдықтар  мен 

интерьерді  құрастыру  учаскесіне  арналған  өндірістік 

үдерістерімен,  қосымша  тіркеу  және  статистикалық 

сынақ цехымен танысты, сондай-ақ бір жолаушы ваго-

нын көріп шықты. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық ком-

паниясы» АҚ президенті А.Ұ. Мамин н.Ә. назарбаевқа 

зауыттың негізгі техникалық сипаттары, жолаушылар 

қозғалысының  жылдамдығын  шектеу  мен  дамыту 

жоспары туралы баяндады.

Зауытты  аралау  барысында  Президент  зауыттағы 

статистикалық стендтік сынақтар өткізу цехын іске қосты.

 

«Тұлпар-Тальго»  жолаушы  вагондарын  шығаратын 



жаңа  зауыт  құрылысының  жобасы  испандық 

серіктестермен  бірлесіп  жүзеге  асырылған.  Оның 

жобалық қуаттылығы: жылына 150 жолаушы вагоны. Зауыт-

та 18, 12, 10 орындық вагондар, сондай-ақ мүгедек жолау-

шылар үшін 6 орындық вагондар шығарылатын болады. Ва-

гондар  Қазақстанның  климаттық  жағдайына  бейімделген. 



200

Желтоқсан

Олардың 

конструкциялық 

жылдамдығы 

сағатына 

350 шақырымды құрайды. Технологиялық процесіне жүріс 

бөлігін  құрастыру,  ауа  және  электрмен  жабдықтау  жүйесін 

қосу,  купе  элементтерін  дайындау,  шанағын  дәнекерлеу 

және сырлау, жабдықтардың жекелеген түрлерін дайындау 

және  монтаждау  жатады.  Жобаны  іске  асыру  жолаушылар 

вагондарына  тапшылық  мәселесін  шешуге,  пойыздар 

қозғалысындағы  қауіпсіздік  деңгейі  мен  жолаушылар 

қолайлылығын арттыруға, қазақстандық теміржол көлігінің 

бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндіктер туғызады.

Сол күні Мемлекет басшысы Қазақстан Республи-

касы Президентінің сапа саласындағы «Алтын сапа», 

бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы «Па-

рыз»  байқаулары  сыйлықтарының  және  Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  арнайы  сыйлығының 

лауреаттарын  марапаттау  рәсіміне  қатысты.  4500-

ден астам адам қатысқан салтанатты рәсім астаналық 

«Сарыарқа» велотрегінде өтті.

Жиналғандардың  алдында  сөйлеген  сөзінде 

н.Ә.  назарбаев  заманауи  жағдайда  өнім  сапасын 

арттыру  мәселесі  басымдыққа  ие  екенін  атап  өтті. 

Және  «Парыз»  сыйлығы  өз  тарапынан  бұл  үдеріске 

маңызды үлес қосты.

Одан  соң  Мемлекет  басшысы  «Алтын  сапа»  және 

«Парыз» байқауларының жеңімпаздарын марапаттады.

Марапаттау 

рәсімінің 

аясында 

сондай-ақ 

Қазақстанның  индустриялық  нысандарын  таныстыру 

және іске қосу жөнінде жалпыұлттық телекөпір өтті.

«Онлайн»  режимінде  Президент  еліміздің  үдемелі 

индустриялық-инновациялық  даму  бағдарламасы 

аясында  іске  асырылған  өңірлік  жобалар  бойынша 

атқарылған жұмыс барысымен танысып шығып, жаңа 

өндірістерді іске қосты. Жаңа өндірістердің қатарында 

Қостанай облысындағы «ССКӨБ» АҚ №17 технологиялық 

секциясы,  Маңғыстау  облысының  ЕЭА  аумағындағы 

«Caspiy Electronics» ЖШС «Аққу» планшетті компьютер-

лер, телевизорлар мен мониторлар шығаратын өндірісі, 

Ақтөбе  облысындағы  «Қазақойл»  ЖШС  «Әлібекмола» 

мен  «Қожасай»  кен  орнындағы  газды  пайдаға  асыру 

жөніндегі кешені, Жамбыл облысындағы «Супер Фарм» 

ЖШС медициналық мақсаттағы бұйымдар шығаратын 

зауыты және т.б. болды.

 

«Алтын сапа» сыйлығы байқау негізінде өнім немесе 



қызмет сапасы, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету 

саласындағы елеулі жетістіктері, сондай-ақ ұйымның 

заманауи менеджмент жүйесін енгізгені үшін беріледі.


201

Желтоқсан

Жыл сайын «Парыз» байқауын өткізудегі мақсат, өздерінің 

жұмысшылары  мен  қоғам  үшін  әлеуметтік  мәселелерді 

шешетін жеке меншік кәсіпкерлік субъектілерін ынталанды-

ру  болып  табылады.  2011  жылдан  бастап  «Үздік  ұжымдық 

шарт», «Үздік әлеуметтік жыл жобасы» және «Үздік әлеуметтік 

жауапты  кәсіпорын»  3  аталымына  қосымша  «Экологияға 

қосқан үлесі үшін» аталымы енгізілді.

Мемлекет  басшысы  «Мәдени  құндылықтарды 

заңсыз әкелуге, әкетуге және оларға меншік құқығын бе-

руге тыйым салу мен олардың алдын алуға бағытталған 

шаралар  туралы  конвенцияны  ратификациялау  тура-

лы»  №507-ІV,  «Қазақстан  Республикасының  Үкіметі 

мен  Беларусь  Республикасының  Үкіметі  арасындағы 

Азаматтық  қорғаныс,  төтенше  жағдайлардың  алдын 

алу  және  оларды  жою  саласындағы  ынтымақтастық 

туралы  келісімді  ратификациялау  туралы»  №508-ІV 

заңдарына қол қойды.

10 желтоқсан

Мемлекет  басшысы  Астана  қаласында  салынған 

«Қазмедиа  орталығы»  жаңа  телерадиокешенімен 

танысты.

Президент концерт залын, дыбыс жазу студиясын, 

виртуалды  студияны,  телевизиялық  бағдарламалар 

мен жаңалықтар өндірісі кешенін, телевизиялық сери-

ал өндірісінің аппаратты-студиялық кешенін аралады.

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат 

министрі А.Қ. Жұмағалиев Мемлекет басшысын жаңа 

медиа орталықтың мүмкіндіктері мен перспективала-

ры туралы хабардар етті.

Сол  күні  Мемлекет  басшысы  елорданың  Астана 

қаласына көшірілу күніне орай Бейбітшілік және келісім 

сарайында өткен «Ұлы көш» концертін тамашалады.

12 желтоқсан

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ бас хатшысы н.н. Бор-

дюжаны қабылдады. Ол 2011 жылдың желтоқсан ай-

ында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сес-

сиясына дайындық барысы туралы ақпарат берді.

Мемлекет  басшысы  «Қ.н.  Қасымовқа  полиция 

генерал-лейтенанты  арнаулы  атағын  беру  туралы» 

№194 Жарлығына қол қойды.



202

Желтоқсан

14 желтоқсан

Мемлекет 

басшысы 

Қазақстан 

Республи-

касы  тәуелсіздігінің  20  жылдығы  қарсаңында 

астаналық  «Ақорда»  резиденциясында  Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  наградалары  мен 

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» 

мерекелік медальдарын тапсырды.

Президент  Жарлығымен  елдің  әлеуметтік-

экономикалық  және  мәдени  дамуына,  халықтар 

арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға 

қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі 

үшін  қазақстандықтардың  үлкен  бір  тобы  Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  наградалармен  ма-

рапатталды.  Олардың  қатарында  көрнекті  мәдениет, 

ғылым,  білім,  денсаулық  сақтау  қайраткерлері, 

өндірістік  сала,  бизнес  өкілдері,  құқық  қорғау 

органдарының  қызметкерлері,  әскери  қызметшілер, 

спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері бар.

 

«Қазақстан 



Республикасының 

тәуелсіздігіне 

20 жыл» мерекелік медалі — Қазақстан Республи-

касы Президентінің 2011 жылдың 17 мамырындағы 

Жарлығының 

негізінде 

бекітілген 

Қазақстан 

Республикасының мемлекеттік наградасы. 

Медальмен  Қазақстан  Республикасының  мемлекет  болып 

қалыптасуына,  егемендіктің  нығаюына  және  әлеуметтік-

экономикалық  дамуына  елеулі  үлес  қосқан  Қазақстан 

Республикасының азаматтары және шетел азаматтары наград-

талады.


Мемлекет  басшысы  Қарашығанақ  жобасы 

жөніндегі  шетелдік  компаниялар  консорциумының 

өкілдерін қабылдады.

Кездесуге «BG Group» компаниясының бас атқарушы 

директоры Ф. Чапмэн, «Chevron Corporation» корпора-

циясы  Еуразиялық  бөлімшесінің  басқарушы  директо-

ры  С.  Дэвис,  «Лукойл»  ААҚ  вице-президенті  А.Р.  Ку-

зяев,  «ENI»  концернінің  барлау  және  өңдеу  бөлімінің 

өндірістік  бас  директоры  К.  Десқальци,  «BG  Group» 

компаниясының  Еуропа  мен  Орталық  Азия  өңірлері 

бойынша басқарушы директоры Э. Алманза қатысты.

Президент  шетелдік  инвесторларға  «Қазақстан 

Республикасының  тәуелсіздігіне  20  жыл»  мерекелік 

медалін тапсырды.

Сол  күні  Қазақстан  Республикасы  Парламенті 

Сенатының  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігінің 



203

Желтоқсан

20  жылдығына  арналған  салтанатты  жиналысында 

Мемлекет басшысына «Елбасы» төсбелгісі тапсырылды.

тұңғыш Президент — Елбасы — н.Ә. назарбаевты 

айрықша үлгідегі «Елбасы» белгісімен марапаттау ту-

ралы қаулыны сенаторлар бірауыздан қолдады, осы-

лайша  Мемлекет  басшысының  тәуелсіз  Қазақстанды 

қалыптастырудағы  және  дамытудағы  орасан  рөліне 

тарихи бағасын берді.

Президент  сенаторларға  бұл  бастамалары  үшін 

ризашылығын  білдіріп,  Парламенттің  Қазақстанның 

мемлекеттілігін  нығайтуға  үлкен  үлес  қосқанын  атап 

өтті.


Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы 

мерекелер  туралы»  Қазақстан  Республикасының 

Заңына толықтыру енгізу туралы» №509-ІV, «Қазақстан 

Республикасының  Үкіметі  мен  Украина  Министрлер 

кабинетінің  арасындағы  Қазақстан  Республикасының 

Украинадағы 

және 

Украинаның 



Қазақстан 

Республикасындағы  дипломатиялық  өкілдіктерін  ор-

наластыру шарттары туралы келісімді ратификациялау 

туралы» №510-ІV, «Кеден одағына мүше мемлекеттер 

кеден  органдарының  қылмыстық  істер  мен  әкімшілік 

құқық  бұзушылық  туралы  істер  бойынша  құқықтық 

көмегі және өзара іс-қимылы туралы келісімді ратифи-

кациялау туралы» №511-ІV заңдарына қол қойды.

Президент  сондай-ақ  «Қазақстан  Республикасы 

Ұлттық банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын 

бекіту  және  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану тура-

лы» №196 Жарлығына қол қойды.

15 желтоқсан

Мемлекет 

басшысы 


Астана 

қаласындағы 

тәуелсіздік  сарайында  өткен  Қазақстан  Республика-

сы  тәуелсіздігінің  20  жылдығына  арналған  салтанат-

ты жиналысқа қатысты.

Президент 

қазақстандықтарды 

мерейтоймен 

құттықтай  келе:  «...Біз  алтын  таққа  отырған  асқақ 

дәуірлерді де, өзгенің бодауында болған кер заманды 

да бастан кешкен елміз. Азаттық Ұлы Даланы мекен 

еткен аталарымыздың асыл арманы еді. Біз осы асқақ 

арманға қол жеткіздік», — деді.

Егеменді  даму  кезеңіндегі  қазақстандықтардың 

жетістіктерін  жария  ете  келе,  н.Ә.  назарбаев 

жаһандық  архитектоникада  барған  сайын  өріс  алып 



204

Желтоқсан

келе жатқан өзгерістер мен осыған байланысты пай-

да болған жаңа тәуекелдер мен қатерлер тұрғысында 

ұлт алдында әлемдік өркениет координаты жүйесінде 

өзін көрсете алуы үшін жаңа жолдар іздестіру, өзінің 

барлық  «плюстері»  мен  «минустарын»  ескере  оты-

рып, өзінің күш-қуатын сыни тұрғыдан бағалау, қазіргі 

жаһандану  әлемінде  ұлттық  мүдделер  тұрғысынан 

алып қарағанда келешегі бар даму формулаларын ой-

ластыру  міндеттері  тұрғанын  айрықша  атай  отырып, 

ұлт назарын тағы да болашаққа аударды (Қосымшаны 

қараңыз).

Мемлекет 

басшысы 

Астана 


қаласындағы 

«Қазақстан» орталық концерт залында Қазақстан Рес-

публикасы  тәуелсіздігінің  20  жылдығына  орай  өткен 

мерекелік концертті тамашалады.

Концертте  КСРО  халық  артисі  Ә.М.  Дінішев, 

Қазақстанның  халық  әртісі,  Мемлекеттік  сыйлықтың 

лауреаты н.П. Үсенбаева, Қазақстанның халық әртісі, 

Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты  Ж.Я.  Әубәкірова, 

Қазақстанның  халық  әртісі,  Мемлекеттік  сыйлықтың 

лауреаты  А.Қ.  Мұсақожаева,  Қазақстанның  халық 

әртісі Р.Қ. Рымбаева, сондай-ақ республикалық және 

халықаралық  байқаулардың  лауреаттары,  халық 

аспаптар оркестрі, би ансамбльдері өнер көрсетті.

16 желтоқсан

Мемлекет  басшысы  Астана  қаласында  Қазақстан 

Республикасының  тәуелсіздігі  күніне  орай  өткен 

мерекелік шараларға қатысты. 

20 мыңнан астам қала тұрғындары мен қонақтары 

қатысқан  «Мәңгілік  ел»  салтанат  қақпасының  салта-

натты ашылу рәсімі мерекенің басты оқиғасы болды. 

Шараға қатысушылар алдында Президент, салтанат 

қақпасының  әлемнің  көптеген  елдерінде  бар  екенін 

атап  өтті.  Астана  қаласында  салтанат  қақпасының 

ашылуы  Қазақстанның  тәуелсіздіктің  20  жылындағы 

табыстарын білдіретінін атап өтті. 

 

«Мәңгілік  ел»  салтанат  қақпасы  —  қазақ  халқының 



көп ғасырдан бергі арманын іске асырған зор жеңістің 

нышаны. Қақпаның биіктігі — 21,5 м,ені — 13 м.

Сол күні Мемлекет басшысы «нұр Отан» Халықтық-

демократиялық 

партиясының 

республикалық 

қоғамдық штабында болды. 


205

Желтоқсан

«нұр Отан» ХДП төрағасы н.Ә. назарбаев сарапта-

малық-талдау  тобының,  баспасөз  орталығының, 

логистикалық орталық пен елдің барлық өңірлерімен 

тікелей  байланыс  орнатылған  мәжіліс  залының 

жұмысымен танысты.

Одан соң Президент партияның өңірлік сайлауал-

ды  штабтарының  жетекшілерімен  селекторлық  кеңес 

өткізді.


Кеңесті  аша  отырып,  н.Ә.  назарбаев  сайлауалды 

науқанның  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігінің 

20 жылдығы күні басталғанының маңыздылығын атап 

өтті.  «Мәжіліс  сайлауы  қазақстандық  саяси  жүйені 

демократиялан-дырудың  жаңа  кезеңі  болуы  керек. 

Оның  қорытындысы  бойынша  Мәжіліс  құрамында 

кемінде екі саяси партия болуы тиіс», — деп атап өтті ол.

Селекторлық  кеңес  барысында  н.Ә.  назарбаев 

партия төрағасының орынбасары н.З. нығматулиннің 

және өңірлік сайлауалды штабтары жетекшілерінің ба-

яндамаларын тыңдады.

17 желтоқсан

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 

Қауіпсіздік кеңесінің отырысына төрағалық етті.

Отырыста 16–17 желтоқсанда жаппай тәртіпсіздік 

орын  алған  Маңғыстау  облысының  Жаңаөзен 

қаласындағы  жағдай  талқыланды  және  оны  реттеу 

жөніндегі шұғыл іс-шаралар дайындалды.

Оты рыстың  қорытындысы  бойынша  Президент 

Жарлығымен  Жаңаөзен  қаласына  тө тенше  жағдай 

енгізіліп,  бірқатар  мем ле кеттік  органдар  мен  ұлттық 

компания лар дың  басшылары  отставкаға  жіберілді 

және зардап шеккен елді мекендерді қалпына келтіру 

мәселелері жөнінде үкіметтік комиссия құрылды.

Президент  «Маңғыстау  облысының  Жаңаөзен 

қаласында  төтенше  жағдайды  енгізу  туралы»  №197 

Жарлығына қол қойды.

19 желтоқсан

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының аста-

насы  Мәскеу  қаласында  өткен  Жоғарғы  Еуразиялық 

экономикалық кеңестің отырысына қатысты.

Отырыс  барысында  Қазақстан,  Ресей  және  Бе-

ларусь  президенттері  еуразиялық  кеңістіктегі 

ықпалдастық  үдерістерін  одан  әрі  кеңейтудің  және 

тереңдетудің өзекті мәселелерін талқылады.


206

Желтоқсан

Өз сөзінде н.Ә. назарбаев келесі жылы іс жүзінде 

Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру кезеңі 

басталатынын атап өтті. Мүше елдердің бірқатар өкі-

леттіктері ұлттық деңгейден жоғары деңгейге беріледі.

Отырыстың  қорытындысы  бойынша  кедендік  баж 

салығын төлеуді, кедендік тасымал рәсімдеріне сәйкес 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет