Хронобиология


  АВИАКОСМОСТЫҚ БИОЫРҒАҚТАР



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата03.03.2017
өлшемі0,94 Mb.
#7021
1   2   3   4   5   6   7   8   9

23  АВИАКОСМОСТЫҚ БИОЫРҒАҚТАР 

 

Күн – жердегі ӛмірге тіршілік беретін энергияның таусылмас кӛзі, алып 



табиғи  термоядролық  реактор.  Сәулелелік  күн  энергиясы  тірі  және  ӛлі 

табиғаттағы  барлық  процестердің  бастапқы  кӛзі  болып  табылады.  Жердің, 

судың, ауаның қызуы, ауа және су массасының қозғалысы (желдер мен теңіз 

ағымы)ауауның  булануы  және  алыс  қашықтарға  таралуы,  ӛсімдіктердің 

дамуы  мен  олардың  органикалық  заттардың  түзілуі,  тау  жыныстарының 

бұзылуы  мен  топырақтың  түзілуі  сияқты  процестер  күн  энергиясының 

есебінен іске асырылады. Күннің ішіндегі температура 40 млн градус болса, 

беткі температурасы – 6000 градус. Күннің беті және оның атмосферасында 

протуберанттардың  (күннің бетінде қайнап, қызыл шыққан газ), дақтардың, 


 

факельдердің  пайда  болуы  мен  кӛрінетін  күрделі  процестер  ӛтеді.  Күндегі 

бұндай  түзілістердің  пайда  болуы  он  бір  кезеңдегі  күн  активтілігін 

анықтайды.  Атап  айтқанда  бұл  жылдар  күннің  активтілігі  жоғары  жылдар 

болып  табылады.  Күннің  ішіндегі  термоядролық  реакциялар  баяу  жүретін 

жылдарға  қарағанада  күн  активтілігіжоғары  жылдары  жердегі  ауа  –  райы 

елеулі  түрде  ӛзгереді,  сәтсіз  оқиғалар  мен  апаттар  саны  кӛбейеді.  Қазіргі 

кезде  күн  активтілігінің  жоғары  болуы  адам  және  жануарлар  организмінің 

физиологиялық  функцияларына  әсер  ететіні  дәлелденген.  Кӛптеген 

зерттеулерден  жоғары  күн  активтілігінен  инфарктар,  инсульттардың 

санының  кӛбейгендігі,  жүрек  тамыр  патологиясы  мен  организм 

функцияларында  басқа  да  ӛзгерістер  саны  кӛбейгендігі  дәлелденген.  Жер 

біздің  космостық  үйіміз.  Біз  ӛзіміз  аз  білетін  алып  галактикалық  күштің 

әсеріне ұшыраймыз және ең жақын космостық кӛршілер – Ай мен Күн әсері 

ең күшті. Шын мәнәнде біздің биосфера күннің жылуы мен жарығының тура 

туындысы.  Жер  бетіндегі  бар  нәрсенің  бәрі  күннің  әсерінен  пайда  болған. 

Организм   ӛмірінің  биологиялық  ритмі  күн  мен  түннің  алмасуының, 

космостық  ритімімен,  ай  фазаларының  алмасуымен,  температураның, 

ылғалдылықтың,  қысымның  мезгілдік  ӛзгерісімен  сәйкес  келеді.  Күннің 

жоғары  активтілігімен  жол  апаттары  санының  ӛсуі  арасында  байланыс  бар 

екендігін  дәлелдеген.  Зерттеулерден  Күннің  оталу  кезеңінде  адамның 

реакциясы  4  есе  азаятындығы  кӛрінген.  Күн  активтілігінің  ӛзгерісімен 

эпидемияның  дамуы  арасында  байланыс  бар.  30  –  шы  жылдары  А.Л. 

Чижевский күн активтілігімен оба және холера пандемиясымен эпидемияның 

пайда  болу  арасында  байланыс  бар  екендігін  кӛрсеткен.  1957-59  және  65 

жылдардағы  тұмаудың  пандемиясы  мен  эпидемиясын  40  жыл  бұрын 

Чижевский  болжаған.  Ұлы  ғалым  Г.  Берг  күннің  ең  жоғары  активтілігімен 

меннингит  күшейген  кӛздерінің  сәйкес  келгендігін  кӛрсеткен.  Бүгінгі  күні 

космостық факторлардың биологиялық   организмге әсерінде, күмән жоқ. Біз 

оның  маңызын  терең  ұғып,  заңдарын  ашып,  біздің  планетадағы  тіршіліктің 

иілігіне  жарата  білуіміз  керек.  Күнде  ӛтетін  термоядролық  реакциялардың 

нәтижесінде  зор  электромагниттік  энергия  бӛлінеді.  Электромагниттер 

толқындар бір энергия мӛлшері бар фотондар деп аталатын ағымын әкеледі. 

Бір фотон энергиясының заряды квантпен белгіленеді. Қазіргі уақытта жарық 

материяның  бір  формасы  деп  белгіленген.  Белгілі  бір  жағдайларда  фотон 

электрон  мен  позитрон  фотонға  айналуға  қабілетті.  Сондықтан,  жарық 

материяның  басқа  бір  түрінде  айнала  алатын  қозғалыстағы  материя  болып 

табылады.  Жарықтың  физикалық  табиғатын  игеруде  орыс  ғалымы  Н.Н. 

Лебедевтің еңбегі зор. Ол жарық қысымы бар екендігін кӛрсетті (1866-1913). 

Бұл  жарықты  салмағы  бар  материялық  бӛлшектер  ағымы  ретінде 

қарастыруға  мүмкіндік  береді.  Күн  сәулелері  күн  массасын  әкеледі. 

Академик  С.И.  Вавиловтың   (1950)  есептеуі  бойынша  2  л  судың  салмағы  1 

секундта Күннен жер бетіне түсетін жарыққа тең. Сонымен әр секунд сайын 

түсетін  2  кг  жарықтан  жердегі  ӛсімдіктер  мен  жануарлар  әлемі  ӛмір  сүріп 

күрделі 

геофизикалық 

және 

атмосфералық 



процестер 

ӛтуде


.  

 


 

Инфрақызыл  сәулелердің  физиологиялық  әсері.  ИҚ  сәулелердің  теріге 

жылулық әсер туғызады, оның жоғары мӛлшері ауырсыну сезімін туғызады. 

Толқын ұзындығы әртүрлі сәулелердің ауру туғызу шегінің шамасы әртүрлі. 

Егер  кӛрінетін  сәулелер  үшін  шыдатпастай  ауруды  сезіну  311  кал/см/мин 

пайда  болатын  болса,  қысқа  толқынды  ИҚ  сәулелер  үшін  1,79  ұзын 

толқынды  сәулелер  үшін  1,33  кал/см/мин.  Күннің  ИҚ  сәулелері  жасанды 

сәулелену  кӛзінен  әлдеқайда  ерекшеленеді,  күннің  жылылық  сәулеленуінің 

70  теріге  неғұрлым  тараң  ӛтіп,  субьективті   сезінуді  туғызатын  қысқа 

толқынды  ИҚ  радиациясынан  тұрады.  Жасанды  кӛздер  терінің  бетіне  ғана 

әсер ететін ұзынтолқынды сәулелер береді. ИҚ сәулелердің тікелей әсерінен 

тіндерде  сәулелер  береді.  ИҚ  сәулелердің  тікелей  әсерінен  тінднрге 

сәулеленуге  ұшыраған  активті  заттар  пайда  болады.  Бұл  заттар  жалпы  қан 

айналымы  шеңберіне  түсіп,  сәулеленуге  ұшырамаған  тіндерде  алмасу 

процесі  мен  жылу  түзуді  күшейтеді.  ИҚ  сәулелердің  жетіспеушілігі 

организмді  тоңазуда  қорғайтын  жуна  организмінің  ИҚ  сәулелерге 

сезімталдығын  жоғарылататын  симпатоадреналинді  жүйенің  әрекетін 

күшейтеді.  Адреналин  терінің  пигментелудің  күшейтетіні  белгілі,  ал 

пигменттелген  тері  ИҚ  сәулелерін  жеңіл  сіңіреді.  Пигменттелген  тері  ИҚ 

сәулелерін  62  –  ке,  ал  пигменттелмеген  тері  42  –  ке  шағылыстырады.  ИҚ 

сәулелерінің  жылулық  факторы  тамырларды  кеңіп,  қан  ағымын  күшейтеді. 

Морфологиялық  құрылысы  әртүрлі  тіндер  жылуды  әртүрлі  қабылдайды. 

Сондықтан  оларда  температураның  жоғарылауы  да  әртүрлі.  Мысалы: 

температураның ең жоғары кӛтерілу бұлшық еттер мен безді тіндерде ӛтеді. 

Бұл  құбылыс  басқаларға  қарағанда  бұлшық  еттер  мен  безді  тіндерде  ИҚ 

сәулелерінің  әсерінен  интенсивті  түрде  ӛтетін  және  тез  пайда  болатын  қан 

айналымы  мен  алмасу  процестерінің  жоғарылауымен  түсіндіріледі. 

Температураның  кӛтерілуі  бірінші  кезекте  сәулеленуге  ұшыраған  жерде,  ал 

содан  соң  басқа  аймақтар  мен  региондарға  байқалады.  ИҚ  сәулелердің 

әсерінен  тек  қана  ағымы  күшейіп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  қанның 

құрамы  да  ӛзгереді:  гемоглабиннің,  эритроциттердің,  лейкоциттердің, 

лимфоциттердің,  эозиноофилдер  мӛлшері  жоғарылайды  –  бұл  кӛрініс 

организмнің  иммунологиялық  реактивтілігінің  жоғарылайтынын,  сыртқы 

орта  мен  ішкі  ортаның  қолайсыз  әсеріне  оның  қорғаныс  қызметінің 

күшейетіндігін  мәлімдейді.  ИҚ  сәулелер  терінің  тыныс  алу  қызметін 

жоғарылатады.  Терінің  тыныс  алу  қызметінің  ӛздігінен  пайда  болуы  ИҚ 

сәулелердің  әсерінен  екендігі  толық  мүмкін.  Соңғы  жылдардың  зерттеулері 

ИҚ  сәулелердің  бактериоцидтілігі  аз  болғанмен,  оның  ультрокүлгін  және 

кӛрінетін  сәулелердің  бактериоцидтілігін  арттыратындығын  кӛрсетеді.  Күн 

сәулелерінің  барлық  жиынтығы  микробтарға  күшті  әсер  етеді.  Қысқа 

толқынды  ИҚ  сәулелері  4  см  тереңдікке  дейін  ӛтеді.  Шамамен  осындай 

тереңдікте  тіндер  сәулелену  жолымен  жылуды  жоғалтады.  Зерттеулер  егер 

ауамен  жылытылған  теріге  салқын  экран  (5)  қойса,  10  мм  тереңдікте  25 

минуттан  кейін  температура  1,2  дейін  тӛмендейді.  К  Ү  Н    Ӛ  Т  У.   Күн 

астында ешқандай сақтандырусыз шамадан тыс кӛп уақыт жүруден күн ӛтуі 

мүмкін.  Клиникалық  белгілеріне  байланысты  жеңіл,  орта  және  ауыр 


 

дәрежедегі күн ӛтуі болады. Күн ӛтудің алғашқы кӛріністері – бұл жеңіл бас 

айалу,  жүрек  айну,  бас  ауру,  терінің  әсіресе  беттің  қызаруы,  пульстің 

баяулауы. Бұл ыстық ӛтудің жеңіл дәрежесі. Егер осы белгілердің біреуі күн 

ваннасын  қабылдау  кезінде  байқалса,  тез  тоқтатып,  кӛлеңкеге  апарып, 

маңдай мен жүрек тұсына салқын компресс басып, жүре дәрілерді қалбылдау 

керек.  Бұндай  жағдайда  бұл  белгілер  ешбір  қатер  тудырмайды.  ИҚ 

сәулелердің неғұрлым жағымсыз әсерінің деңгейі ӛндірістік орындарда 2 есе 

жоғары болады. ИҚ сәулелерінің мол ағымымен байланысты болатын ыстық 

йех  жұмысшыларында  кӛру  органының  ӛзгерісі,  болатыны  белгіленген 

(кӛздің  электрлік  сезімталдығы  тӛмендейді,  кӛру  реакциясының  жасырын 

кезеңі  жоғарылайды,  ауыр  жағдайларда  жылулық  катаракта  пайда  болады). 

Тері  жамылғысына  ИҚ  радиациялық  ұзақ  әсері  зиянды  әсерлерге 

организмнің  қарсы  тұру  қабілеттілігін  тӛмендетуі  мүмкін.  Адамдар 

тұмаурату,  ревматизм  ауруына  әртүрлітері  инфекциясы  мен  кейбір  бүйрек 

ауруларына  бейім  тұрады.  Сонымен  ИҚ  сәулелерінің   әсер  ету  механизмі 

рефлекторлық  –  гуморалды.  Жылулық  фактор  тамырларының  кеңесіп,  қан 

ағымының күшеюіне тотығу – тотықсыздану процестерін күшейтетін арнайы 

заттардың 

қанға 


бӛлініп, 

алмасу 


процестерін 

жоғарылатуына, 

иммунологиялық және жалпы реактивтіліктің күшеюіне әкеледі. 

Көрінетін  сәулелер.  Күн  жарығы  кӛру  органының  пайда  болуы  мен 

қалыптасуында  шешуші  роль  атқарады.  Адамдағыдай  кӛру  органы 

қалыптасуы  үшін   уақыт  қажет  болады.  Кӛзбен  күн  жарығының  қысқа 

бӛлігін  (760 – 4 ммк) пайдалану кӛру қызметін жақсартып, қарастырылатын 

заттың  неғұрлым  анық  бейнесін  кӛруге  мүмкіндік  береді.  Біздің  кӛзіміз  ИҚ 

сәулелерін  кӛре  алатын  қасиетке  деп  елестетіп  кӛріндер.  Бұл  сәуле  барлық 

заттарға  түсетіндіктен  әрбір  деталды  айыру  қиын  болатын  тұтас  бір 

қосылысты  кӛрер  едік.  Кӛрінетін  жарықтың  диапозоны  тегін  таңдалмаған. 

Күннің температурасының  (6000) сәулеленетін энергияның барлық жартысы 

кӛрінетін  жарық  облысында,  сондықтан  адамның  кӛзі  ӛзінің  қалыптасу 

барысында дәл осы облысқа бейімделген. Бұдан жер бетіндегі ешбір жарық 

кӛзі  күннің  қуаттылығына,  жырығына,  спектрлік  құрамына  жетпейтіндігі, 

күннің  орнын  толық  алмастыра  алмайтындығы  түсінікті.  Күннің  сәулелену 

энергиясы  қызыл  сәулелердегі  күйгінге  қарай  ӛрістейді,  әсіресе  жарықты 

сезу  сәулелену  энергиясымен  байланысты.  Кӛрінетін  жарықтың  әртүрлі 

бӛліктерінің сіңірілуі жануарлар мен ӛсімдіктердің пигментімен анықталады. 

Хлорофил  қызыл  сарғыш  сәулелерді  жақсы  сіңіреді.  Қызыл  сәулелер 

фотосинтезді  кӛкшіл  күйгінге  қарағанда  екі  жасылға  қарағанда  4  есе  күшті 

ӛткізеді.  Егер  жасыл  ӛсімдіктердің  ауада  оттегінің  пайда  болуындағы  ролін 

есепке  алатын  болсақ,  онда  күннің  кӛрінетін  бӛліктері  тек  кӛру  қызметін 

жақсартып қана  қоймай  жануарлар  мен  адамдардың  тамақтануы  мен  тыныс 

алу  қызметін  де  іске  асыратындығы  түсінікті  бола  бастайды.  Адамның 

кӛзінің сезімталдығы әртүрлі жарыққа әр қалай, бұл сезімталдық  жарықтың 

күштілігіне  байланысты  ӛзгеріп  отырады.  Мысалы,  күндізгі  жарықта 

спектрдің сары жасыл  (556 ммк) бӛлігіне, ал кешқұрым жасылға (510 ммк) 

сезімтал.  Кӛру  анализаторлары    арқылы  кӛрінетін  жарық  организмге, 



 

кӛбінесе жүйкелі – психикалық жағдайға, ал ол арқылы организмнің барлық 

мүшелері  мен  жүйелеріне  әсер  етеді.  Организм   жарықтық  деңгейіне  ғана 

емес,  оның   түстілік  гаммасына  да  реакция    береді.  Кӛру  анализаторының 

жұмысы  үшін  қолайлы  жағдайды  спектрдің  жасыл  және  сары  бӛлігі 

диапозонындағы  ұзын  толқындар  жасайды.  Қызыл  –  сары  түстер  жүйкелік 

бұлшық ет қозуы мен психикалық жағдайға қолайлы әсер етсе, спектрдің кӛк 

– күлгін бӛлігі психикалық нашарлауына әсер етеді. Қазіргі уақытта әртүрлі 

түске  организмнің  реакциясы  ӛндірістік  эстетикада,  қабырғаларды, 

станоктарды  бояуда  кең  қолданылады.  Кӛрінетін  жарық  тәуліктік  ритм  мен 

олардың  маусымдық  ӛзгерісін  іске  асыра  отырып,  адам  үшін  күн  тәртібінің 

регламентациясының  факторлары  болып  табылады.  Бұның  ӛндірісте  түңгі 

жұмыстарды  ұйымдастыруда,  жұмыстың  вахталық  әдісіне,  сағаттық 

белдеулер  ауысатын  алыс  қашықтықтарға  ұшқанда  маңызы  бар. 

Ультрокүлгін  сәулесі  күн  сәулесінің  неғұрлым  ауыспалы  құрамды  бӛлігі. 

Оның  интенсивтілігі  күннің  тұру  биіктігіне,  ауаның  шаңдануына 

байланысты. Күннің бұлттылығы оны 80 кемітеді. Атмосфера қабаты толқын 

ұзындығы 290 қысқа УК сәулелерін сіңіреді. Бұл сәулелердің бактериоцидті 

әсері күшті. УК сәулелері – атмосфераның ионизаторы. УК сәулелерін тамақ 

ӛнімдерін,  суды  залалсыздандырғанда  қолданады,  ежелден  бұл  сәулені 

эпедемиямен күресте қолданған. УК сәулелері 3 облысқа бӛлінеді: С  –100 – 

280  (бактериоцидті) В – 280 – 315  (фотохимиялық, рахитке қарсы) А – 315 – 

400   (қызартатын,  күйдіретін  бӛлігі)  УК  сәулелері,  әсіресе  В  облысындағы 

күшті  фотохимиялық  әсерге  ие.  Бұл  сәулелердің  квантының  энергиясы 

симпатикалық  –  адреналинді  жүйені,  алмасу  және  трофикалық  процестері 

тездететін  физиологиялық  активті  заттардың  түзілуімен  жүретін  белоктық 

молекуланың  ыдырауын  туғызуы  үшін  жеткілікті.  УК  сәулелердің 

жақсартатын  «қызартатын»  әсері  тіндердің,  гемопоэздің  иммуногенездің 

қалыптасуы  мен  жоғарылатуы,  инфекцияға,  уларға,  канцерогенді  заттарға 

тӛзімділігін  арттыруы,  физикалық  және  ойлау  қабілеттілігін  арттыруы, 

денсаулық  деңгейін  кӛтеру.  УК  сәулелері  7,8  дегидрохолестезиннен  Д 

витаминінің  түзілуін  туғызады  (рахитке   қарсы  әсері).  Вакцинация  кезінде 

аллергиялық  реакцияларды  тӛмендететін  иммунизация  эффектісін  кӛтереді. 

УК  сәулелердің  жетіспеушілігінен  фосформен  кальций  алмасуы  бұзылады, 

организмде  Д  және  С  витамині  азаяды,  балаларда  рахит,  ересектерде  – 

остелпороз,  кариес  пайда  болады.  Организмнің  жалпы  реактивтілігі 

тӛмендейді,  тез  ашршайды,  еңбек  қабілеттілігін  тӛмендетіп,  ауру  барысын 

тӛмендетеді. Сонымен қатар  ұзақ уақыт күнді кӛрмей организмнің қоршаған 

күштерін тӛмендетеді. Күн ваннасын шектен тыс қабылдау ауыр жағдайларға 

– 

фотоэритемаға, 



дене 

температурасының 

кӛтерілуіне, 

жалпы 


сырқаттануға,  күн ӛтуге, кӛңіл – күйдің тӛмендеуіне жұмыс қабілеттілігінің 

қорғаныштылығының  әлсіреуіне,  кейде  арықтап,  жүрек  –  тамыр  аурулары 

мен  созылмалы  қабыну  процестеріне  әкеліп   соғуы  мүмкін.  Инсоляцияның 

мол  болуынан  беттің  терісінде,  рак  ауруы  пайда  болады.  А.В.  Чаклиннің 

зерттеулері  бойынша  Ресейдің  оңтүстік  аудандарында  рактің  барлық 

формаларына бет терісіндегі рак 20 – 22, солтүстікте – 4 – 7.  



 

Күннің  жетіспеушілігін  туғызатын  қолайлы  жағдайлар.  Күн 

сәулесінің 

интенсивтілігіне 

географиялық 

ендік, 

берілген 



жердің 

метеорологяилық  ерекшеліктері,  рельефі,  атмосфера  жағдайы  мен  оның 

мӛлдірлігі, күндізгі уақыт пен жыл маусымы әсер етеді. Терезенің әйнегі УК 

сәулелердің  35  –  90  ұстап  қалады.  Ашық  терезе  алдында  УК  сәулелер  56 

болса, терезеден 2 м қашықтықта – 6,5. Қосарлы терезелер УК сәулелерін 4 – 

5 есе, терезе жабыны – 20 – 25, лас терезе – 50 – 70 ұстап қалады. Жарыққа 

тӛбелердің,  ғимараттардың  боялуы  да  әсер  етеді.  Киімнің  де  әсері  жоғары. 

УК  сәулелері  неғұрлым  нашар  ететін  маталар:  штапель,  зығыр  полотно, 

сатин, мақтадан істелген мата, крепдешин (10 аспайтын) мата. Нейлон және 

басқа  жасанды  маталар  мен  табиғи  жібек  УК  сәулелерінің  30  –  60  ӛткізеді. 

Жарықтың  жетіспеушілігінің  алдын  алудың  маңызы  зор,  сондықтан  да 

балаларда, жүкті әйелдер мен шахта жұмысшылар үшін  солярий (күн кӛзіне 

қақтауға  арналған  жай)  ұйымдастырылады.  Сонымен  бірге  балалар 

мекемелерінде,  солярийлерде  арнайы  шынылар  мен  сынапты  –  кварц  және 

эритемді шамдар кӛмегімен жасанды сәулелендіру қолданылады.  

Атмосфералық  электрленудің  гигиеналық  маңызы.  Атмосфераның 

электрлік қасиеті ауаның ионизациясымен жердің электрлік және   магниттік 

майданы,  найзағайлармен  сипатталады.  Ауалық  ортаны  гигиеналық 

бағалауда  оның  электрлік  қасиетін  есепке  алу  керек  екенін  кӛрсеткен 

гигиенистердің 

бірі 


И.П.Скворцов 

болды. 


(1847-1921). 

Электрометеорологиялық және биофизика саласындағы қазыргы жаңалықтар 

бұл  сұраққа  кӛп  кӛңіл  аударуда,  ӛйткені  қазіргі  уақытта  атмосфераның 

электрлік  жағдайына  әсер  ететін  антропогенді  кӛздердің  пайда  болуынан 

болса  керек.  Радиожиіліктер  диапозонының  электромагнитті  майданының 

кӛздері: радиостанция, теледидар орталықтары, радиолокаторлар. Ӛндірістік 

жиіліктің  электромагнитті  кӛздеріне  хабарлардың  жоғары  вольтты  сызығы 

жатады.  Ауаның  иондануы.  Ауаның  жер  қабатының  иондануына  негізгі 

себеп космостық сәулелер мен радиоактивті заттар сәулелері. Бірақ, ауаның 

газдарынан түзілетін мономолекулярлы иондар мәңгілік емес, оларға газдың 

10  –  15  молекуласы  қосылып,  элементарлы  заряд  әкететін  неғұрлым  мықты 

компоненттер  түзіледі.  Бұл  радиусы  7  –  10  см  тез  иондар  немесе  жеңіл 

иондар.  Ауадағы  қалықтаған  тозаңбӛлшектерімен  және  су  тамшыларымен 

жеңіл  иондар  әрекеттесіп,  оларға  ӛзінің  зарядын  береді,  нәтижесінде 

электроӛткізгіштігіжоққа  жақын  орташа  (радиус  80  –  350)  және  ауыр 

(радиусы  350  –  550  10  см)  иондар  түзіледі.  Иондардың  түзілуімен  қатар  әр 

аттас  иондардың  қосылуы  мен  олармен  шаң  –  тозаңмен,  су  буларымен 

жұтылуының  нәтижесінде  олардың  «ӛлу»  процесі  жүріп  отырады.  Бұнын 

ӛзінен  егер  ауа  неғұрлым  таза  болса,  соғұрлым  ол  электрлік  теріс  жеңіл 

иондар  есебінен  иондалатын  болжауға  болады.  Зерттеулер  берілген 

гипотезаны  бекітті.  Егер  селолық  жерлерде  ионизациялау  1  мл  –  де  1000 

жеңіл  иондар  деңгейінде  ұсталса,  кейбір  таулы  және  теңіз  курорттарында 

2000  –  3000  ион  болады,  ал  ластанған  атмосфералы  ӛндірістік  орталарда  ол 

оң  заряды  басым  400  –  1000  ионға  тӛмендейді.  Жабық  мекемелерде  жеңіл 

теріс иондар тыныс алу процесінде, киіммен, тозаңмен жұтылады. Сонымен 


 

ауаның ионизациялану дәрежесі оның тазалығының санитарлық индикаторы 

болып 

табылады. 



Аэроиондардың 

табиғи 


концентрациясының 

физиологиялық әсері бойынша нақты пікірге келмеген. Кӛптеген зерттеулер 

арнайы  ионсыздандырылған  ауамен  демалғанда  адамдар мен  жануарлардың 

физиологиялық жағдайын нашарлатады. Адамдарда ұйқышылдық, бас ауруы, 

тершендік  және  қан  қысымы  жоғарылап,  несепке  тотығып  бітпеген 

қосылыстар саны кӛбейген. Ионға бай ауамен  (1000 – 2000 мл – де) демалу 

бұл  құбылысты  болмайды.  Сондықтан  бӛлме  ауасының  тазарту  қасиеті  кӛп 

дәрежеде  жеңіл  иондар  санына  байланысты.  Осыған  байланысты  қазіргі 

уақытта  кейде  бейнетеатрларда,  ауруханаларда,  балалар  мен  спорттық 

мекемелердің ауасын 1 мл – де 4000 – 5000 концентрациядағы жеңіл иондар 

қанықтыру қолданылады.  

Жердің электрлік өрісі. Жер мен атмосфера жерде теріс, атмосфераның 

жоғары  қабатында  оң  заряд  болатын,  ал  олардың  арасындағы  ауа  электрлік 

тоқты нашар ӛткізетін ӛзіндік конденсатор болып табылады. Әдетте градиент 

потенциялы  130  в/м  тең,  яғни  бас  пен  табан  арасындағы  ӛрістің 

айырмашылығы (ересек адамдарда) 225 в. Бұл айырмашылық организмге аса 

кӛп  әсер  етпейді,  адам  денесі  электрліктің  салыстырмалы  түрде  жақсы 

ӛткізгіші  болып  табылады  және  бетінің  потенциалы  жер  бетінің 

потенциалымен теңеседі. Жабық жерлерде  (ғимараттар, транспорт) электрлік 

ӛріс  болмайды,  ал  электрлік  ӛрістің  мезгілдік  тербелісі  метеорологиялық 

жағдайлар  мен  атмосфералық  ластанулардың  ауаның  электр  ӛткізгіштігіне 

әсерімен  байланысты.  Тұмандарда  атмосфераның  қатты  ластануларында 

электрлік ӛріс 300 +/м дейін және одан да жоғары, ал нажағайлы күндері тіпті 

100000  в/м  –  ге  кӛтеріледі.  Тұрмыста  бұл  киімдерге,  еденде  жабдықтауда 

синтетикалық  полиметрлік  материалдарды  қолданғаннан  олардың  бетінде 

электрлік  зарядтардың  түзілуі  мен  жиналуына    байланысты.  Ӛндірістік 

жағдайда статистикалық электрлену ӛрісі миллионға, ал электрленген киімде 

жүздеген  мың  в/м  –  ге  дейін  жетеді.  Дененің  жеткілікті  ионизациясында 

контактімен  адам  кӛп  заряд  жинайды,  мысалы,  бір  ұшы  жерге  қосылған 

сымы бар қолдың саусағы жалынды заряд, ауырсыну сезімін, кейде электрлік 

жарақат  ауада  жалындайтын  газдар  болса  жарылыстар  мен  ӛрт  туғызады. 

Электрлік  заряд  дененің  беткі  қабатында  орналасатын  болғандықтан, 

статистикалық  электрлену  әсерінен  қатерлі  орган  ретінде  қарастырылады. 

Электрлік  заряд  ұлпалық  элементтерді  поляриойдты,  иондық  қатынасты 

ӛзгертеді,  терінің  рецепторына  әсер   етеді,  осындайдан  вегетативті 

реакциялардың  бара  –  барлығын  бұзатын,  олардың  сыртқы  орта  туралы 

хабарды қабылдау қабілеттілігі тӛмендейді. Ӛндірістік орында электрлік ӛріс 

әсеріне  ұшырайтын  адамдарда  астено  –  вегетативті  синдром,  тері  – 

вегетативті  реакциялар  мен  иммунологиялық  реактивтілік  ӛзгеріп,  аурулар 

кӛбейеді (қан айналым мен жүйке жүйесінің ауруларынан). Қуаты 500 В/см – 

де  ауырсынуы  мен  сезімталдығының  капиллярлар   қуысы  мен  терінің 

температурасы  ӛзгереді.  Электрлік  ӛріс  1000  В/см  және  одан  жоғары 

болғанда терінің бактерицидтілігінің тӛмендеуі байқалады.  



 

Жердің  геомагнитті  өрісі.  Геомагниттің  ӛріс  күн  радиациясына 

байланысты  және  сондықтан  мезгілді  түрде  ӛтеді.  Оның  күрт  мезгілді  емес 

ӛзгерісін  геомагнитті  дауыл  деп  ататйды.  Оның  пайда  болу  себебі  жердің 

магнитті  ӛрісін  деформациялайтын  және  ионосферада  ӛзгерістер  туғазатын 

(20  сағаттан  соң)  болып  табылады.  Бұл  жолмен  күн  активтілігінің  біздің 

планетамыздың биосферасына әсері болады. Ірі хромосфералық ӛршулерден 

кейін  радио,  телефон  байланысы  бұзылып,  поляр  шұғыласы  пайда  болады, 

дауылдар, 

құйындар, 

тайфундар, 

жер 

сілкінісі 



жиі 

байқалады. 

Геомагнитті   дауылдарда  кейбір  химиялық  реакциялар  жылдамдығы, 

микроорганизмдердің, ӛсімдіктер мен жануарлардың ӛмір сүруі ӛзгереді. Бұл 

құбылыстармен  гемюбиология  ғылымы  шұғылданады.  Медициналық 

гемюбиология  күн  активтілігінің  әсерін  геомагнитті  дауылдардың  адам 

организміне  әсерін  зерттейді.  Кӛптеген  жұмыстардан  ірі  хромосфералық 

ӛршулерден  2  –  3  күннен  кейін  эритроциттер  мен  лейкоциттердің  саны 

азайып,  оның  қалуы  жоғарылайды,  гипертониялық  криздер,  инсульттар, 

миокард  инфаркты  жиілеп,  кейбір  психикалық  ауралардың  асқынуы 

болатыны кӛрсетілген. 

   


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

1. Dembo T. Der Argeralsdynamisches Problem // Psychol. Forsch. 1931. – 

356 p. 

2.      Т.А.  Ратанова,  Н.Ф.  Шляхта.  Психодиагностические  методы 



изучения личности. – М. 1998. стр. 78–80. Психология личности. Тексты/Под 

ред. Ю.Б.Гиппенрейтер, А.А.Пузырея. М.: Изд-во МГУ,1982. С.85-89. 

3. Самошин А.И. Психология характеристики настойчивости студентов 

в учебной работе:. Дис.... канд. психол. наук. Рязань, 1967.- 556 c. 

4. Серебрякова  Е.А.  Уверенность  в  себе  и  условие  ее  формирования  у 

школьников // Ученые записки Тамбов, пед. ин-та. Тамбов, 1956. – C. 25-27. 

5. Ананьев  Б.Г.  Избранные  психологические  труды:  В  2  т./  Под  ред. 

A.A. Бодалева и др. М.: РАУ, 1980. Т. 2.– С. 15-17. 

6. Гербачевский  В.К.  Исследование  уровня  притязаний  в  связи  с 

индивидуально-типическими 

характеристиками 

эмоциональности 

и 

интеллекта:. Дис.... канд. психол. наук, Л., 1976. – C. 119 – 120. 



7.      Левин, К., Дембо, Т., Фестингер, Л.,Сирс, Р. Уровень притязаний. 

/  Психология  мотиваций  и  эмоций.  Ред.  Ю.Б.  Гиппенрейтер,  М.В. 

Фаликмана. М.: ЧеРо, 2002. -192 с. 

8. Festinger L. Wish, expectation and group standards as factors influencing 

level  of  aspiration  //  J.  Abn.  Soc.  Psychol.  1942.  Vol.  37.  Frank  J.  D.  Individual 

differences in certain aspects of the level of aspiration // Am. J. Psychol. 1935. – P. 

14- 15. 

9. Зейгарник Б.В. Теория личности К. Левина, М.: РАУ. 1981. –C. 120- 

122. 

10.  Гельмонт,  А.М.  О  причинах  неуспеваемости  и  путях  ее 



преодоления. – М.: Просвещение, 2004. – 326 с. 

11.  Цетлин,  В.С.  Неуспеваемость  школьников  и  ее  предупреждение. –

 М.: Педагогика, 1977. – 243 с. 

12.  Бударный,  А.А.  Пути  и  методы  предупреждения  и  преодоления 

неуспеваемости  и  второгодничеств:автореф.дис. ...канд. психол.  наук.– М.: 

Просвещение, 2005. – 521 с. 

 13.  Ананьев  Б.Г.  О  Проблемах  современного  человекознания.  -  М.: 

«Наука», 1977. 

14.  Дружинин  В.Н.  Психология  общих  способностей  –  Спб.:  «Питер 

Ком», 1999 

15.  Ждан  А.Н.  История  психологии.  От  античности  до  наших  дней.  - 

М., 1990. 

16.  Жарықбаев  Қ.Ж.  Аймауытұлының  психологиялық  кӛзқарастары.  - 

Алматы, «Білім», 2000. 

17. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы: «Санат», 

1995. 


18. Жұмабаев. М. Шығармалары. – Алматы: «Жазушы», 1989. 

7. Ильин Е.П. Психология индивидуальных различий. – СПб.: «Питер», 

2004. 


 

19. Еникеев М.И. Общая и социальная психология. Учебник для вузов. 

– М.: «НОРМА», 2002. 

20. Лук А.Н. Мышление и творчество. - М.: «Политиздат», 1976. 

21. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. - СПб.: «Питер Ком», 

1999. 


22. Столяренко Л.Д. Основы психологии: Учеб. пособие. – Ростов н/Д.: 

«Феникс», 2005. 

23. Лейтес Н.С. Возрастная одарѐнность и индивидуальные различия. – 

М., 1997. 

24. Ярошевский М. Г. История психологии. - М., 1985. 

25. Г.И.Румянцев  Руководство  к  лабораторным  занятиям  по  общей 

гигиене.- 

М.:Медицина, 

1980. 

 Дәріс 


материалдар. 

         26.  Е.И.  Гончарук.  Изучения  влияния  факторов  окружающей  среды  на 

состояние 

здоровья 

населения. 

– 

М.:Медицина,1989. 



1.  Ананьев  Б.Г.  О  Проблемах  современного  человекознания.  -  М.:  «Наука», 

1977. 


27.  Дружинин  В.Н.  Психология  общих  способностей  –  Спб.:  «Питер 

Ком», 1999 

28.  Ждан  А.Н.  История  психологии.  От  античности  до  наших  дней.  - 

М., 1990. 

29.  Жарықбаев  Қ.Ж.  Аймауытұлының  психологиялық  кӛзқарастары.  - 

Алматы, «Білім», 2000. 

30. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы: «Санат», 

1995. 


31. Жұмабаев. М. Шығармалары. – Алматы: «Жазушы», 1989. 

32.  Ильин  Е.П.  Психология  индивидуальных  различий.  –  СПб.: 

«Питер», 2004. 

33. Еникеев М.И. Общая и социальная психология. Учебник для вузов. 

– М.: «НОРМА», 2002. 

34. Лук А.Н. Мышление и творчество. - М.: «Политиздат», 1976. 

35. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. - СПб.: «Питер Ком», 

1999. 


36. Столяренко Л.Д. Основы психологии: Учеб. пособие. – Ростов н/Д.: 

«Феникс», 2005. 

37. Лейтес Н.С. Возрастная одарѐнность и индивидуальные различия. – 

М., 1997. 

38. Ярошевский М. Г. История психологии. - М., 1985. 

 

 



 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет