Хроникасы



Pdf көрінісі
бет21/44
Дата27.03.2017
өлшемі10,07 Mb.
#10386
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44

жаңғырту  жүргізіп,  сондай-ақ  тұрғын  үй  қатынасының  оңтайлы  моделін  құруды 

қамтамасыз ету қажет.

Күрделі жөндеуді қажет ететін нысандардың үлесі 32% 2015 жылға қарай 22%-

ға төмендеуі тиіс.


225

Қосымшалар

Жаңғыртылған жүйелердің ұзындығы 2015 жылға қарай ел бойынша тұтастай 

алғанда 31 мыңнан астам шақырымды құрайтын болады.

Мемлекет  халықаралық  қаржы  институттары  мен  біздің  банктерімізді  тарта 

отырып,  жеке  инвесторларға,  кәсіпорындар  мен  азаматтарға  тұрғын  үйлер  мен 

коммуналдық нысандарды жөндеу және реконструкциялау үшін қаржыландырудың 

бірлескен арнайы тетіктерін ұсынады.

тКШ-ны  жаңғырту  бағдарламасын  жүзеге  асыру  жыл  сайын  10  мыңға  жуық 

жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

тұтастай  алғанда,  оны  жүзеге  асыруға  1,5  млн.  адам  —  көппәтерлі  тұрғын 

үйлердің тұрғындары қатысады.

Үкіметке ортақ мүлікті жөндеу мен қалпына келтіруге қаржы жинақтауды ынта-

ландыру мен қосыла қаржыландырудың тетігін жасауды тапсырамын.

Біз тек осылай еткенде ғана тұрғын үй жағдайын жақсартып, азаматтардың өз 

мүлкін сақтауға жауапкершілігін жоғарылата аламыз.

2.6. Сапалы ауыз су.

Қазақстандықтарды  сапалы  ауыз  сумен  қамтамасыз  ету  мәселелері  — 

халықтың денсаулығын жақсартудың аса маңызды міндеті, сондықтан бұл біздің 

басымдығымыз болады.

Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс 8 жыл бұрын басталған бо-

латын және оның оң нәтижелері бар.

Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қолжетімділік ауылды елді ме-

кендерде 41%-ға дейін, қалаларда 72%-ға дейін өсті.

тасымалы суды пайдаланатын адамдар саны 4 есе азайды.

Сонымен бірге, сумен қамтамасыз ету жүйелерін жақсартуды қажет ететін ау-

ылдар да әлі аз емес.

Қалалардағы сумен қамтамасыз ету жүйелерінің 60% тозығы жеткен.

Орташа  алғанда  республика  бойынша  ауыз  суға  қолжетімділік  деңгейі  2020 

жылға қарай 98% құрауы тиіс, ал судың сапасы белгіленген барлық санитарлық 

нормаларға сай болуы керек.

Үкіметке жеке капиталды су шаруашылығы секторына барынша молынан тарту 

үшін ынталандырудың тиімді жолдарын қарастыруды тапсырамын.

Жерасты  суларының  әлеуетін  кеңінен  пайдаланып,  сумен  қамтамасыз  етудің 

жаңа нысандарын салу кезінде жүйелі қадамдар жасау керек.

2020  жылға  қарай  сумен  қамтамасыз  етудің  орталық  желісіне  қолжетімділік 

қалаларда 100% құрауы тиіс.

Ал ауылды жерлерде 2 есе артып, 80%-ға дейін жетуі қажет.

2.7. табыстардың артуы — өмірдің жаңа сапасы.

Үстіміздегі жылы біз зейнетақылар мен стипендиялар көлемін, бюджеттік сала 

қызметкерлерінің еңбекақыларын 30%-ға өсіреміз.

2 жыл қатарынан біз оларды 25%-ға ұлғайтып келдік.

«нұр  Отан»  партиясының  Халықтық  тұғырнамасында  жоспарланғанындай, 

2012 жылға қарай зейнетақылардың, бюджеттік ұйымдар еңбекақыларының және 

стипендиялардың орташа көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 2 есе өседі.

Біз бұған уәде бердік, біз мұны орындадық.



226

Қосымшалар

Менің тапсырмам бойынша 3 жылдық бюджетте сіздерге айтқан индустриялық-

инновациялық, сондай-ақ әлеуметтік бағдарламаларды қаржылай қамтамасыз ету 

қарастырылған.

Енді барлығы Үкімет пен жергілікті билік органдарының бұл міндеттерді қалай 

орындайтынына, бұл жұмыстың қалай ұйымдастырылатынына байланысты болмақ.

Бұл — таяудағы онжылдықта жасалуы тиіс жұмыстың ең аз деген мөлшері.

Біз бұл жоспарларды артығымен орындауға ұмтылуға тиіспіз.

Онжылдықтың басты әлеуметтік мақсаты, міне, осында.

Қымбатты қазақстандықтар!

Менің Жарлығыммен 2011 жыл тәуелсіздіктің 20 жылдығы деп жарияланды.

Мемлекеттік комиссия құрылып, шараның Жалпыұлттық жоспары бекітілді.

Бұл — жалпыхалықтық іс.

Үкіметке  оны  жүзеге  асыруда  инвесторлардың,  бизнес-қауымдастықтарының, 

қазақстандықтардың күшін біріктіруді тапсырамын.

«Бейбітшілік  пен  жасампаздықтың  20  жылы»  —  біздің  мерейтойымыздың 

ұраны осы.

тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жолының — бостандық, бірлік, тұрақтылық, 

өркендеу секілді арқаулық құндылықтары қалыптастырылды.

Қымбатты қазақстандықтар!

Құрметті депутаттар!

Мен үшін және бәріміз үшін Президенттің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту 

бойынша  референдум  өткізу  туралы  жалпыхалықтық  бастамаға  байланысты 

әжептәуір саяси коллизия қалыптасып отыр.

Мен  референдумды  қолдап,  өздерінің  қолдарын  қойған  барлық 

қазақстандықтарға, сондай-ақ акция бастамашыларына шынайы ризашылығымды 

білдіремін.

Халықтың еркін білдіруі толқынында қаңтардың ортасына қарай Орталық сай-

лау комиссиясы 5 млн. астам адамның қол қойғанын жариялады.

Санаулы күндер ішінде референдум туралы бастама іс жүзінде бүкілхалықтық 

қозғалысқа айналды.

Осы  акция  барысында  «нұр  Отан»  партиясы  демократиялық  күштердің 

«Қазақстан-2020» қоғамдық коалициясын құрды.

Халықтық  бастама  қазақстандықтардың  өшпейтін  азаматтық  белсенділігін 

көрсетті.

Ол елдің саяси, интеллектуалдық өмірін белсенділендірді.

Бұл даму мен прогрестің үлкен әлеуеті барлығын айғақтап берді.

Сіздер осы мәселе бойынша барлық жағдаяттарды жақсы білесіздер.

Мен өзімнің Жарлығыммен Парламенттің референдум өткізу туралы ұсынысын 

қабылдамай  тастадым.  Өйткені,  2012  жылғы  президенттік  сайлауға  қатысуға 

дайындалып жүрген едім.

Парламент,  өзінің  конституциялық  өкілеттігін  пайдаланып,  Конституцияға 

өзгеріс енгізу туралы Заң қабылдады.

Мен  заңды  Конституциялық  кеңеске  жолдадым,  ол  оның  конституциялығын 

айқындауы тиіс.



227

Қосымшалар

тек осыдан кейін шешім қабылданатын болады.

Ол Конституция мен біздің заңдарымызға сәйкес келуі және халқымыздың ұзақ 

мерзімді мүддесін ескеруі тиіс.

Қалай болғанда да, халықтың еркі — бәрінен жоғары.

Солай дей тұра, мен сыртқы саясатта біз бүкіл әлемдегі инвесторларға, бизнес-

қауымдастықтарға міндеттемелеріміздің тұрақтылығын қамтамасыз ететіндігімізді 

мәлімдеймін.

Біздің  саясатымыз  барлық  әріптестеріміздің  үміттері  мен  күткендеріне 

сәйкесетін болады.

Қазақстан Ресей, Қазақстан және Беларусь Кедендік одағын жедел де тиімді да-

мыту ұстанымында қалады.

Біз тМД елдерімен ынтымақтастығымызды дамытатын боламыз.

Біз  еуропалық  әріптестерімізге  бірлесіп,  көпжақты  немесе  екіжақты  пішінде 

«Қазақстан – ЕО:2020» энергетикалық хартиясын жасап, қабылдауды ұсынамыз.

Бұл Еуропа рыногына энергия ресурстарын жеткізу, тұрба құбыры жүйесін да-

мыту тұрақтылығына кепілдікті қамтамасыз етеді.

Біз  осы  жылы  Алматыда  Ауғанстан  бойынша  арнайы  донорлық  конференция 

өткізуге бастамашылық танытпақпыз.

Бұдан  бұрын  мен  Каспийдегі  тұрақтылық  пактісін  қабылдау  идеясын 

ұсынғанмын.

Бұл  халықаралық  құжат  Орталық  Азия  мен  Кавказдың  барлық  кең  байтақ 

өңірінде тұрақтылықтың берік іргетасын қалай алады.

Қазақстан  ЕҚЫҰ-ға  төрағалығы  шеңберінде  бастаған  жанжалдарды  реттеу 

жөніндегі жұмысын жалғастырады.

Біз жаһандық ядролық қауіпсіздік саласында көшбасшы болып қалып отырмыз.

Қазақстан  БҰҰ-ға  Жалпыға  ортақ  ядросыз  әлем  декларациясын  қабылдауды 

ұсынады.

Сондай-ақ  Қырғызстанға  көмектің  мемлекетаралық  бағдарламасын  жасап, 

қабылдау маңызды деп санаймын.

Үстіміздегі жылы Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына жетекшілік етеді.

Біз Батыс пен Ислам әлемі үнқатысуын нығайту бойынша бастама көтердік.

ИКҰ-ға  төрағалық  Қазақстанның  сыртқы  саясатының  азиялық  векторын 

күшейтуі тиіс.

Үстіміздегі  жылдың  шілдесінде  Астанада  Шанхай  ынтымақтастық  ұйымының 

мерейтойлық саммиті өтеді.

ШЫҰ біздің белсенді қатысуымызбен құрылған болатын және біз оның нығаюы 

үшін барлық қажетті нәрсені жасауға тиіспіз.

Мұның барлығы Қазақстанның өңірлік және жаһандық тұрақтылықты нығайтуға 

қосқан маңызды үлесі болады.

Қадірлі қауым!

Қымбатты қазақстандықтар!

таяуда Елбасы өкілеттігін ұзарту үшін бүкілхалықтық референдум өткізу туралы 

бастама көтерілгенін баршаңыз білесіздер. Бастамаға үкіметтік емес ұйымдар мен 

жекелеген азаматтар, зиялы қауым өкілдері мен Парламент депутаттары қолдау 

білдіруде.


228

Қосымшалар

Мен  елдің  бұл  ыстық  ықыласын  тәуелсіздікті  нығайту,  мемлекетті  орнықтыру 

ісіне берген бағасы деп білемін.

Отанды қалтқысыз сүю — оның суығына шыдап, ыстығына күюді талап етеді.

Менің ғұмырым ел тағдырымен еншілес. Маған сыраттың көпіріндей қылпылдаған 

кезеңде  тәуелсіздік  алып,  мемлекет  құру  ісі  сеніп  тапсырылды.  Сондықтан,  мен 

сенімге серт беріп, бар жауапкершілікті мойныма алдым.

Күрмеуі қиын түрлі тағдырлы шешімдерді жүрегімнен өткізіп қабылдадым.

Мен  20  жылдан  бері  бар  күш-жігерім  мен  білік  тәжірибемді  аямай,  халқыма 

қалтқысыз қызмет етіп келемін. Осы жылдары мәртебемізді көтеріп, мерейімізді 

асырған барша жетістіктеріміз — біздің ортақ табысымыз. Сондықтан, бастамашы 

азаматтар мен тілекші болған барша қазақстандықтарға ризашылық білдіремін!

Мен үшін қашанда мемлекет мүддесі мен ел игілігі жолында қызмет атқарудан 

артық бақыт болған емес.

Алдымызда  атқарылар  қыруар  істер  бар.  Бұл  жолда  біздің  ең  басты 

құндылығымыз — берекелі бірлігіміз.

Мен ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты 

ұлысқа айналарына кәміл сенемін.

Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» де-

ген даналық сөз бар.

Біз бүгінгі Жолдау арқылы мерейлі белестегі атқарған істерімізді қорытындылап, 

болашаққа бағдар жасадық.

Баршаңызға ел игілігі, мемлекет мүддесі жолындағы абыройлы істерде мол та-

быс тілеймін!

Мерекелі күндерге жеткізген берекелі тірлігіміз баянды болсын, ағайын!

назарларыңызға рахмет.


229

Қосымшалар

VII қысқы Азия ойындарын

салтанатты ашу рәсімінде сөйлеген сөзі

Астана қаласы, 2011 жылдың 30 қаңтары

Құрметті қонақтар!

Қымбатты спортшылар!

Қадірлі жанкүйер қауым!

Қазақстан халқы атынан VII қысқы Азия ойындарына жиналған баршаңызды 

ыстық ықыласпен қарсы алғаныма қуаныштымын.

Әлем халқының тең жартысы мекендейтін Азия құрлығындағы бұл дүбірлі жа-

рыс — биылғы жылдың ең үлкен спорт мерекесі.

Біз мұндай құрлықтық шараны тМД және мұсылман елдері арасында тұңғыш 

рет өткізіп отырмыз.

Бұл жасампаз шараның Қазақ жерінде өтуі — елімізге көрсетілген құрмет пен 

сенімнің жарқын айғағы деп білемін.

Бұл Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесінің беташар оқиғасы болады.

Менің  шақыруымды  қабыл  алып,  байрақты  бәсекенің  ашылуына  келген 

мәртебелі меймандарға ризашылық білдіремін.

Азия  Олимпиадалық  кеңесінің  президенті  Ахмад  әл-Фахад  әл-Сабах  мырзаға 

және Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Жак Рогге мырзаға алғыс 

айтамын.


Олимпиялық ойындар бүгінде елдер мен халықтар арасындағы достықтың ал-

тын арқауына айналды.

Байырғы байтақ мекенде бізді Азиада рухы жақындастыра түседі деп сенемін.

Бұл біздің «Мақсаты бірдің — рухы бір» деген ортақ ұранымызда көрініс тапқан. 

Шығыс пен Батысты жалғаған ұлан-ғайыр Қазақ жеріндегі Азиада ойындары Аста-

на мен Алматыда қатар өткізіледі.

Еуразиядағы ізгілік пен бейбітшіліктің бесігіне баланған Астанада бүгін олим-

пиада алауы тұтанып отыр.

Елордамызда  қысқа  уақыт  аралығында  халықаралық  деңгейдегі  ірі  спорт 

кешендері пайдалануға берілді.

Өздеріңіз көріп отырған, 30 мың адамға арналып салынған осы «Астана-Арена» 

стадионы соның жарқын айғағы.

Ал  Алматыдағы  Медеу  мен  Шымбұлақта  әлемдік  талай  рекордтар  дүниеге 

келгенін баршаңыз білесіздер. Мен осы Азиада ойындарында да көптеген рекорд-

тар жаңарады деп сенемін.

Қымбатты достар!

Спортта шекара жоқ, ол халықтарды біріктіреді.

Биылғы жылы Қазақстанда өтіп отырған қысқы Азия ойындарының тарихында 

бірінші рет оған қатысушылардың саны 27 елден асты.

Мыңға тарта спортшылар спорттың 11 түрінен медальдарды сарапқа салады.

Қысқы  Азия  ойындарымен  біз  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігінің 

20 жылдығына арналған шаралар бетін ашамыз.



230

Қосымшалар

Жаңа  ғана  Азия  олимпиялық  кеңесінің  жалауы  көтерілді,  спортшылар  мен 

төрешілер ант қабылдады.

Мен әділ күресте ең лайықтылардың жеңіске жетуіне тілек білдіремін.

Жанкүйерлерге қызықты көріністер мен жаңа әсерлі сезім тілеймін.

Азиаданың ізгі алауы мәңгі достықтың белгісіне айналсын.

Қадірлі қауым!

Осымен VII қысқы Азия ойындарын салтанатты түрде ашық деп жариялаймын!


231

Қосымшалар

Қазақстан халқына 

үндеуі


Астана қаласы, 2011 жылдың 31 қаңтары

Құрметті қазақстандықтар!

Қымбатты отандастар!

Бүгін,  2011  жылғы  31  қаңтар  күні  Конституциялық  кеңес  Ата  Заңымызға 

Қазақстан  Республикасы  тұңғыш  Президентінің  өкілеттігін  республикалық  рефе-

рендум арқылы ұзартуды қарастыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура-

лы Заңның құқықтық тағдыры туралы шешімін шығарды.

Парламент  депутаттары  бұл  заңды  референдумды  қолдау  жөніндегі  үндеуге 

қолдарын қойған 5 млн. астам қазақстандықтың қалауын басшылыққа ала оты-

рып қабылдаған болатын.

Бұл бастаманы мен өз Жарлығыммен қабылдамай тастадым.

Алайда,  Парламент  конституциялық  құқығын  пайдаланып,  аталған  заңды 

қабылдады.

Конституциялық  кеңес  Парламент  қабылдаған  шешімді  қарап,  Заңды 

Конституцияға сәйкес келмейді деп таныды.

Мұнымен  Конституциялық  кеңес  осы  мәселеде  республикалық  референдум 

өткізу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Мен қабылданған шешіммен келісемін.

Осылайша, күрделі саяси ахуал қалыптасты.

Бұл мені Мемлекет басшысы ретінде тарихи жауапкершіліктiң бар жүгін мойны-

ма алып, референдумның тағдыры туралы шешім қабылдауға міндеттейді.

Қымбатты отандастар!

Мен  бүкілхалықтық  сенім  білдіргені  үшін  барша  қазақстандықтарға  шынайы 

ризашылығымды білдіремін.

Бастамашы  топқа,  депутаттарға  және  «Қазақстан-2020»  демократиялық 

күштердің бүкілхалықтық коалициясына алғыс айтамын.

Бұл — экономикалық даму және елімізді әлеуметтік жаңғыртудағы бағдарымызға 

бүкілхалықтық қуатты қолдау мен сенімнің айқын айғағы.

Мен үшін өз халқымның қалтқысыз қолдауынан артық биік баға болмайды.

Бастамашы  топтың  осы  ұсыныс  арқылы  Елбасы  өкілеттігін  10  жылға  ұзарту 

ғана емес, еліміздің өркендеуі және қоғамдық тұрақтылықты нығайту бағытындағы 

іргелі істерді жалғастыруды көздегеніне сенемін.

Бір жағынан, мен сайлаушылардың басым көпшілігін құрайтын бүкілхалықтық 

бастаманы кері қайтара алмаймын.

Мәселенің  екінші  қыры,  мен  Елбасы  және  Конституцияның  кепілі  ретінде 

болашақ саясаткерлерге жаңылыс бағыт сілтейтін іске жол бере алмаймын.

Сондықтан, мені халық дұрыс түсінеді деп сенемін.

Біз  бұл  жайтты  жай  «қабылдау  немесе  бас  тарту»  ретінде  емес,  өмірдің  өзі 

ұсынған демократияның тарихи тағылымы деп қабылдағанымыз жөн.

Бұл  —  Елбасы  мен  халықтың  Ата  Заңға  адалдығын  бағамдайтын  тағылымды 

дәріс.


232

Қосымшалар

Демократиялық  жолмен  сайланған  тұңғыш  Президент  ретінде  еліміздің  биік 

мүдделерін  басшылыққа  ала  отырып,  мен  референдум  өткізбеу  туралы  шешім 

қабылдадым.

Жұртшылықты бөлетін «референдум әлде сайлау» деген таңдаудың орнына мен 

халқымыздың  еркі  мен  демократиялық  қағидаттарға  адалдығын  ескеретін  және 

бізді біріктіретін жолды ұсынамын.

Мен өкілеттігімнің 2 жылға қысқаратынына қарамастан, мерзімінен бұрын Пре-

зидент сайлауын өткізу туралы ұсыныс енгіземін.

тиісті Заң Парламентке ұсынылады.

Қадірлі қазақстандықтар!

Сіздердің  қолдауларыңыз  мен  үшін  мемлекет  пен  халық  мүддесі  жолында 

қашанда сенім мен шындықтан айнымай қызмет етуге күш беретін бастау болады.

Алдымызда әлі атқарылатын қыруар істер бар.

Біз индустриялық-инновациялық және әлеуметтік жаңғырту бағдарламаларын 

батыл іске асырудамыз.

Бірге кеңесе отырып ойға алған жоспарларымызды іске асырамыз және Отаны-

мызды гүлдендіре түсеміз деп кәміл сенемін.

Біз кемел келешегіміздің берік іргесін бірге қалаймыз!



233

Қосымшалар

«Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының

ХІІІ съезінде сөйлеген сөзі

Астана қаласы, 2011 жылдың 11 ақпаны

Құрметті съезге қатысушылар мен қонақтар!

Менің партиялас серіктерім!

Қадірлі достар!

«нұр  Отан»  партиясының  съезі  біз  үшін  қастерлі  меже  —  ел  тәуелсіздігінің 

20 жылдығы қарсаңында өтуде. 

Осыдан 20 жыл бұрын біз дербес даму жолына түстік. Бұл жол шын мәнінде 

ел тарихындағы жаңа дәуірдің бастауына — жасампаздық пен қарышты дамудың 

даңғылына айналды. Біз алға биік мақсаттар қойып, оларға қол жеткізе алатыны-

мызды  ең  әуелі  өзімізге  және  өзгеге  дәлелдей  білдік.  Қазақстанның  бұл  бірегей 

жолы  қоғамдық  келісім  мен  халқымыздың  бірлігі,  болашаққа  деген  берік  сенімі 

нәтижесінде жүзеге асты. 

Біздің жеңісті де жемісті жолымыздың негізінде қашанда басты құндылығымыз — 

тәуелсіздік тұрды. Біз оның 20 жылдық мерейтойын лайықты қарсы алуға тиіспіз. 

Сондықтан, «нұр Отанның» алдында тәуелсіздік мерейтойын өткізу ісіне белсене 

қатысу міндеті тұр.

Бүгінгі  съезд  партия  тарихындағы  айрықша  биік  белес  боларына  сенемін. 

Өйткені, біз тұтас он жылға арналған ұзақмерзімді жаңа партиялық бағдарламаны 

қабылдағалы отырмыз. 

«Отандастар» республикалық акциясы барысында 2 млн. астам ел азаматы өз 

пікірлерін жолдады. Олар шын мәнінде жаңа бағдарламаның өмірге келуіне үлкен 

үлес қосты.

тарихқа көз жүгіртсек, елді жаңғырту ісі саяси партиялардың жауапкершілігіне 

жүктелген сәттер аз болмаған.

Мысалы, Жапонияның Либерал-демократиялық партиясы аграрлық елді қазіргі 

заманғы қуатты державаға айналдырды.

Германияда  Христиан-демократиялық  одақ  Христиан-социалды  одақпен 

бірлесіп, үлгі боларлық әлеуметтік мемлекет құрды.

Біз  Шарль  де  Голльдің  ұран  тастауы  арқылы  құрылған  партия  жүргізген 

жаңғыртуды ұмытпаймыз.

Жаңа  дәуірге  бастайтын  реформаларды  табысты  жүзеге  асыру  ісі  біздің 

партиямызға өркенді өзгерістер көшбасшысына айналуға мүмкіндік береді.

Сондықтан «нұр Отан» партиясы елді жаңғырту ісіне жетекшілік етуге тиіс.

Құрметті әріптестер!

Сіздерге Президенттің өкілеттігін ұзарту туралы референдум өткізу бастамасына 

байланысты оқиғалардың қалай өрбігені белгілі.

5  млн.  астам  қазақстандықтарды  біріктірген  осы  идея  төңірегінде 

«Қазақстан-2020» демократиялық күштерінің қоғамдық коалициясы қалыптасты. 

Аталған бастаманы қолдаған барлық қазақстандықтарға шынайы ризашылығымды 

білдіремін. Мен үшін ел Президенті ретінде халықтың сенімі бәрінен де жоғары.



234

Қосымшалар

тек еліміздің жоғары мүдделерін басшылыққа алған мен референдумның орны-

на мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы шешім қабылдадым. Және 

бұл қадамға менің өкілеттік мерзімім 2 жылға дерлік қысқаратынына қарамастан 

бардым.


Қоғамда аталған шешім дұрыс және оң қабылданды.

Бүгін  «нұр  Отан»  партиясының  жоғары  органы  менің  кандидатурамды  ел 

Президенті  қызметіне  ұсынды.  Бұл  шешімді  мен  жүргізіп  отырған  бағытыма 

қолдаудың көрінісі деп қарастырамын. Осы үшін өзімнің серіктестеріме айрықша 

алғысымды жеткізгім келеді.

Әркез айтып келдім және тағы да мәлімдеймін, егер оған халықтың еркі болса, 

мен елім үшін жұмыс істеуге дайынмын. Сондықтан алдағы сайлауда президенттікке 

баламалы  түрде  түсуге  өзімнің  келісімімді  беремін.  Қазақстан  халқы  жүргізіліп 

келе  жатқан  бағытты  қолдайды  деп  сенемін.  Бұл  басталған  істі  жалғастырып, 

қазақстандықтардың өмірін қазіргіден де жақсартуға, сөйтіп, ел игілігі үшін жұмыс 

істеуге мүмкіндік бермек. Ал «нұр Отан» партиясы мен оның төңірегіне топтасқан 

Демократиялық  күштердің  коалициясы  жүргізіліп  келе  жатқан  саясатқа  кең 

қолдауды қамтамасыз етеді. Бәріміз бірге жеңіске жететінімізге сенімдімін!

Қымбатты қазақстандықтар!

Бүгін  біз  менің  2005  жылғы  сайлауалды  бағдарламамда  алға  қойған  барлық 

міндеттер орындалды деп сенімді түрде мәлімдей аламыз.

Біз 7 жылда атқарамыз деп жоспарлаған жұмыстарымызға мерзімінен бұрын, 

5 жыл ішінде қол жеткіздік!

Біріншіден, қазақстандықтардың  әл-ауқатының сапалы өсіміне  қол  жеткіздік. 

Бір  қазақстандықтың  ІЖӨ  көлемінің  қазіргі  көрсеткіші  9  мың  доллар  болса,  біз 

бұған  тек  2012  жылы  ғана  жетеміз  деп  есептеген  едік.  Осы  көрсеткіш  бойынша 

Қазақстан әлем елдерінің үштен бірінің қатарында тұр!

Еңбекақының, зейнетақы мен жәрдемақының орташа айлық өсім көрсеткішіне 

жоспарланғаннан 2 жыл бұрын қол жеткіздік.

Және  мұның  барлығы  әлемдік  дағдарыспен  байланысты  қиындықтарға 

қарамастан мүмкін болды.

Екіншіден, мен осыдан 5 жыл бұрын уәде бергенімдей, біздің экономикамыз 

жыл сайын орташа есеппен 7–8% өсіп отырды.

Үшіншіден,  ауылды  көтерудің  ауқымды  бағдарламасы  жүзеге  асырылды. 

Қазақстан ұн экспорты жөнінен әлемде бірінші орынға шықса, бидай экспорты 

бойынша жетінші орын алады.

төртіншіден, инфрақұрылым жедел дамыды.

Жаңа  электр  тарату  желілері  мен  энергетика  нысандары  салынды.  Елдің 

оңтүстігіндегі қуат көзі тапшы өңірлерді электрмен қамтамасыз ету ұлғая түсті. 

Біз құрлықтық және трансқұрлықтық магистральдар салып жатырмыз. Бұл — 

«Батыс  Еуропа  –  Батыс  Қытай»  автомобиль  жолы,  Парсы  шығанағына  шығуға 

мүмкіндік  беретін  «Қорғас-Жетіген»  және  «Қазақстан-түрікменстан-Иран»  темір 

жолы.


Бесіншіден, шағын және орта бизнестің ІЖӨ-дегі үлесі қазірдің өзінде кем де-

генде 30%-ды құрайды.

Біз кәсіпкерлерді қолдаудың кешенді шараларын қабылдадық.


235

Қосымшалар

Жекеменшікті қорғаудың құқықтық тетіктері күшейтілді. Барлық мемлекеттік ор-

гандар үшін шаруашылық субъектілерін тексерудің біртұтас қағидаттары бекітілген 

заң  қабылданды.  Жеке  бизнес  қызметіне  негізсіз  араласудың  жауапкершілігі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет