Хронобиология



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата03.03.2017
өлшемі0,94 Mb.
#7021
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

 

 

19  МЕЛАТОНИННІҢ ТЕМПЕРАМЕНТТІК ӘСЕРІ 

 

Мақалада  мінез  темпераментіне  сайкес  адам  ағзасына  Мелатониннің 



әсері  қарастырылған.  Түйінді  сӛздер:  мелатонин,  серотонин,  темперамент, 

сангвиник,  флегматик,  холерик,  меланхолик,  триптофан,  Мелатонин 

Тақырыптың  ӛзектілігі:  Адамда  темпераменттің  әр  түрінің  белгілі  бір 

пайыздық  мӛлшері  болады.  Бұл  темпераменттік  мӛлшерді  (модельді)  білу 

ӛзіндік  бақылауды  және  ӛз  істеріне  баға  беруді  тиімді  атқаруға  мүмкіндік 

туғызады.  Қазiргi  кезеңде  психология  ғылымы  белгiлi  жүйеде  темперамент 

түрлерiнiң бәрiне толық психологиялық сипаттама беруге негiз боларлықтай 

деректер  топтаған.  Дәстүрлi  қабылданған  темпераменттiң  тӛрт  (сангвиник, 

холерик, 

флегматик, 

меланхолик) 

түрi 


бар. 

Адамның 


мінез 

темпераменттеріне  сипаттаманы  Гиппократ,  И.П.  Павлов  берген.  Томпақ 

дене  гормондары-  мелатонин  және  серотонин  белгілі  бір  деңгейде  мінез 

темпераменттерінің қалыптасуна әсер ететіндігі дәлелденді. Мелатонин және 

серотонин  нейропептидтерінің  әсері  ӛзара  қарама  қарсы  болып  келеді.  Ӛз 

кезегінде,  мелатонин  серотониннен  түзіледі,  күндізгі  уақытта  қанға 

серотонин бӛлініп, мӛлшері бір қалыпты сақталып тұрады. Түнде, керісінше, 

қанға  мелатонин  бӛлініп,  мӛлшері  бір  қалыпты  деңгейде  сақталып  тұрады. 

Қазіргі  таңда  Мелатонин  (табиғи  гормон)  және  Мелаксен  (синтетикалық 

гормон)  препараттарының  ұйқы  бұзылыстарын,  күйзелістік  жағдайларды 

емдеуде,  жалпы  ағзаның  иммундық  жүйесін  кӛтеруде,  антиоксиданттық 

қорғаныс  ретінде  тиімділігі  дәлелденген.  Осы  тӛрт  түрлі  темпераментті 

адамдарға  Мелатонин  препаратын  беру  қарым-қатынас  жасаудың  тиімді 

түрлерін және әдістері мен тәсілдерін дұрыс талдауда, ӛз іс-әрекетін сауатты 

жүргізуде,  жолдастық  жақсы  қарым-қатынастар  орнатуда  жақсы  әсерін 

кӛрсетпек.  Бұл  мақалада  медицина  мен  психологияға  ортақ  мәселелер 

қарастырылған. Зерттеу мақсаты: Адамның әр түрлі мінез темпераменттеріне 

сәйкес  Мелатонин  препаратының  әсерін  зерттеу.  Зерттеу  әдістері:  Мінез 

темпераменттеріне сәйкес  4  топ  (әр  топта  10  адамнан)  (сангвиник,  холерик, 

флегматик,  меланхолик)  бӛлініп  алынды.  Зерттеу  екі  бӛлімнен  тұрады. 

Зерттеудің  бірінші  бӛлімінде  аталған  тӛрт  темперамент  түрлері  бойынша 

адамдар  іріктелді.  Зерттеудің  екінші  бӛлімінде  аталған  топқа  Мелатонин 

препараты  3  мг/тәул,  4  апта  бойы  берілді.  Зерттеу  нәтижелері  әр  түрлі 

темпераменттің 

адамдарына 

ӛмір 


сүру 

барысында 

белгілі 

бір 


қолайсыздықтар  туғызатын,  яғни,  мінездің  теріс  сипаттары  бойыша 

бағаланды.  Мелатониннің  темпераменттік  әсері  Мелатонин  (N-ацетил-5- 

метокситриптамин).  Мелатонин-  ми  безі-  эпифиздің  (томпақ  дене) 

секреторлы  жасушалары-  пинеалоциттермен  синтезделетін  және  жануарлар 

мен  адам  организміне  бірегей  әсер  кӛрсететін  нейропептид.  Мелатонин 

гормонын 1958 жылы А. Б. Лернер ашты. Супрахиазматикалық ядролар мен 

шеткі  мүшелер  арасында  ″делдал″  бола  отырып,  эпифиз  мелатониннің 

кӛмегімен  тәуліктік  кезеңді  үрдістердің  реттелуіне  қатысады.  Эпифиз 

гипоталамустың супрахиазматикалық ядроларымен бірге «ішкі уақыт есебі» 

мен қартаю механизмінде маңызды рӛл атақаратын орагнизмнің биологиялық 



 

сағат  жүйесіне  кіреді.  Эпифиздің  организмдегі  негізгі  қызметтері: 

циркадианды  және  маусымдық  ырғақтарды  реттеу,  репродуктивті  жүйе 

қызметін  реттеу,  антиоксидантты  және  ісікке  қарсы  қорғаныс  кӛрсетеді. 

Химиялық  құрылымы  бойынша  мелатонин  (N-ацетил-5- метокситриптамин) 

биогенді  амин  серотониннің  туындысы  болып  табылады,  ал  серотонин  ӛз 

кезегінде тамақпен бірге түсетін амин қышқылы триптофаннан синтезделеді. 

Серотониннен  N-  ацетилтрансфераза  ферментінің  кӛмегімен  мелатонин 

түзіледі. Мелатонин эпифиз жасушаларында түзіліп, қанға бӛлінуі тәуліктің 

қараңғы  уақытында  жүретіндігі;  ал  таңда  және  күндізгі  уақытта  гормон 

түзілуі  айтарлықтай  азаятындығы  дәлелденді.  Сыртқы  жарық  туралы 

мәліметті  эпифиз  құрылымында  гипоталамустың  супрахиазматикалық 

ядролары  маңызды  орын  алатын  құрылысы  күрделі  жүйке  жолы  арқылы 

алады.  Ақпарат  кӛздің  торлы  қабатынан  кӛру  жүйкесі  талшықтарының 

бойымен супрахиазматикалық ядроларға барады; бұдан кейін бұл сигналдар 

(белгілер) тӛмен қарай гипоталамус арқылы ми бағаны бойымен жұлынның 

мойын  бӛліміне  жетеді;  бұл  жерде  симпатикалық  жүйке  жүйесі 

талшықтарымен бас сүйек тесіктері арқылы қайтадан бас миына, ең соңында 

эпифизға  жетеді.  Түнде  супрахиазматикалық  ядролар  нейрондарының  кӛп 

бӛлігі  қызмет  атқармайды,  бұл  жүйке  ұштары  эпифиз  жасушаларында 

(пинеалоциттер)  мелатониннің  түзілуін  белсендіретін  ферменттердің 

синтезін  жоғарылататын  норадреналин  бӛледі.  Қандағы  гормон  деңгейі 

жасқа,  ұйқыға,  жынысқа  (әйелдерде  ерлермен  салыстырғанда  гормон 

мӛлшері жоғары), қоршаған орта температурасы мен электромагнитті ӛрістер 

әсер етуіне байланысты. Адам қанындағы мелатонин деңгейі мамыр айынан 

шілде айына дейінгі аралықта тӛмеңгі мӛлшерде, яғни, күннің ең ұзақ мезгілі 

мен  жарықтың  ең  кӛп  болатын  уақытына  сай  (тәуліктің  ұзақтығына 

байланысты).  Мамыр  айында,  сонымен  қатар,  мелатонин  деңгейінің  тәулік 

бойғы ең аз (күндізгі) және ең кӛп (түңгі) деңгейлері арасындағы амплитуда 

ең  жоғары  деңгейге  жетеді.  Мелатонин  деңгейінің  жоғары  кӛтерілуінің  ең 

ұзақ  кезеңі  қысқы  уақытқа  сай,  бұл  гипоталамус  GnRH  секрециясы 

белсенділігінің  тӛмендеуіне  белгі  болып  табылады.  Осы  ӛзгерістер  қысқы 

уақытта 

ұрықтану 

қабілеттілігінің 

тӛмендеуіне 

әкеледі. 

Гормон 


концентрациясы  күндіз  ең  аз  (1-3  пг/мл),  әдеттегі  ұйқыға  жатар  уақыттан  2 

сағат  бұрын  оның  концетрациясы  жоғарылай  бастайды.  Қан  сарысуындағы 

оның  концентрациясы  түнде  күндізбен  салыстырғанда  5-10  есе  кӛп  және 

мелотонин белсенділігінің ең жоғарғы мӛлшері түнгі сағат 3-те байқалады да, 

таңғы сағат 7- лерде оның мӛлшері азайып, кешке дейін ӛте тӛмен деңгейде 

сақталады.  Мелатониннің  адам  организміндегі  негізгі  қызметтері. 

Маусымдық  биоырғақтылықты  реттейді;  иммундық  жүйе  қызметін 

күшейтеді; иммунитеттің тӛмендеген жағдайында оның айқын белсенуі және 

оны аз дозада қайталап енгізгенде антидене ӛндірілуі ӛзгеріп, вирусқа қарсы 

тұрақтылықты жоғарылатады; антиоксидантты қызметі қартаюға қарсы әсер 

кӛрсетеді  (оттегінің  бос  радикалдарын  байланыстыра  отырып,  сонымен  бір 

мезгілде  супероксиддисмутаза  мен  каталазаны  белсендіру  арқылы 

организмнің  антиоксидантты  қорғаныс  жүйесін  қосады;  сағаттық  белдеулер 


 

бойынша  орын  ауыстырғанда  бейімделу  үрдістерін  күшейтеді;  қартаю 

үрдісіндегі  зат  алмасу  ӛзгерістерінде  кӛмірсу  және  май  алмасуына  жақсы 

әсер кӛрсете отырып қандағы холестерин мӛлшерін тӛмендетеді; липидтердің 

тотығу  үрдісін  реттей  отырып,  атеросклероздың  даму  қаупін  тӛмендетіп, 

жасты  ұзартады;  АКТГ,  норадреналин,  вазопрессин  және  ренин  бӛлінуін 

тӛмендете  отырып,  артериалдық  қан  қысымының  гормоналды  реттелуіне 

қатысады  және  қартаю  үрдістерін  баяулатады;  ісікке  қарсы  әсер  кӛрсетеді. 

Мелатониді  мінез  темпераменттеріне  байланысты  қолдану.  Темперамент  - 

адамның  психикалық  әрекетiнiң  нақты  динамикасын  айқындайтын 

психиканың  дара  қасиет-терiнiң  жиынтығы.  Бұл  психикалық  ерекшелiктер 

адамның барша iс-әрекетiнде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткiлерiне 

тәуелсiз  бiрқалыпты  кӛрiнедi,  есейген  шақта  да  ӛзгерiске  түспей,  ӛзара 

байланыста  темперамент  кейпiн  ӛрнектейді.  Ол  қасиеттер:  қозу  мен  тежелу 

процестерiнiң  күшi,  тепе-теңдiгi,  қозғалмалылығы.  Осы  үш  қасиеттi  негiзге 

ала отырып, И. П. Павлов жүйке процесiнiң күшiне орай және күштi тип пен 

әлсiз  типтi  айыра,  дәстүрлi  Гиппократ  типологиясына  жақын  жүйке 

жүйесiнiң  тӛрт  негiзгi  типiн  ажыратты:  күштi,  қозу  мен  тежелуi  теңдей, 

қозғалмалы  -  сангвиник;  •  күштi,  қозу  мен  тежелуi  теңдей,  салғырт  - 

флегматик;  •  күштi,  қозуы  басым  -  холерик;  •  әлсiз  тип  -  меланхолик. 

Сангвиник  -  жоғары  дәрежелi  әрекетшең  адам,  дегенмен,  бұл  әрекетшеңдiк 

оның  белсендiлiк  қасиетiне  сай,  қозу  мен  тежелуi  тепе-тең.  Назарын 

тартқанның  бәрiне  араласа  кетедi,  ым-ишарасы  мен  қозғалыс  қимылдары 

мәнерлi, шапшаң. Сәл нәрседен қарқылдап күледi, болмашы себептен кӛңiлi 

қалып,  мұңаяды.  Бет-жүзiнен  кӛңiл-күйi,  заттар  мен  адамдарға  болған 

қатынасы  бiлiнiп  тұрады.  Сезiмталдығы  ӛте  жоғары,  сондықтан  ол  оншама 

әсерi  болмаған  дыбыстар  мен  жарыққа  елеңдей  бермейдi.  Мұндай  адам 

кӛтерiңкi белсендiлiкке ие, жұмыс қабiлетi мен қуатының жоғары болуынан 

жаңа  iске  қаймықпай  кiрiседi,  ұзақ  уақыт  талып-шаршамастан  қызметiн 

жалғастыра алады. Зейiнiн таңдаған объектiне тез шоғырландырады, тәртiптi, 

қажет  болса,  ӛзiнiң  ырықсыз  әрекеттерi  мен  сезiмдерiне  тоқтау,  тиым  бере 

алады. Әрекетi жедел, ақылы-ойы икемдi, тапқыр, сӛйлеу қарқыны шапшаң. 

Сезiмдерi,  кӛңiл-күйi,  қызығулары  мен  ниеттерi  ӛзгерген  жағдайға 

байланысты  жеңiл  ауысып  отырады.  Сангвиник  тӛңiрегiндегiлермен  тiл 

табысқыш,  жаңа  талаптар  мен  жағдайларға  икемшiл.  Қиналмастан  бiр  iстен 

екiншiсiне  ауыса  алады,  қажет  болса,  қайта  үйренiп,  жаңа  дағыларды 

қабылдауға  шебер.  Әдетте,  бұл  типтi  адам  ӛткенiмен  болашағын 

болжастыруда  ӛзiнiң  субъективті  пайымдауларының  жетегiнде  қалып 

қоймай,  кӛбiрек  сыртқы  әсерлердi  объектив  бағамдауға  бейiм,  экстраверт. 

Холерик,  сангвиник  сияқты  жай  әсерлерге  берiлмейдi,  әрекетшең  және 

белсендi.  Бiрақ  холериктiң  әрекетшеңдiгi  белсендiлiктен  басымдау, 

сондықтан  ол  ұстамсыз,  шыдамсыз,  қызба.  Сангвиникке  қарағанда 

салғырттау,  икемi  кемiрек.  Осыдан  –  ниеттерi  мен  қызығулары  тұрақтылау, 

табанды,  зейiнiн  ауыстыруы  қиындау,  сезiмi  кӛбiне  сырттай  кӛрiнедi, 

сондықтан - толық экстраверт. Флегматик - әрекетi енжар, сезiмталдығы мен 

кӛңiл  шарпулары  кем  кӛрiнiстi.  Оны  күлдiру  де,  мұңайту  да  оңай  емес, 


 

тӛңiректiң бәрi күлкiден жығылып жатқанда, ол мiзбақпас. Қай жағдайда да 

сабырлылығы  мен байсалдылығын  жоймайды.  Ым-ишара  жоқ, сӛзi  сылбыр, 

әрекетi жай. Жаңарған жағдайға икемделуi қиын, дағдылары мен әрекет-терiн 

ӛзгертуi  ауыр.  Солай  да  болса,  флегматик  ӛте  қуатты,  жұмыстан 

шаршамайды.  Шыдамды,  ұстамды,  сезiмге  берiлмейдi.  Әдетте,  жаңа 

адамдармен  араласып  кете  бермейдi,  сырттай  әсерге  тӛзiмдi.  Бар  бiлгенi 

iшiнде – интраверт. Меланхолик. Ӛте сезiмтал, бiрақ әрекетшеңдiгi кем адам. 

Болмашы  нәрседен  кӛзiне  жас  үйiрiлiп,  ӛкпелегiш,  сырттай  әсердi 

күйзелiспен  қабылдайды.  Ым-ишарасы  жоқтың  қасында,  дауысы  мен 

қозғалысы ӛте сылбыр. Әдетте, ӛзiне сенiмсiз, үркек, болмашы қиындықтан 

шегiнедi.  Меланхоликтiң  жiгерi  кем,  тез  шаршайды,  қызметi  болымсыз. 

Зейiнi  тұрақсыз,  оның  барша  психикалық  процестерi  әлсiз.  Кӛпшiлiк 

меланхоликтердiң  ӛздерiнiң  тұйықтығы  мен  адамдардан  оқшаулануынан 

iшiне  түйгенi  кӛп-  толық  интраверт.  Мелатониннің  темпераменттік  әсерін 

зерттеу  Мелатониннің  темпераменттік  әсерін  зерттеу  2  бӛлімнен  тұрды.  I 

бӛлім.  Адамдардың  мінез  темпераментін  анықтау.  Қатысушылардың 

кӛпшілігі  ӛздерінің  мінез  темпераментін  білмегендіктен  және  зерттеудің  II 

бӛліміне  саны  нақты  адамдар  тобын  бӛліп  алу  үшін  (зерттеу  нәтижесінде 

пайыздық  кӛрсеткіштерді  салыстыру  үшін)  зерттеуге  18-40  жас 

аралығындағы  дені  сау  N-  санды  (саны  белгісіз)  адам  қатысты.  II  бӛлім.  I 

бӛлімде  анықталған  тӛрт  топ  зерттеушілерге  (тӛрт  темпераментке  сай) 

Мелатонин препаратының әсерін анықтау. I бӛлім. 18-40 жас аралығындағы 

зерттеушілерді  алуымыздың  себебі:  18  жаста  адамның  мінезі  толық 

қалыптасады,  ал  40-  тан  асқан  адамдарда  қартаю  үрдістері  басталуы  және 

салыстырмалы  түрде  соматикалық  аурулар  жоғарылауы  себепті  ӛзін  ӛзі 

субъективті бағалауы оң- жалған немесе жалған- оң нәтижелер беруі мүмкін. 

Зерттеуге  дайындық.  Зерттелушілер  саны  бастапқы  кезеңде  белгісіз 

болғандықтан, сауалнамаларды ӛз темпераментін анықтағысы келген барлық 

адамдарға  тараттық.  Зерттеудің  екінші  кезеңінде  Мелатонин  препаратын 

қабылдау  керектігі  және  препараттың  әсері,  мүмкін  жанама  әсерлері, 

мӛлшері туралы алдын ала мәлімет берілмеді. Ӛз еркімен қатысушылар саны 

55  адам,  оларға  55  темперамент  анықтау  сауалнамасы  үлестірілді. 

Сауалнамада әрбір темпераментке 20 түрлі сипаттамадан 80 сипаттама (20 х4 

=80)  аралас  жазылған.  Темперамент  түрін  анықтау  әдістемесі  тӛменде 

берілген  тӛрт  кестенің  қосындысы  түріндегі  сауалнама  ретінде  ұсынылды. 

Адамдар  қасиеттер  жазылған  мәтінді  оқи  отырып,  егер  оның  кейбірі  ӛз 

бойынан байқалатын болса, онда «иә» деп жауап беру немесе қасиет тұсында 

«+» белгісін қоюы қажет. Нәтижелерді ӛңдеу алгоритмі. Алдымен, «иә» деп 

берілген жауаптардың жалпы санын шығару керек. 80 қасиеттің кемінде 20- 

сында  «иә»  немесе  «+»  белгісі  тұрса,  сауалнама  толтырған  адамның 

темпераменті  тӛмендегі  кестеге  сәйкес анықталды.  Флегматикте  Мелатонин 

әсерінен  ӛзгеріс  болмады,  яғни,  флегматик  темпераментті  адамдарға 

препараттың әсері жоқ. Меланхоликтерде Мелатонин екі кӛрсеткіш бойынша 

(ӛзіне  ӛзі  сенімсіздік  пен  уайымдаушылық)  тиімді  әсер  етті.  Меланхолик 

типті  адамдар  депрессивті  жағдайлар  мен  күйзелістерге  түсуге  басқа 



 

типтермен салыстырғанда жақын болғандықтан, Мелатонин препараты ӛзінің 

антидепрессивті  және  күйзеліске  қарсы  әсерін  тағы  бір  рет  дәлелдеді. 

Қорытынды.  Мелатониннің  адам  ағзасындағы  рӛлі  зор.  Жалпы  жүргізілген 

зерттеулердің кӛпшілігі мелатониннің адам ағзасындағы ырғақ түзуші, ұйқы 

реттеуші,  қартаюға  қарсы,  иммунды  жүйені  ынталандырушы,  тропты 

гормондардың  бӛлінуі  мен  репродуктивті  жүйені  реттеуші,  қатерлі  ісікке 

қарсы қызметтерін зерттеуге негізделген. Адамның мінез темпераменттеріне 

де  мелатониннің  әсері  бар  екендігі  жүргізілген  зерттеу  нәтижесінде 

анықталды. Зерттеу нәтижесінде анықталғандай, Мелатонин препараты мінез 

темпераменттеріне  әр  түрлі  әсер  кӛрсетеді.  Сангвиник  пен  холерикке 

препарат  тиімді  әсер  кӛрсететіндігі,  флегматикке  әсері  жоқтығы  және 

меланхоликте  күйзелістік  жағдайларда  айтарлықтай  әсері  бар  екендігі 

анықталды. 

 

 

20 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ҤЛГЕРІМІНЕ ТҦЛҒАНЫҢ 



ҦМТЫЛЫС ДЕҢГЕЙІНІҢ ӘСЕРІ 

  

  Бүгінгі  таңдағы  заманауи  білім  беру  жүйесіндегі  ӛзекті 



мәселелердің  бірі  мектептегі  білім  деңгейінің  тӛмендігі  болып 

табылады.  Мұның  себебі,  мұғалімдер  тарапынан  бала  психикасының 

дамуының  заңдылықтары,  соның  ішінде  оқушы   тұлғасының 

талаптану  деңгейінің  ескерілмейтіндігінен  деген  пікір  қалыптасқан. 

Оқушылардың  үлгерім  деңгейі  мен  тұлғаның  талаптану  деңгейі  арасында 

ӛзара  байланыс  бар  екендігі  дау  тудырмайды.  Мен  тұлғаның  талаптану 

деңгейінің оқушының үлгеріміне әсерін зерттеп кӛруге тырыстым. 

Ұмтылыс  деңгейін  зерттеу  жиырмасыншы  ғасырдың  20-30  жылдары 

К. Левиннің  жетекшілігімен  қолға  алынды.  Курт  Левиннің  шәкірті  Тамара 

Дембо  қиын  және  шешімі  жоқ  тапсырмаларды  шешу  кезінде  индивид 

бастапқы  мақсатқа  жақындататын  жеңіл  тапсырмаларды  белгілейтінін  және 

оған  адам  кезең-кезеңмен  қол  жеткізуге  тырысатындығын  дәлелдеді.  Осы 

мақсатты ол «ұмтылыс деңгейі» деп атады. 

Кейінірек, Ф. Хоппе «ұмтылыс деңгейі» феноменінің ұғымын кеңейтті, 

оның  мазмұнына  әрбір  жетістік  сайын  жылжып  отыратын  келешектегі 

жетістіктерге деген айқын емес немесе анық күтулердің, мақсаттардың және 

талаптанулардың  жиынтығын  кіргізді.  Жалпы  алғанда  кезекті  әректтердің 

мақсаты  ретінде  анықтады.  Ф.  Хоппе  мақсатты  таңдау  кезінде  нақты 

әрекеттің  шынайы  мақсатынан  бӛлек  индивидтің  мінез-құлық  стратегиясын 

ауқымы кең «идеалды» мақсат айқындайды деп маңызды тұжырым жасады. 

Одан  кейінгі  кеңестік  және  шет  елдік  ғалымдардың  түрлі 

зерттеулерінде  ұмтылыс  деңгейі  феномені  мазмұны  мен  кӛлемі  жағынан 

кейде тарылып, кейде кеңейіп кӛрініс таба бастады. Мысалы, А.И. Самошин 

ұмтылыс деңгейіне оның тӛрт аспектісін қосады: 

1.    Индивид қаншалықты осы іс-әрекетті қалаулы деп есептейді. 


 

2.    Индивидтің  осы  іс-әрекеттегі  ӛзінің  қабілеттерін  бағалауы 

қаншалықты. 

3.    Индивидке бұл іс-әрекет қаншалықты маңызды. 

4.    Осы іс-әрекетті орындаудың қажеттілігі қаншалықты. 

5.    Ол  ұмтылыс  деңгейін  «субьектінің  ӛз  мүмкіндіктері  мен 

қажеттіліктерін  бағалауды  ескере  отырып  қол  жеткізуге  тырысатын 

мақсаттың деңгейі» ретінде қарастырады. 

Е.А.  Серебрякова  ұмтылыс  деңгейін  адамды  қанағаттандыратын 

ӛзіндік  бағалау  қажеттілігі  деп  түсінді.  Н.Л.Коломинский  болса  тұлғаның 

ӛзіне  тиісті  деп  санайтын  ӛзін-ӛзі  жүзеге  асыруының,  құрылуының  моделі 

ретінде  қарайды.  Б.Г.  Ананьев  белгілі  бір  оң  бағалауға  деген  қалыптасқан 

тұрақты қажеттілік деп санайды. 

В.К.  Гербачевскийдің  пікірінше,  индивидтің  ұмтылыс  деңгейі  оның 

алдыңғы  жетістігінің  деңгейін  біліп,  қол  жеткізуге  міндеттелетін  ӛнімділік 

деңгейі болып табылады. 

В.Г.  Маралов  ұмтылыс  деңгейін  тұлғаның  іс-әрекеттің  мақсатына 

қатынасы  деп  ұғады.  Ол  іс-әрекет  белгілі  бір  деңгейдегі  мақсатқа  қол 

жеткізуге  деген  дайындықтың  күйінің  негізінде  жүзеге  асатын  мақсаттың 

мүмкіндіктері мен деңгейлерін болжаудан тұрады. 

Б.В. Зейгарниктің ойынша,  ересек адамның ұмтылыс деңгейінен оның 

ӛткен  ӛмірінде  жинақталған  мақсат  құрылымның  қалыптасқан  тәсілі 

айқындалады. 

Т.А.  Полозованың  тарапынан  ұмтылыс  деңгейі  «жалпы  талаптанудың 

негізінде пайда болатын іс-әрекет мақсатының белгілі бір жоғары деңгейіне 

қол жеткізуге деген талпыныс» ретінде қарастырылады. 

Кейбір  психологтардың  (Дж.  Аткинсон,  Ф.  Робайе,  М.  Строс-

Романовск)  «күту  деңгейі»  ұғымын  енгізу  бастамалары  негізсіз  болды.  Л.В. 

Бороздинаның  пікірінше,  «ұмтылыс  деңгейі»  және  «күту  деңгейі» 

арасындағы пікірталас таза терминологиялық әрі жасанды болып табылады. 

 Жиырмасыншы  ғасырдың  алпысыншы  жылдары  зерттеулердің  кең 

масштабтығы  мен  санына  қарамастан  кеңестік  және  шетелдік  педагог-

психологтардың  алдында  ұмтылыс  деңгейінің  маңызын  айтарлықтай  дұрыс 

сипаттайтын  –  таңдалатын  мақсаттардың  күрделілік  деңгейі  деген 

анықтамасы жалпыға ортақ түсінікке айналды. 

Ұмтылыстың  спецификалық  ерекшеліктерін  түсіну  үшін  маңызды 

мәселе  оның  детерминанттарын  анықтау  болып  табылады.  К.Левин 

эксперименттік тұрғыда әрекеттің мақсатын бекіту жетістікке сәйкестіксіздің 

деңгейімен  байланысты  қалыптасатынын,  яғни  белгіленген  мақсат  пен 

жетістік  және  сәтсіздік  сезімінің  пайда  болуын  анықтайтын  шынайы 

орындаудың айырмашылықтарын анықтап, негіздеп берді. Оларды кезектегі 

әрекеттердің мақсатының жағдаяттық детерминанттары деп атады және олар 

квазиқажеттіліктердің қанағаттандырылуын тудырады. 

Ф.  Хоппе,  одан  кейін  М.  Юкнат  және  Л.  Фестингер  жетістік  пен 

сәтсіздіктің  ұмтылыс  деңгейінің  динамикасына  әсері  анықтады:  ұмтылыс 

деңгейінің жетістіктен кейін жоғарылауы және сәтсіздіктен кейін тӛмендеуі. 



 

Одан  кейінгі  кеңестік  және  шетелдік  педагог-психологтардың 

жүргізген эксперименттерінде бұл заңдылық үнемі дәлелденіп отырды. 

Ұмтылыс  деңгейінің  тұрақты  детерминанттарын  талдауға  тоқталайық. 

Ф. Хоппенің алғашқы кездегі эксперименттерінің ӛзінде ұмтылыс деңгейінің 

динамикасы  тұлғаның  ӛзекті  құндылықтарымен  байланысты  екендігі 

анықталған еді. Оның пікірінше, олар адамның ӛзіндік сана-сезіміне жатады 

және  ұмтылыс  деңгейіне  қарама-қарсы,  жекеленген  әрекеттерге  тиесілі, 

адамның «Мен-деңгейі» болып табылады. Ол тағы былай деп тұжырымдады: 

индивидтің  бойында  әлеуметтік  негізделген  «Мен-деңгейін»  жоғары 

деңгейде ұстап тұруға деген жалпы тенденция бар және айтарлықтай жоғары 

деңгейде жоғары табысқа жетуге деген. «Мен-деңгейі» ұғымын Ф. Хоппе, М. 

Юкнат,Дж.  Френк  «ӛзіндік  бағалау»  ұғымына  сәйкес  ретінде  қолданады,  ал 

П.  Спирз  шынайы  емес  және  шынайы  сыналушыларды  анықтады  және 

шынайы  сыналушылардың  ұмтылыс  деңгейі  айтарлықтай  адекватты  болып 

табылды. 

Ұмтылыс деңгейінің ӛзіндік бағалаумен байланысын басқа да шетелдік 

(Р.  Гоулд,  Дж.  Гарднер,  X.  Хекхаузен)  және  кеңестік  ғалымдар(Е.А. 

Серебрякова, Б.В. Зейгарник) айтқан болатын. 

Кейбір зерттеушілердің (Л.И. Божович, А.И. Липкина, В.В. Николаева, 

Е.И.  Савонько,  Е.А.  Серебрякова)  пайымдауынша,  «ӛзіндік  бағалау»  мен 

«ұмтылыс деңгейі» ұғымдарын синоним ретінде қолдану керек 

Т.А.  Полозова  ұмтылыс  деңгейін  ӛзіндік  бағалаудың  әртүрлі 

формаларымен  байланысты  деп  санайды.  Мектепке  дейінгі  жаста  ӛзіндік 

бағалау жекеленген әрекеттерден асып түседі (бастапқы ұмтылыс), бастауыш 

сыныптағы оқушыларды ӛзі және ӛзінің мүмкіндіктері туралы кӛзқарастары 

жалпылай  қалыптасады  да,  олардың  бойында  ӛзіндік  бағалаудың  тағы  бір 

формасы  –  жалпы  ұмтылыс  кӛрініс  табады,  осының  негізінде  ӛзіндік 

бағалаудың  үшінші  формасы  –  ұмтылыс  деңгейі  қалыптасады.  Ӛзіндік 

бағалаудың  тӛртінші  формасы  –  ӛзі  туралы  пікірі,  жасӛспірім  шақта 

қалыптасады, ал ересек адамның ӛзіндік бағалауы ӛзіндік бағалаудың барлық 

формаларының күрделі ӛзара әсерлері болып табылады. 

Ӛзіндік бағалаумен қатар, кӛптеген эксперименттердің пәніне айналған 

ұмтылыс деңгейінің басты детерминанттарының бірі – мотивация. 

Дж.  Френк  тұжырымы  бойынша,  мақсат  құрылым  мынадай 

қажеттіліктерді айқындайды: ұмтылыс деңгейін жоғары деңгейде ұстап тұру, 

шынайы мақсаттар қою және сәтсіздіктен қашу. 

Ф.  Хоппе  мен  Т.  Дембо  мақсат  таңдау  кезінде  мақсат  құрылымда  екі 

тенденцияның болатындығын айтты: адам ӛте жоғары деңгейдегі қиындықта 

жетістікке  жетуге  тырысады  және  сәтсіздіктен  қашады.  С.  Эсколоне  мен  Л. 

Фестингер 

мақсатқұрылымды 

жетістік 

пен 


сәтсіздіктің 

сипатын 


жанамалайтын  табысқа  жету  және  сәтсіздікке  ұшыраудың  субьективті 

ықтималдылығымен байланыстырды. 

Оқушылардың  ұмтылыс  деңгейлерін  талдау  және  диагностикалау 

біріншіден,  оның  жартылай  мотивациялануымен,  екіншіден,  нақты  іс-

әрекетте  түрлі  жастағы  балалардың  спецификасын  анықтаған  зерттеулердің 


 

жоқтығымен,  үшіншіден  және  ең  бастысы,  әдістердің,  әдістемелердің, 

зерттеу  жүргізу  жағдайларының,  тапсырмалардың  мазмұны  мен  кӛлемінің 

біркелкі  еместігімен  және  психологиялық  «ӛрістер»  мен  қалыптасу 

механизмдерінің алуандығымен қиындық туғызады. 

  Осылайша,  К.  Левиннің  мектебіндегі  ұмтылыс  деңгейінің  түрлі 

аспектілерін  зерттеуге  арналған  ұзақ  уақыттық  зерттеулер  ұмтылыс 

деңгейінің қалыптасуындағы екі басым факторды анықтады: ӛзіндік бағалау 

және мотивация. Бұл кеңестік психологтар тарапынан да қолдауға ие болды. 

Сонымен  қатар,  жекеленген  нақты  эксперименттік  жұмыстарда  ӛзіндік 

бағалау  мен  ұмтылыс  деңгейінің  сәйкес  келмеуін  негіздейтін  кӛптеген 

мәліметтер  де  жинақталды  (Л.В.  Бороздина,  Н.Л.  Коломинский,  В.А. 

Комогоркин,  Л.И.  Божович,  Л.С.  Славина,  В.Г.  Маралов,  Л.В.  Семина,  В.Н. 

Семин және т.б..) 

А.Д.  Глоточкин  мен  В.П.  Каширин  тұлғаның  ұмтылыс  деңгейінен 

құндылық  бағдарларын,  іс-әрекетте  белгілі  бір  жетістікке  қол  жеткізудегі, 

мойындалудағы,  қоршаған  орта  тарапынан  құрметтелудегі  қажеттіліктерді 

байқай  отырып,  ұмтылыс  деңгейін  түрті  болушы  күш,  ӛзін-ӛзі  дәлелдеу 

мотиві  деп  санайды.  Ӛзін-ӛзі  дәлелдеуді  олар  тұлғаның  қоршаған  ортамен 

ӛзара әрекеттесуінің әлеуметтік-психологиялық механизмдерінің бірі ретінде 

қарастырады  және  тұлға  мен  ұжым  дамуының  маңызды  факторы  ретінде 

мойындайды.  Ал,  талаптанулар  құндылықтарды,  бағдарларды,  белгілі  бір 

нәтижеге жетудегі қажеттіліктерді сипаттайды деп біледі. 

Осылайша,  бұл  ғалымдардың  еңбектерінде  ұмтылыс  деңгейінің 

әлеуметтік-психологиялық  факторлармен  жалпы  байланысы  емес,  шынайы 

топтың тұлғаға әсер етуінің түрлі механизмдерінің әсері қарастырылады. 

Еріктік  регуляция  Л.В.  Семинаның  пікірінше,  тапсырмалардың 

күрделілігін  таңдау  кезінде  және  сабақта  нақты  жағдайда  мақсатқа  жету 

кезінде, сондай-ақ, мақсатқа жетуге дайындалу кезінде де қажетті. 

Еріктік  қасиеттердің  тұлғаның  ұмтылыс  деңгейіне  әсері  бірнеше 

зерттеулерде 

анықталды. 

А.И. 

Самошин 


студенттерге 

жүргізген 

эксперименттерінде  ұмтылыс  динамикасының  «табандылық»  еріктік 

қасиетінің  дамуына  тәуелді  екендігін  кӛрсетті.  Ал,  тұрақсыздық  ұмтылыс 

деңгейінде  қашу  мотивациясымен,  ерік-жігерінің  дамуының  әлсіздігімен 

түсіндіріледі. 

Ұмтылыс  деңгейі  мен  ерік  арасындағы  байланыс  С.И.  Хохлов,  В.Н. 

Семин, В.А. Комогоркин, В.П. Чибалин зерттеулерінде анықталды. 

Кӛптеген зерттеушілер ұмтылыс деңгейінің интеллектімен байланысын 

күмәнсіз  деп  есептейді.  Мысалы,  К.  Левин  интеллектінің мақсатқа  жетудегі 

ықтималдылық  дәрежесін  болжамдау  кезіндегі  рӛлін  және  ұмтылыс 

деңгейінің  субьектінің  мүмкіндіктеріне  тәуелді  екендігін  айтты.  П.  Сирз 

үлгерімі  жоғары  оқушылардан  тӛмен  деңгейдегі  озі  мақсаттық 

айырмашылықтарды анықтады. 

В.К.  Гербачевский  кӛрсеткендей,  талапкер-студенттердің  ұмтылыс 

деңгейлері  интеллект  деңгейіне  тәуелді,  ол  ӛз  мүкіндіктерін  барынша 

адекватты  бағалауға  мүмкіндік  береді.  Интеллек  ұмтылыс  деңгейіне  жалпы 


 

және  арнайы  қабілеттіліктер  арқылы  әсер  етеді  және  индивид  ӛз 

мүмкіндіктерін  бағалау  кезінде  специфмкалық  іс-әрекетті  жүзеге  асырады 

деп есептеді. 

Ұмтылыс  деңгейінің  интеллект  құрылымына  тәуелділігін  И.М.  Палей 

мен О.Г. Мельниченко да растады. 

Қабілеттіліктердің  ұмтылыс  деңгейіне  әсерін  В.К.  Калин,  А.И.  Само- 

шин,  В.Г.  Маралов,  А.Я.  Миленький  анықтады.  Олар  жоғары  қабілетке  ие 

сыналушылардың күрделі мақсаттарды таңдайтынын байқады. 

Г. Айзенк ұмтылыс деңгейінің темпераментпен байланысын анықтады. 

Экстраверттердің ұмтылыс деңгейі интроверттерге қарағанда адекватты және 

жоғары  жетістікке  жету  деңгейісен  ерекшеленеді.  О.Г.  Мельниченконың 

мәліметтері  бойынша,  интроверттер  мақсат  таңдау  барысында  бейімделуі 

тӛмен, алайда ұмтылыс деңгейі жоғары. 

Дж.  Аткинсон  және  Я.  Рейковский  сәтсіздіктен  қашу  мотиві  басым 

сыналушылардың  ұмтылыс  деңгейінің  үреуленумен  байланысын  тапты. 

Алайда,  Дж.  Тейлордың  адамдарда  үнемі  үрейленудің  бола  бермейтіндігі 

туралы  мәліметін  ескерген  жӛн.  Оның  пікірінше,  үрей  сәтсіздікке  ұшырау 

қауіпі туған жағдайда пайда болады. 

Ұмтылыс  деңгейінің  кӛрінуі  мен  динамикасының  жыныстық 

айырмашылықтарын  анықтауға  қатысты  зерттеулерде  анықталғандай, 

ұмтылысдеңгейі  әйелдерге  қарағанда  ерлерде  жоғары  (Р.  Холт,  О.Г. 

Мельниченко, И. Моханти, Л.В. Бороздина, Е.Е. Данилова). 

Сондай-ақ,  ұмтылыс  деңгейі  мен  жүйке  жүйесінің  арасындағы 

байланыс та анықталған. О.Г. Мельниченконың зерттеулерінде жүйке жүйесі 

күшті  (қозу  процесіне  қатысты)  сыналушылардың  ұмтылыс  деңгейі 

адекватты  емес  жоғары  деңгейге  ие  болған.  Дәл  осындай  нәтижелерге  А.Н. 

Капустин  де  қол  жеткізген.  Жүйке  жүйесінің  әлсіздігі  ұмтылыс  деңгейінің 

тӛмендеуіне негіз болады. 

Энергетикалық  факторлардың  ұмтылыс  деңгейіне  әсері  В.К. 

Гербачевскийдің зерттеулерінен табылған. Ол студенттердің физиологиялық 

кӛрсеткіштерін (артериалдық қысым, оксигемоглобин, ЧСС, КГР) тіркеген. 

Зерттеу  мәселесі  бойынша  әдебиеттерге  шолу  жасаудың  негізінде  кӛз 

жеткізгеніміздей, ұмтылыс деңгейін зерттеу шет елде К. Левиннің заманынан 

бастап  және  кеңестік  психологияда  ӛте  кең  масштабқа  ие.  Ұмтылыс 

деңгейінің  кӛптеген  детерминанттары  анықталды,  мақсатқұрылымның 

механизмдері 

анықталды, 

түрлі 

жастағы 


оқушылардың 

жетістік 

мотивациясын  арттыруға  арналған  курстар  мен  оқушыларға  және 

мұғалімдерге  арналған  жетістік  мотивациясын  қалыптастыратын  тренингтік 

бағдарламалар,  оқу  құралдары,  жетістік  мотивациясын  анықтайтын 

әдістемелер  әзірленді.  Талаптанудың динамикасына  әсер  ететін  оқушыларға 

арналған тренингтер даярланып, басылып шығарылды. Оқушылардың мінез-

құлқын  түзетуге  бағытталған  түрлі  бағдарламалар  жасалды,  оқушылардың 

себептік  сызбаларды  қабылдауы  талданды,  мұғалімдер  мен  ата-аналардың 

ӛзара  әрекеттестіктері  сараланды.  Р.Де  Чармстыңтұлғалық  себептілік  пен 

оның  тәжірибелік  қосымшасы,  М.  Ксикзентмихамидің  ішкі  мотивация 


 

тренингі,  К.Р.  Роджерс  пен  Дж.  Фрейбергтің  гуманистік  ілім  беру  туралы 

еңбектері айтарлықтай зор маңызға ие. 

Кӛптеген  оқушылар  мен  студенттердің  ұмтылыс  деңгейінің 

динамикасы ӛзіндік бағалаумен емес, жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу 

мотивімен емес, әртүрлі жастық кезеңдерге тән ӛзара әрекеттесуші тұлғалық 

және  әлеуметтік-психологиялық  детерминанттардың  күрделі  иерархиялық 

құрылымымен айқындалды. К. Левин, Х. Хекхаузен, Ф. Робайе мойындаған 

тұлғаның  ұмтылыс  деңгейіне  әсер  ететін  топтың  басқа  адамдарының 

қатысуын жағдаяттық әлеуметтік факторы, шынайы іс-әрекетте кӛп жағдайда 

тұрақты әлеуметтік-психологиялық детерминат болып табылады және ол топ 

мүшелерінің ұмтылысын ғана емес, тұтас тұлғаның ұмтылыс деңгейін тиімді 

қалыптастырушы.  

Сондықтан, ұмтылыс деңгейінің кӛрініс, оның қалыптасуы мен түзету 

механизмдері және ең бастысы – мұғалімдерге практикалық ұсыныстар әрбір 

жас  кезеңіндегі  топқа  және  іс-әрекет  түріне  байланысты  жекеленген  түрде 

әзірленуі керек. 

Жалпы  оқу  іс-әрекетінің  спецификасы  мен  сабақ  барысындағы 

психологиялық  жағдайды  зерттеген  Б.Г.  Ананьевтің  пікірінше,  тұлғаға 

тәрбиелік  әсер  ету  тек  пән  арқылы  ғана  әсер  етумен  шектелмейді,  оқушыға 

білімдерді меңгеруге жағдай жасаған бүкіл қатынастар жүйесі арқылы жүзеге 

асырылады. Бұл жүйеде мұғалім, оқыту, педагогикалық әсер, баланың дамуы 

және оның жастық ерекшеліктерінің қалыптасуы үздіксіз бірлікті құрайды. 

Б.Г.  Ананьев  педагогикалық  бағалауға  үлкен  мін  береді,  оның 

пікірінше,  ол  жетістік  пен  сәтсіздікті  бастан  кешіру,  ұмтылыс  мен 

ниеттердің, 

шешімдер 

мен 


қатынастардың 

қалыптасуы 

негізінде 

бағдарлаушы  (оқушының  оқыту  процесі  мен  ӛз  білімдерін  ұғынуы), 

ынталандырушы  және  әсер  етуші  функцияларға  ие.  Осыған  байланысты, 

бағалау интеллектуалды және аффективті сфераларға, яғни тұтастай тұлғаға 

әсер етеді.  

Зерттеу  жұмысымның  барысында  тұлғаның  ұмтылыс  деңгейіне  әсер 

ететін  тұлғалық  және  әлеумсеттік-психологиялық  детерминанттар  кеңінен 

талданып, талқыланды. Сондай-ақ, ұмтылыс деңгейінің іс-әрекеттің басқа да 

түрлеріне әсері қарастырылды. Біздің жұмысымыздың тақырыбы мен зерттеу 

мақсаттарына байланысты, ұмтылыс деңгейінің оқушылардың оқу үлгеріміне 

әсері  зерттелінді.  Жоғарыдағы  мәлімттерді  саралай  келе,  оқушылардың  оқу 

үлгеріміне олардың тұлғалық ұмтылыс деңгейі оң әсер етеді деп есептеймін. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет