Биосфералық деңгей
Бүкіл биогеоценоздар жиынтығынан биосфера түзіледі. Биосфера - тірі
ағзалар
орналасқан
Жер
қабығы.
Бұл
ғаламшардағы
тіршілік
жаратылымының ең жоғары деңгейі. Мұнда тірі ағзалардың тіршілік
әрекетіне байланысты заттар мен энергия ӛзгеру айналымы жүреді. Нақты
тіршілік деңгейі мен биологиялық ғылым арасында да айқын шектеу
болмағанымен, тірі табиғаттағы тіршіліктің жаратылу деңгейін шартты түрде
былай межелеп бӛлуге болады:
Тіршіліктің жаратылу деңгейлері
Деңгейлер
Дене Құрылымы
Қай ғылым
зерттейді
Молекулалық,
жасушалық,
жасушаішілік
ағза
жасушалары,сондай-ақ
біржасушалардың
жасушаішілік
құрылымдары
молекулалардан құралады
генетика,
химия,
физика
Мүшелік-ұлпалық
кӛпжасушалы
ағзалар
мүшелер
мен
ұлпалардан
құрылады
цитология
гистология
Ағзалық
жеке дарақтардан құралады
ӛлкетану,
жануартану,
вирусология,
анатомия,
физиология,
морфология,
гигиена
Популяциялық-
түрлік
белгілі бір дарақтары ӛзара
еркін шағылысады
экология,
эволюциялық ілім,
математика,
генетика
Биогеоценоздық
(шет елдерде мұны
экологиялық жүйе
деп те атайды)
зат алмасу және қуат алмасу
негізінде тірі ағзалар мен ӛлі
құрамдас бӛліктерді мекен ету
жағдайларын
біріктіре
зерттейтін
табиғи
күрделі,жүйе
экология
және
жалпы
биологиялық
ғылымдар
Биосфералық
Барлық
биогеоценоздардың
жиынтығы.Жердегі
барлық
құбылыстыр кіреді
экология, физика,
химия, геология,
география
Гормондардың негізгі қызметтері. Гипоталамус. Гипофизарлық
жүйенің ерекшелігі
Адам денесіндегі кӛптеген жасушалар (жалпы саны 100 триллионнан
астам) арнаулы тіндер, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың
ӛзара және сыртқы ортамен ӛте күрделі қарым-қатынасы жүйке және
гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады.
Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік
тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең кӛлемде мәлімет
алмасу жүріп отырады. Бұл мәліметтер гуморалдық жолмен (қан, лимфа,
тінаралық сұйықтық) жүреді. Оларға кодталған электрлік жүйке серпіністері
немесе қарапайым және күрделі химиялық заттар, кӛбінесе мәліметтік
макромолекулалар арқылы келеді.
Қызметтердің гуморалды реттелуінде маңызды рольді ішкі сӛлініс
бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Олар организмнің ішкі ортасына
арнаулы биологиялық белсенді заттарды бӛліп шығарады. Ішкі сӛлініс
бездері жасап шығарған заттар гормон деген атауға ие болды.
Эндокриндік бездердің (гректің endon — ішкі, сгіпео — бӛлемін немесе
шығарамын) сӛлін шығаратын ӛзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа
капиллярларымен ӛте жиі торланған, сондықтан без ӛнімдері тікелей осы
тамырларға ӛтеді. Экзокринді бездердің ӛзегі бар, әрі ол ӛзек белгілі бір
ағзаға ашылып, ӛз ӛнімдерін сол мүшеге шығарады.
Ішкі сӛлініс бездері және олардың гормондары (В. Резен, 1984).
Ішкі сӛлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері,
айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады (24-сурет). Соңғы
екеуі аралас сӛлініс бездер.
Ішкі сӛлініс бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да жатқызады.
Екіқабат (жүкті) әйел организмінде бала жолдасы бірқатар гормондар бӛліп
шығарады — эстроген, прогестерон және гонадотропин. Ішкі сӛлініс
бездерімен гипоталамус құрылымымен және қызметімен тығыз байланыста
болады. Оның ядроларының (кейбір жүйке жасушаларының) нейросӛлініссы
бар, яғни гипофиздің артқы бӛлігіне түсетін немесе гипофиздің алдыңғы
бӛлігінің қан тамырларына тікелей келетін және аденогипофиздің жасушалар
қызметіне әсер ететін биологиялық белсенді заттар бӛліп шығаратыны
анықталған. Бұлардан баска ішкі сӛлініс бездеріне бірқатар ағзалар жатады
— бүйрек, ішек-қарынның кілегейлі қабығы (энтеринді жүйе), бауыр, себебі
олар қанға организм мүшелерінің қызметіне ерекше әсері бар бірқатар заттар
бӛліп шығарады. Атап айтқанда, ренин, гастрин, секретин, панкрео-зимин,
энтерогастрин, энтерогастрон, эритропоэтин т. б
12 ГОРМОНДАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Гормон арқылы зат алмасу, ӛсу, даму үрдістері реттеледі. Гормон
кӛбеюге де әсерін тигізеді. Гормон деген терминді (грекше «hormon»-
қоздырамын, қозғалтамын) 1904 жылы Бейлисс пен Старлинг енгізген.
Бұрын гормондар ағзалар қызметін күшейтеді деп қана есептелген. Бірақ
кейінгі зерттеулерге қарағанда, олай болмай шықты. Ағзалар қызметін
бәсеңдетіп, тежейтін де гормондар бар екені мәлім. Мысалы, адреналин
асқорыту аппаратының секторлық қозғалыс қызметін тежеп бәсеңдетеді.
Сӛйтсе де «гормон» деген атау ішкі сӛлініс бездерінің атауы болып қалды.
Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық тіндер мен
ағзаларға және бүкіл денеге әсер ете алады:
1) метаболизмдік — зат алмасу үрдістерінің әртүрлі жағдайларына,
жиілігіне әсері;
2) морфогенетикалық — конформациялық құрылымдық үрдістерде
ажырату (диференциялық, тіндердің ӛсуіне, ӛзгеріске (метаморфозға) әсері;
3) кинетикалық — қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және
оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторларға әсері;
4) түзетілуші (коррекциялық) — тіндер мен ағзалар қызметінің
қарқынын ӛзгертуге әсері (жоғарылату, тӛмендету, жылдамдату, тездету,
бәсеңдету қозғалыстары).
Адам және жоғары сатыдағы жануарлардың гормондарын, химиялық
құрылым ұқсастығын, физика-химиялық, биологиялық қасиеттерінің
ортақтығын негізге ала отырып, 3 класқа бӛледі.
1. Белоктық — пептидті қосылымдар (инсулин, глюкагон, сома-
тотропин т. б.);
2. Стероидтар (бүйрек-үсті безі қабығының және жыныс бездері
гормондары);
3. Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер -
адреналин, норадреналин). Гормондардың биотүзілуі арнайы эндокриндік
құрылымдардың генетикалық аппаратында жоспарланған, сондықтан ішкі
сӛлініс бездерінің әрқайсысы тек белгілі бір гормондарды жасап шығарады.
Организм ішкі сұйықтық ортасына ӛткен гормондардың белгілі бір мӛлшері
бос қалпында, ал шамалысы қан плазмасы белоктарымен қосылған күйде
болады. Мысалы, транскортизон, альбумин және α-глобулинмен бірігеді,
бұдан белсенділігі темен байланысқан гормон түрі пайда болады.
Гормондардың құрылымы салыстырмалы күрделі келеді және жеке
бӛліктері әртүрлі қызмет атқарады. Актондар — гормонның жасушаға
арнайы әсерін қамтамасыз ететін бӛлігі; гаптомерлар — гормонный әсер ету
жерін, нысана жасушаларын іздейтін бӛлік. Гормон құрылымының үшінші
бӛлігі белсенділік дәрежесін және оның басқа қасиеттерін реттейді. Ағзалар
мен тіндер, негізінен бауыр мен бүйрек жасушалары гормондарының сіңіру,
күйзелту және шығару жылдамдығын реттейді.
Гормондардың алмасу жылдамдығын олардың жартылай ыдырауына
кететін уақытпен (Т1/2) болжайды, яғни қанға енгізілген радиоактивті
гормондар мӛлшерінің екі есе азаятын уақыты. Дені сау адамда әртүрлі
гормондардың жартылай ыдырау уақыты түрліше болады (катехоламиндер
— 0,5-2,5 мин., инсулин — 8-12 мин., альдостерондар — 30-50 мин.,
кортизондар — 70-90 мин., тироксин 4 тәулікте ыдырайды).
Гормондар құрамы мен әсері жағынан бірдей емес, бірақ оларға ортақ
бірқатар физиологиялық қасиеттері бар.
1. Гормондар қашықтан (алыстан) әсер етеді, яғни олар ӛзінің жасалған
жерінен қашық орналасқан ағзаларға әсер ете алады. Басқа биологиялық
белсенді заттар (гистамин ацетилхолин т.б.) ӛзі жасалған жергілікті жерде
ғана әсер етеді.
2. Гормондар организм қызметін гуморалдық реттеуде аралық рӛл
атқарады. Бұл реттелуде басты бағыттаушы әсерді орталық жүйке жүйесі
атқарады, ал ішкі сӛлініс бездері кӛбінесе оның әсерін күшейте не әлсірете
отырып, эфференттік (шеткі) вегетативті және денелік жүйкелермен қатар
қызмет жасайды.
3. Гормондардың арнайы әсері бар. Соған байланысты белгілі бір
гормонның жетіспеушілігін, екінші гормонмен немесе басқа биологиялық
белсенді затпен алмастыруға болмайды. Кӛптеген гормондар жоғары
молекулалы қосылыстар, кейбіреулерінің табиғаты белоктық болып келеді,
бірақ оған қарамастан олардың антигендік қасиеті жоқ, яғни оларды
парэнтеральды енгізгенде арнайы антитәндер жасалмайды. Кӛбінесе қарсы
гормондар табиғаты белок пептид гормондарынан жасалады.
4. Барлық гормондардың биологиялық белсенділігі жоғары болады.
Мысалы, тироксин 1:100 млн, адреналин 1:10 млн сұйытылғанда да әсер
етеді, ал бір грамм инсулин 125000 қоянның қанындағы қант деңгейін тӛмен
түсіре алады. Тирокальцитониннің 5 нанограмы қандағы Са деңгейін едәуір
тӛмен түсіреді (1 нанограмм — 10-9 гжоғары).
5. Гормондар ӛте тез, бірақ қысқа мерзімде әсер етеді. Олардың ӛте тез
әсер етуі және мембрана арқылы ӛтуі олардың молекулалық салмағына
байланысты. Ал әсердің қысқа мерзімді болуы олардың тіндік ферменттердің
ықпалымен ыдырауына және денеден бүйрек арқылы жеңіл шығарылуына
байланысты. Қанда гормондардың қажетті мӛлшері сақталуы үшін, бездер
оларды үнемі үздіксіз жасап шығарып түруы керек.
6. Барлық гормондар тек ағзалардың қызметтеріне ғана емес, олардың
құрылымдарына да әсер етеді, яғни оларда құрылымдық ӛзгерістер туғызуы
мүмкін, кейде ағзалар тінінің ӛсуін күшейтіп, кейде тежейді. Гормондар зат
алмасу қарқынына әрі РНҚ және басқа нуклеин қышқылдарының жасалуына
әсер етеді. Эндокринді бездердің патологиясы кезінде адамның бет әлпеті
соншалық ӛзгеруі мүмкін, бұл ӛзгерістер негізінде тез диагноз қоюға болады
— акромегалия, гигантизм т. б.
7. Гормондар ферменттер қатарына жатпайды, яғни олар жасуша жоқ
ортада жүретін химиялық үрдістерге арнайы әсер етпейді. Бірақ әртүрлі
ферменттер арқылы химиялық әсерленістердің жылдамдығына әсер ете
алады.
Гормондардың рөлі. Гормондардың әсер ету тетіктері ӛте күрделі және
биохимиялық тұрғыдан жан-жақты қарастырылған. Белгілі бір гормонның
қажеттілігі артса, гормон — белок кешені ыдырап, гормонның бос түрі пайда
болады. Байланысқан гормондар кор болып табылады, керек уақытта тез әрі
жеңіл пайдаланылады. Белок тасушымен байланысқан гормон ферменттердің
әсерінен ыдырап, бүйрек арқылы несеппен шығарылмай денеде сақталады.
Гормондар қан ағысына ілесіп барлық тіндер мен ағзаларға жеткенімен
белгілі бір гормонды қабылдауға дағдыланған, әрі мембрана құрылымында
орналасқан арнайы гормондар рецепторлары бар, олар тек белгілі бір тін мен
ағзаға ғана әсер етеді. Оларды нысана тіндер деп атайды. Жасушалық
қабылдағыш арнайы белок болып келеді, оның молекуласының белгілі бір
бӛлігі гормонның арнайы фрагментіне сәйкес келеді. Бұл сигналды
қабылдауды, яғни гормон мен жасушаның ӛзара қарым-қатынасын
қамтамасыз етеді. Егер берілген гормонды қабылдағыш болмаса, жасуша
онымен қарым-қатынасқа түспейді, яғни оны танымайды.
Белоктық және пептидті гормондардың қабылдағыштары жасушаның
цитоплазмалық мембранасында орналасқан. Бұл топтағы гормон-дар ӛз
рецепторларымен қарым-қатынасқа түскенде аденилатциклаза ферментінің
активтенуі
жүреді.
Оның
әсерінен
жасушада
циклдік
3
1
5
1
-
аденозинмонофосфат (ЦАМФ) пайда болады. Ал олар протеинокиназаларды
— белоктың синтезделуіне қажетті ферменттерді — белсендендіреді, бұл
гормондардың кейбіреулері циклдік 3
1
5
1
-гуанозинмоно-фосфат (ЦГМФ)
арқылы әсер етеді.
Стероидті гормондардың қабылдағыштары жасуша іші құрылымына
орналасқан және гормон-қабылдағыш кешені генетикалық аппаратқа әсер
етеді, заттардың жасалуына ықпалын тигізеді. Кейбір гормондардың әсер
етуі мембрана ӛткізгіштігі ӛзгеруіне байланысты. Қазіргі кезде
гормондардың әсер етуінің бірнеше жолдары белгілі.
1. Гормондардың тіндер мен ағзаларға тікелей әсері болады. Мұндай
әсердің себебі, гормондар мембрана арқылы жасушаға жеңіл ӛтеді, оған қоса
мембраналарымен байланысқа түседі. Гормондардың тікелей әсерінің тетігі,
жасушалық және субжасушалық деңгейлерде әлі толық зерттелмеген. Бар
зерттеулерге қарағанда олардың түрлі әсер ету жолдары бар, олардың ішінде
тікелей әсер ету тетіктерінің мынадай түрлері белгілі: а) Ферменттік
жүйелерді, оның ішінде цитоплазма ферментін белсендендіру немесе
бәсеңдету жолы. Бұл әсер жӛнінде мәліметтер ӛте аз. Бұны адреналин мен
гликогеннің фосфорилазды жүйеге адеіюзинмопофосфат арқылы циклды
әсері дәлелдейді. б) Ядродағы генетикалық үрдістерді күшейту, мысалы,
итбалықтың тез ӛзгерістеріне әсер ететін тироксин РНҚ алмасуын және
арнайы белоктарды жасауды күшейтеді.
2. Гормондар ағзалардың қызметіне тікелей ғана әсер етіп қоймай,
олардың қан тамырлары меп тіндердің әртүрлі хеморецепторларын
тітіркендіре отырып, рефлекстік жолмен де әсер етеді. Гуморалдық жағынан
жекешеленген, бірақ денемен жүйке арқылы байланысқан, кез келген ағза
тамыры арқылы адреналинді ӛткізгенде әдетте кан қысымының, дем алудың,
лимфа ағысының т. б. ӛзгерістері байқалады.
3. Гормондардың әсер стуінің үшінші тетіктері — орталық жүйке
жүйесі арқылы орындалуы. Гормондар бір жүйке орталығын құрайтын
нейрондардың кернеуін жоғарылату не тӛмендету арқылы олардың
қозғыштығын ӛзгертеді. Гейманстың тәжірибелерінде иттің миын
қоректендіретін қан тамырына тікелей адреналин енгізгеп, иттің басы
денесімен тек қана кезеген жүйке арқылы байланысқан жағдайда адреналин
кезеген жүйке орталығының тонусын жоғарылатып, жүрек қызметін
бәсеңдетеді. Ал адреналин жүрекке тікелей әсер еткенде оның қызметін
күшейтеді.
4. Кейбір жағдайларда гормондардың, шартты рефлекстік әсерін
байқауға болады.
Ішкі сӛлініс бездерінің қызметін зерттеу үшін әртүрлі тәсілдер
қолданады. Олардың негізгілері мынадай:
1. Эктомия немесе экстирпация — алып тастау. Бұл безді толық немесе
бӛлектеп алып тастау әдісі. Опсрацияда белгілі бір безді алып тастағанда,
олардың реттейтін қызметтері бұзылады. Мысалы, қал-қансерік бездерін
алып тастағанда жүйке ет қозғыштығы жоғарылап, қатты жиырылады. Бұл
әсерленіс организмде паратгормонның жетіспеушілігі мен қандағы кальций
деңгейінің күрт тӛмендеп, жасушаның қозғыштығына әсер етуінен пайда
болады.
2. Эндокринді бездерден алынған сықпаларды және химиялық жағынан
таза гормондар меп гормондық препараттарды кәдімгі немесе безі алынған
жануарларға енгізу.
3. Эпдокринді бездерді трансплантация арқылы алмастырып тігу.
Жануарларда зерттелетіп безді алып тастап, пайда болған ӛзгерістерді
бақылау. Одан кейін алып тастағап безді қанмен қамтамасыздандыра отырып
дененің басқа бӛлігіне отырғызады. Егер осыдан кейін бұзылған қызметтер
қалпына келсе, бездің ішкі сӛлінісі бар деген сӛз.
4. Парабиоз әдісі — екі жануардың тиісті қан тамырларын
жалғастырып, қан айналысын ортақтастыру, содан кейін біреуінің безін, я
бездерін алып тастап, оның дене қызметіндегі ӛзгерістерді зерттеу.
5. Ішкі сӛлініс бездерін эксплантация әдісі арқылы зерттеу. Без немесе
оның бір кішкене бӛлігін денеден тыс қоректік ортаға орналастырып, оның
тіршілік жағдайын зерттеу. Бездің қоректік ортада гормон жасауының саны
мен сапасына әртүрлі үрдістердің әсерін зерттеу.
6. Биологиялық сұйықтардағы (қан, лимфа, несеп т. б.) гормондар мен
олардың метаболиттерінің мӛлшерін химиялық, иммунологиялық және басқа
әдістер арқылы зерттеу.
7. Радиоактивті изотоптарды қолдану арқылы зерттеу әдістері, нысана
гормондар.
8. Флюоресция беретін қарсы денелер ең дәл дұрыс әдіс. Кейбір
гормондардың қай жерде кӛбірек орналасқанын анықтауға мүмкіншілік
береді. Бұл кӛбінесе гистохимиялық зерттеу әдісімен қоса жүргізіледі.
9. Клиникалық-анатомиялық әдіс. Ауруханаларда ішкі сӛлініс бездері
ӛзгерген адамды бақылап зерттеу. Ӛлген адамдағы белгілі бір бездің гипер —
және гипоәрекеттік, патологиялық анатомиялық және гистологиялық,
сонымен қатар денедегі нысана тіндерде пайда болатын ӛзгерістер
зерттеледі.
13 ГИПОТАЛАМУС-ГИПОФИЗДІК ЖҤЙЕ
Эндокринология ішкі сӛлініс бездердің физиологиясы мен патологиясы
ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан. Бұл
бағыттағы ғылыми зерттеулердің негізін А. Бертольд салды. Ол еркек
жануарлардың жыныс бездерін сылып алып тастағанда негізгі және қосымша
жыныс белгілерінің ӛзгеріп, ал бұл безді қайтадан денесіне орнатқанда, оның
жағдайы айтарлықтай жақсаратынын анықтады.
Кейін, әсіресе осы ғасырдың 50-90 жылдары эндокриндік жүйенің
физологиясы мен патологиясы бойынша кӛптеген тәжірибелік және
клиникалық мағлұматтар жиналды. Оған қоса гормондардың химиялық
табиғаты анықталып, әсер ету тетіктері ашылды.
Кейбір зерттеушілер бұл бездердің организм қызметін реттеудегі
орнын шектен тыс кӛтерген, тіпті оларды жеке автономды реттеуші жүйеге
жатқызған. Эндокриндік бездер жүйесін орталық жүйке жүйесінен жоғары
құрылым ретінде, ағзалар мен олардың жүйелерінің, соның ішінде орталық
жүйке жүйесінің де негізгі реттеушісі ретінде қарастырған.
Шын мәнісінде олай болмай шықты. Негізгі ғылыми мәліметтерге
қарағанда, ішкі сӛлініс бездерімен олардың әртүрлі гормондарының әсері
организмнің қызметін жүйелік гуморальдық реттеу жүйесінің бір ғана бӛлімі
болып шықты. Бұл реттеу жолының негізгісі — жүйке жүйесі. Ӛйткені ол
кӛп тарапты, арнайы маманданған және әр бӛлімінің ӛз орны, маңызы бар
жүйеге жатады. Оның рефлекстік доғасының барлық бӛлімдерінің жоғары
дәрежедегі қозғыштығы, жүйке серпіністерінің жылдамдығы мен анық
бағытталуы т. б. морфоәрекеттік ерекшеліктері бұған дәлел.
Кӛмірсу алмасуының салыстырмалы ұзақ әрекеттік ауытқуын
қамтамасыз ететін реттеуші механизмге гормондардың қатысуы, спорт
жанкүйерлері мен емтихан тапсырушы студенттердің эмоциялық күйзелісі
кезінде жақсы кӛрінеді. Түрлі эмоция кезінде қобалжығанда, қорыққанда,
қуанғанда т. б. жағдайларда ылғи да гипергликемия қандағы қанттың кӛбеюі
байқалады, ал кейде тіпті глюкозурия — несепте қант пайда болады. Түрлі
эмоция кезінде кӛмірсу алмасуының аталған ӛзгерістерінің пайда болуы
норадреналин мен адреналиннің әсерінен бауырда гликогенолиздің күшеюіне
байланысты. Сондықтан да бүйрекүсті безінің милы қабатында түзілетін
гормонды «эмоция гормоны» деп те атайды.
Сонымен, бұл мысалда кӛмірсу алмасуына жүйкелік, реттеуден кейін
гормондық реттеу қатысады.
Оған қоса, кӛптеген эндокриндік дерттердің (патологиялардың)
тиреотоксикоз, қантты диабет, жыныс бездерінің ішкі сӛлініс қызметінің
бұзылуы, орталық жүйке жүйесінің психикалық немесе физикалық
жарақатынан кейін басталатыны мәлім.
Кӛпшілік гормондардың түзілуі мен қанға шығуы орталық жүйке
жүйесінің бақылауында болады. Барлық ішкі сӛлініс бездер вегетативтік
жүйке жүйесінің тамырларымен жабдықталған. Ал бүйрекүсті безінің милы
қабатынан, қалқанша, қалқансерік, ұйқы бездерінің және гипофиздің артқы
бӛлімінің қызметіне секрециялық жүйке әсері толық дәлелденген.
Бүйрекүсті бездерінің милы заттарының симпатикалық инжүйкеациясы
анықталды. Бұл жүйкені қоздырғанда адреналин мен норадреналиннің
шығарылуы күшейеді, жүйкені кесіп тастаса сӛлініс тоқтайды. Қалқанша безі
тек симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелерді ғана емес, мойын
жүйке талшықтарын да алады.
У.Кеннон (1914) мысықтың оң диафрагма жүйкесін симпатикалық
жүйкенің шеткі мойын жақ ұшына (калқанша безін жүйкелендіретін)
жалғастырғанда
6
айдан
кейін
гипертиреоз
пайда
болғанын
анықтаған. Себебі қалқанша безімен жалғасқан диафрагмалық жүйкенің
талшығы арқылы тыныс орталығынан үнемі дем алған сайын ырғақты
қозулар безді тітіркендіреді. Кезеген және симпатикалық жүйкелердің
талшықтары ұйқы безіндегі инсулиннің сӛлінісін реттейді. Кезеген жүйке
оны (стимуляциялайды) күшейтсе, симпатикалық жүйке керісінше тежейді.
Осы күнге дейін бүйрекүсті безінің қыртыс қабаты қызметіне әсер
ететін секрециялық жүйкелердің бар-жоғы дәлелденген жоқ, бірақ жүйке
жүйесінің гипоталамус-гипофизарлық жүйе арқылы әсер ететіні айқын.
Сонымен бірге бұл жүйенің жыныс және қалқанша бездерінің қызметіне
әсері дәлелденіп отыр.
Қазіргі кезде эндокриндік бездердің секрециялық қызметіне орталық
жүйке жүйесінің барлық бӛлімдерінің әсері (ми сыңарларының қыртыстары,
гипоталамус, лимбия жүйесі т.б. бӛлімдері) әр дәрежеде зерттеліп анықталып
отыр. Олардың ішінде гипоталамус ерекше орын алады.
Гипофизбен гипоталамустың арасындағы жүйкелік-гуморальдық
байланыс екеуінің атқаратын қызметтерінің бір екенін дәлелдейді.
Гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық нейрондар
аксондары гипофиз аяқшалары арқылы оның артқы бӛліміне ӛтеді.
Гипоталамустың аталған ядролары нейросекрециялық қызмет атқарады, яғни
олар түрлі нейросекрециялық гормон тәріздес заттар түзеді. Олардың жүйке
талшықтары арқылы бӛлінетіндігі нейрогистологиялық, физиологиялық және
биохимиялық әдістермен дәлелденген. Нейрогипофиздің гормондары белок
— нейрофизинмен қосылыста болып, қанға ӛткенде бұл байланыстан
босайды.
Гипоталамустың түзетін заттары гормон емес, прогормон болып
саналады. Гипофиздің артқы бӛлімінде олар әбден жетіліп гормонға
айналады, яғни гипофиздің артқы бӛлімі мен гипоталамус біртұтас
құрылымдық және әрекеттік құрылым болып саналады. Гипофиздің алдыңғы
және ортаңғы бӛлімдері гипоталамуспен қан тамырлары арқылы, яғни
гуморалды жолмен байланысады. Виллизи шеңберінен тарайтын жоғарғы
гипофиз артериясы алдымен ілмектер мен түйіндерден тұратын алғашқы
капиллярлы торды түзеді. Бұл торға гипоталамустың нейросекрециялық
жасушалары келіп, ұштары нейрокапиллярлық түйіспелер түзетін жүйкелік
тор жасайды (25-сурет).
Бұл түйіспелер арқылы қанға нейросекрециялық (стимуляторлар) әсер
етушілер шығады.
Қан капиллярлары 10-20-дан қуыс вена тамырларына күйылады. Олар
гипофиз сабағы арқылы оның алдыңғы бӛліміне ӛтіп, екінші капилляр торын
күрады. Соның арқасында гуморальдық стимуляторлар без тіндеріне тікелей
эсер етуге мүмкіндік алады.
Гипоталамустың нейросекрециялық жасушаларынан гипофиздің
алдыңғы бӛліміне босатушы факторлар (ағыл. release — фактор) (кор-
тикотропин босатушы, тиротропин босатушы, фолликулотропин босатушы,
соматотропин босатушы, лютеотропин) ӛтеді. Олар соматотропин, АКТГ,
ГТГ, ТТГ т.б. осы сияқты аденогипофиз гормондарының пайда болып
бӛлінуін қамтамасыз етеді.
Гипоталамус жүйке жүйесінің бӛлігі. Мұнда жүйкелік реттеу
эндокриндік реттеуге ауысады. Гипоталамус ядроларының нейрондары бӛліп
шығаратын нейропептидтер либерин және статин деп аталады.
Соңғы кездегі химиялық зерттеулердің нәтижесінде гипоталамуста
полипептидтерден құралған бірсыпыра биологиялық белсенді заттар
түзілетіні анықталды. Олардың әр қайсысы гипофиздің алдыңғы және аралық
бӛлімдерінде белгілі бір гормонның түзілу жылдамдығына әсер етеді.
Либерин (лат. liber — бос деген мағынада) босатушы, күшейтуші, ал статин
— тоқтатушы, тежеуші (ағыл. state — тежеу) факторлар. Қазіргі кезде 7
либерин мен 3 статин анықталып отыр.
Либериндер тобына кортиколиберин, тиролиберин, люлиберин,.
фоллилиберин, соматолиберин, меланолиберин және пролактолиберин
жатады.
Сәйкес үш гормондардың шығуын тежейтін статиндер тобына
соматостатин, меланостатин және пролактостатин жатады. Түрлі либериндер
мен статиндердің сӛлініссы ӛздеріне сәйкес қандағы гормондарға
байланысты және гормондар реттейтін үрдістердің сипаты мен түріне
байланысты.
Орталық жүйке жүйесінің ішкі сӛлініс бездерге әсері вегетативтік
жүйке жүйесінің талшықтары мен гипоталамус — гипофиз жүйесі арқылы
іске асады.
Бұл әрекеттік жүйенің болуы да тұтасқан екі реттеу тетіктері —
жүйкелік және гуморальдық тетіктер бар екенін дәлелдейді. Ішкі сӛлініс
бездерінде кең кӛлемде ӛзін-ӛзі реттеу үрдісі жүреді, қызметлардың ӛзін-ӛзі
реттеуі осы екі реттеуші тетіктерінің қызметінің үйлесімділігіне байланысты.
Гормондардың түзіліп, канға ӛтуінің маңызды себептері — реттелетін
жүйелермен үрдістердің ӛзіндік қалпы болып келеді. Мысалы, қандағы
кальцийдің (Са
2+
) ӛзгеруі қалқанша және қалқансерік бездерінің
гормондарының шығуын реттейді. Ал қандағы қанттың мӛлшері ұйқы безінің
инсулинді және бірқатар инсулинге қарсы гормондарды шығаруға әсер етеді.
Тироксин, глюкокортикоидтар мӛлшеріне лайық гипофиздің троптық
гормондары түзіледі.
Сонымен бездер мен олар реттеуге қатысатын агзалар қызметі
арасында екі жақты — тура және кері байланыс бар. Солардың арқасында
реттеуші тек қана реттелетін үрдістерге әсер етіп қоймай, ондагы ӛзгерістер
бездердің қызметіне әсер етеді. Ӛзіндік реттелуде қан тамырларының
қабырғасында, тіндерде және гипоталамустың ӛзінде орналасқан арнайы
рецепторлардың маңызы күшті. Гипоталамуста баро-, термо-, хемо-, осмо-
және гякжо-рецепторлар орналасатыны анықталды. Олар гомеостаздың түрлі
ӛзгерістерін сезгіш келеді. Тіпті гормондар мӛлшерлерінің ӛзгерістерін
сезетін рецепторлары да бар деген болжамдар да кездеседі.
Түрлі рецепторлар мен сӛліністік жүйкелердің гипоталамуспен
байланыстығының барлық бездерде болуы олардың қызметінің рефлексті
түрде ӛзіндік реттелуін қамтамасыз етеді. Мысалы, Na
+
мӛлшеріның артуы
альдостеронның бӛлінуін рефлекс арқылы тежейді, сӛйтіп артық Na
+
несеп
құрамында сыртка шығарылады.
Қандағы Са
+
мӛлшері артқанда қалқансерік безінің паратгормон бӛлуі
тежеледі, ал тирокальцитонин артады. Тироксин мӛлшері кӛбейгенде
гипофиздің тиреотропин шығаруын тежейді. Глюкокортикоидтар мӛлшерінің
кӛбеюі алдыңғы гипофиздің адренокортикотропинді шығаруын тежейді.
Ӛзіндік реттелу гипоталамус арқылы да, тікелей гуморальдық
әсерлердің ішкі сӛлініс бездерге әсері арқьшы да орындалады.
Ішкі сӛлініс бездердің ӛзіндік реттелуінің кӛбінесе ішкі ортаның -
гомеостаздың — тұрақтылығын сақтауында маңызы зор. Қандай да
болмасын организмдегі ӛзіндік реттелу жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.
Ол ӛзін-ӛзі реттеуші жүйелердің қызметін сыртқы ортаның жағдайларына
бейімдейді.
Организмнің бейімделу әсерленістерінда жағымсыз жағдайларға,
зиянды экстремалді әсерлерге қарсы түру әсерленістерінда гипофиз —
адренал жүйесінің маңызы зор.
Организмнің бейімділігі мен ішкі сӛлініс бездерінің қарым-қатынасы
канадалық
ірі
физиолог
дәрігер,
эндокринолог
Ганс
Сельенің
лабораториясында кӛп зерттелді. Барлық зиянды, қалыптан тыс тӛтенше
әсерлерді Г.Селье стрессор деп атаған (ағыл. stress — зорлану деген
мағынада).
Стрессорларға организмнің зорлануын, яғни стресті тудыратын
кӛптеген агенттер жатады.
Химиялық немесе бактериялық интоксикация, шектен тыс тону, қызу,
аштық, ӛте ауыр дене еңбегі, психикалық әсерлер гипоксия, организмнің ішкі
жүйелер қызметтерінің бұзылуы т.б. стрессор болуы мүмкін. Тіпті орта
шамадағы ауру, күшті эмоциялық қозу (жағымды, жағымсыз болсын) да
стресс тудыруы мүмкін. Жағымды стресстер эвстресс, жағымсыздары
дистресс деп аталады. Стресс тетіктеріне қамшымен қатты ұру және
құшырланып сүю де есептеледі.
Г.Селье мен оның шәкірттерінің зерттеулері бойынша, барлық
стрессорлар алғашқы кезде біркелкі жалпы әсерленіс тудырады: ең алдымен
адренокортикоидтардың гиперсекрециясы (әсіресе глюкокор-тикоидтардың)
пайда болады. Себебі гипофизде АКТГ кӛп ӛндіріледі. Оған қоса айырша
бездің гиперқызметсы байқалады. Лимфа түйіндері мен кӛкбауырдың
салмағы мен кӛлемі азаяды, қанда лимфоциттер мен эозинофилдер азаяды
(эозинопения). Соңғы екі ӛзгеріс Торн зерттеуі арқылы оңай анықталады.
Мұндай организмнің арнайы емес әсерленісін жалпы адаптациялық синдром
деп атайды. Бұл зиянкес әсерлерге организмнің қарсы түру қабілетін
күшейтеді.
Бүйрекүсті бездерінің қандай да болмасын әсерге гиперсекрециясымен
жауап беруін Г.Селье алғашқы стресс әсерленісі ягни «қобалжу әсерленісі»
деп атаған. Бұл әсерленістен кейін стрестің келесі кезеңі резистенттігі
(тӛзімділігі)
яғни
бейімделуі
басталады
да
бүйрекүсті
бездері
гормондарының сӛлінісі қалпына келеді.
Сонымен бүйрекүсті безінің мұндай әсерленісі арқылы организмнің
компенсация (ӛтеміс) тетіктері іске қосылады да, ол ӛзгерген жағдайға
бейімделеді. Глюкокортикоидтар мен адреналиннің физиологиялық мол әсері
бейімдеу үрдістерін қалыптастырады.
Адаптациялық
синдромның
негізі
—
бүйрекүсті
бездерінің
белсенділігінің іске қосылуы жүйкелік механизмнен гӛрі гипофиздің АКТГ-
ның қанға шығатын мӛлшеріне байланысты.
Гипофизэктомиядан (гипофизді алып тастағаннан) кейін жануарларда
адаптациялық синдром дамымайды. Ал гипофизі сақталған, бірақ бүйрекүсті
безінің жүйкелері кесілген, яғни оны кесіп алып миға қондырған
жануарларда «қобалжу әсерленісі» байқалады.
Бүйрекүсті
бездерінің
кортикоидты
гормондары
организмнің
тӛзімділігін қалай күшейтетіні әлі де белгісіз. Мүмкін бүйрекүсті безінің
адренокортикоидты гормоны жасушада энергияның жиналуы мен босауына
әсер етіп, жасушалар мен ағзалардың жұмыс қабілетін және энергия тепе-
теңдігіне ықпалын тигізетін шығар.
Егер зиянкес жағдай әсерін жалғастыра берсе және оның күші үдесе,
стрестің 3-і кезеңі «әлсіреу кезеңі» басталады да, бүйрекүсті бездері қажетті
мӛлшерде глюкокортикоидтарды (кейде бүларды бейімдеуші гормон дейді)
ӛндіруді тоқтатады. Мұндайда организмнің жағдайы мүлде нашарлап кетеді.
Организмнің бейімделу әсерленістерін белсендіруге басқа да ішкі
сӛлініс бездері қатысады. Бұл бездердің қызметінде ӛзара байланыс
айтарлықтай орын алады. Жалпы алғанда ағзаға, оның қандай да болмасын
қызметіне тек қана бір без әсер етіп қоймайды. Қалыпты жағдайда бұл
бездердің қызметіндегі ӛзара байланысына қарай бірнеше без қатысады.
Кейбір бездер бір-бірімен антогонистік байланыста болады (мысалы,
кӛмірсуларға адреналин мен инсулиннің әсері немесе паратгормон мен
тирокальцитониннің Са
++
-ға әсері т. б.).
Синергист бездер де бар. Олардың гормондары бір бағытта әсер етеді.
Мысалы, кӛмірсу алмасуына адреналин мен глюкогон, глюкокортикоидтар
тағы басқа гормондар әсері бір бағытта жүреді де қандағы қантты кӛбейтіп
гипергликемия тудырады.
Гипоталамус-гипофиз жүйесінде соңғы жылдары нейрондарды
реттейтін пептидтер тобы ашылды. Олар эндорфин, энкефалин, нейротензин,
Р заты және басқа қосымша гормондық жүйелер.
Қазіргі кезде гастро-интестиналды гормондар (ГИГ) — асқорыту
жолының кӛп гормондар тобы зерттеліп жатыр.
Дегенмен, олардың маңызы, химиялық табиғаты әлі толық
анықталмаған.
Ішкі сӛлініс бездері арасында гипофиз ерекше орын алады. Гормон
шығару қызметі гипоталамуспен тығыз байланысты. Гипофизден кӛптеген
шеткі бездердің қызметін ӛзгертетін бағыттаушы гормондар бӛлініп шығады.
Гипоталамус жүйке жүйесінің әсерін басқа бездерге гипофиз арқылы
таратады.
Гипофиз
Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, салмағы
0,5-0,6 г, алдыңғы, ортанғы, артқы бӛліктерден тұрады. Алдыңғысы -
аденогипофиз, ортаңғысы — меланогипофиз, артқы бӛлігі — нейрогипофиз
деп аталады. Құрылысы және қызметі жағынан бұлар әртүрлі, сондықтан
олардың әрқайсысын бӛлек без деуге де болар еді.
Адам және жануарлар тірлігі үшін қай бездің қандай маңызы бар екенін
білу мақсатымен зерттелетін безді сылып алып тастайды (экстирпация).
Гипофизді алып тастаса (гипофизэктомия) ӛсімтал жас бала ӛспей қалады,
жыныс бездері кеш жетіледі, ал ересек адамның бездерін алып тастаса,
жыныстық шабыты тӛмендейді. Белок, май, кӛмірсу алмасуы бұзылады,
қалқанша без, бүйрекүсті бездер кішірейеді, қызметі нашарлайды. Несеп
бӛлінуінде тәуліктік диурез күшейіп, шыжындық белгілері пайда болады
(полиурия). Сырттан тиетін зиянды әсерлерге деген тӛзімділігі кемиді. Осы
айтылғандарың бәрі гипофиздің гормон шығару қызметінің нашарлауының
(гипосӛлініс) салдары. Ал гипофиздің қызметі күшейсе (гиперсӛлініс)
мүндай ӛзгерістердің сипаты қарама-қарсы.
Гипофиздің алдыңғы бӛлігі — аденогипофиз үш түрлі, атап айтқанда,
ацидофилдік, базофилдік және хромофилік жасушалардан тұрады.
Соңғылары — бас жасушалар осы бас жасушалардан дамиды. Бастапқы
аталған екеуі бүйрек үстіндегі бездердің қызметін күшейтіп, құрылымдық
сипатын жақсартады. Гипофизде соматотроптық СТГ (сома-тотропин),
тиреотроптық
ТТГ
(тиреотропин),
адренокортикотроптық
АКТГ
(адренокортикотропин), гонадотроптық ГТГ (гонадотропин), фоллитропин
ФСГ, лютеиндейтін ЛСГ (лютропин), пролактин бағыттаушы гормондары
түзіледі.
Гормондардың физиологиялық әсері. Соматотропин жәй белок
ацидофилдік жасушаларда түзіледі, денеде биосинтезді күшейтеді, барлық
органикалық заттардың алмасуына, минералдық алмасуға әсер етеді, әсіресе
белок түзілуін, айталық РНҚ, синтездік қасиетін күшейтеді, амин
қышқылдарының қаннан жасушаларға ӛтуін, сінуін тездетеді, сӛйтіп
жасушалар мен тіндердің ӛсіп дамуың қамтамасыз етеді. Гормон сондай-ақ,
азот тепе-тендігін ӛзгертіп, денеде азот кӛбейеді, кальций, фосфат, натрий
тұздарының сақталуына себепкер, бүйрек тінінің ӛсіп дамуын, қатаюын
тездетеді. Коллагендер түзілуін де (коллагенезді) үдетуі мүмкін.
Соматотропин гликогеннің ыдырауын (гликогенолиз), глюконеогенез
үрдістерін тездетеді. Сондықтан СТГ шектен тыс кӛп шығатын болса қанда
глюкоза, қант деңгейі жоғарылайды (гипергликемия). Бұл кӛбінесе
гипофиздік диабет ауруына тән. СТГ липоидтар мен май ыдырауын әсіресе
бауырда бета-тотығуын күшейтеді, қанда кетоде-нелерді кӛбейтеді де, бұл
ӛнімдердің дене еттеріне сіңуін үдетеді, сӛйтіп сан еттерінің тонусын, күшін
ӛсіреді. Осы айтылған әсерлерді жүзеге асыру үшін денеде СТГ ғана емес,
басқа бездердің гормондары да, әсіресе глюкокортикоидтар тироксин және
инсулин жеткілікті болуға тиіс. СТГ әдеттегіден аз түзілетін болса адамның
бойы ӛспей қалады, ол тіпті 1 метрден аспауы мүмкін. Мұндай адамды
гипофиздік ергежейлі дейді. Ергежейлінің дене бітімі дұрыс қалыптасқан:
бастың кӛлемі, аяқ-қолдың, кеуде-кӛкіректің ұзындық ӛлшемдері бір-біріне
сәйкес болады, жыныс мүшелері ӛспейді, жыныс белгілері айқын емес,
жетілмеген. Мұндай адам індет ауруларға тӛтеп бере алмайды, кӛбінесе оның
ғұмыры кысқа болады.
СТГ шектен тыс кӛп болса, адамның бойы тез ӛсіп 240-250 см-ге, ал
салмағы 150 кг-ға дейін жетуі мүмкін. Оны гипофизарлық алып (гигант)
дейді.
Ӛсуі тоқтаған ересек адамда СТГ гиперсӛлініссы акромегалия дертіне
әкеліп соғады. Адам денесінің ӛсіңкі, шығыңқы жерлері (иегі, мұрны, ерні,
жағы, мандай тӛмпешіктері, бармақтары) оседі, гипофизбен қызметтес
бездердің жұмысы ӛзгереді. Мәселен, жыныс бездерінің қызметі нашарлап,
ұйқы безінің инсулин боліп шығару қабілеті тӛмендеуі мүмкін. СТГ
үзілместен ӛмір бойы шығарылады. Бұл үрдісті гипоталамус реттеп отырады.
Пролактин, лактоген гормоны ацидофилдік жасушаларда түзіледі,
емшекте сүт түзілуін, оның сыртқа шығарылуын үдетеді. Пролактиннің
қызметі күшейсе, эстроген мен прогестерон гормондар әсері керісінше
тежеледі. Босанған әйелде прогестерон әдеттегіден аз, ал пролактин
керісінше кӛбірек бӛлінеді, емшектен сүт кӛп шығады, сүт сапасы,
майлылыгы, дәмі артады.
Базофилдік жасушаларда АКТГ, ТТГ, ФСГ және лютропин түзіледі.
Адренокортикотропин — бүйрекүсті бездің ӛнімі. Ол аталған бездің
қыртыс қабатындағы жасушаларын ӛсіріп, кортикостероид гормондардың
әсіресе
глюкокортикоидтардың
түзіліп,
сыртқа
шығуын
үдетеді.
Глюкокортикоидтар адамның ашу-ренішін, қайғы-мұңын басып, кӛңіл күйін
жақсартады. Ем қонбаған ауруларға кортизон, гидрокортизон гормондарын
беріп, олардың сырқатына деген тӛзімділігін күшейтуге болады.
Тиротропин қалқанша тінін ұлғайтып, оның сӛліністік қабілетін
күшейтеді. Тиротропин шектен тыс кӛп шығарылса гипофиздік
гипертиреозға әкеліп соғуы мүмкін.
Гонадотропин екі түрлі гормоннан тұрады: лютропин — аналық және
аталық без — тестостерон мен прогестерон гормондарының түзіліп бӛлінуін
күшейтеді. Әйелде (овуляция) аналық жасушаның пісіп жетілуімен безді
жарып шығуын тездетеді, оның орнында пайда болған сары дененің қызметін
жақсартып, қалыптасуын қамтамасыз етеді. Фоллитропин — ана безі
фолликуласын ұлғайтып, онда гормондар түзілуін үдетеді, қанда
эстрогендерді кобейтеді және сперматогенезді тездетіп, сперматозоидтардың
ӛсуін жеделдетеді.
Гипофиздің артқы бӛлігі — нейрогипофиз пирамида тәрізді үлкен
жасушалар — питуициттерден және гипоталамустың нейросекрециялық
жасушаларының талшықтарынан тұрады. Нейрогипофиздің екі гормонының
екеуі де (вазопрессин, окситоцин) гипоталамуса түзіліп, нейросекрециялық
нейрондарының бойымен гипофизге жетеді де, сонда сақталады.
Вазопрессин
гипоталамустың
супраоптикалық,
ал
окситоцин
паравентрикулярлық ядроларында түзіледі. Олар гипофиздің артқы
бӛлігіндегі нейрофицин затымен әрекеттескеннен соң қанға ӛтеді.
Вазопрессин бүйректің несеп жиналатын түтігінде судың қайтадан денеге
сінуін үдетіп, несеп кӛлемін (диурезді) азайтады, сондықтан да оны
антиурездік гормон дейді. Вазопрессин шектен тыс азайса, несеп қалыптан
тыс кӛп шығады (полиурия). Бұл гормон, сондай-ақ қан тамырларын
тарылтып, қысымын күшейтеді. Окситоцин жатыр еттерін жиырылтады,
жатырдың жиырылуы, әсіресе толғақ кезінде күшейе түседі. Бұл гормон
құрсақтағы нәрестенің тууын тездетеді, сүт түзілуін, оның шығуын үдетеді.
Гипофиздің ортаңғы бӛлігінде меланотропин (МСГ), яғни интермедии
гормоны түзіледі. Бұл гормон терідегі пигменттік жасушаларда бояушы
түйіршіктерін кӛбейтіп, жасуша талшығын кеңейтеді және олардың біркелкі
орналасуын қамтамасыз етеді. Мұның салдарынан тері қарайып кетеді.
Адамның күнге күйген кезде тотығуы осыған байланысты. Күн сәулесінің
әсерінен интермедии әсері күшейіп, теріде қара зат фусцин түзілуі үдейді.
Интермедии, сондай-ақ кӛздің ішкі қабатындағы пигмент жасушаларынан
(псевдоподий) жалған бұтақ шығарып олардың аумағын кеңейтеді, сӛйтіп
кӛздің тор қабығындағы фоторецепторларды жарық сәулесінен қорғайды.
Интермедии түзілуін де гипоталамус реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |