Хронобиология


 ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН АУРУДЫҢ БИОЫРҒАҚТЫЛЫҒЫ



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата03.03.2017
өлшемі0,94 Mb.
#7021
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

21 ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН АУРУДЫҢ БИОЫРҒАҚТЫЛЫҒЫ 

 

 Денсаулық  дегеніміз-ағзаның  айналаны  қоршаған  сыртқы  орта 

факторларына  бейімделуі,дамуы  және  қалыптасуын  айтамыз.Қазір-гі  кезде 

денсаулықты бірнеше түрге бӛліп қарастыруға болады. 



 

1.  Физикалық  денсаулық-ағза  жүйесі  мен  мүшелердің  ӛсу  деңгейі. 

Оның  негізін  морфологиялық  және  функциялық  кезектер  қалайды.  Олар 

ағзаның бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді. 

2.  Соматикалық  денсаулық  -  ол  адам  ағзасы  мен  мүшелердің 

арасындағы  биологиялық  жағдайы.  Оның  негізін  ағзаның  жеке  басы 

дамуының биологиялық бағдарламасы реттейді. 

3.  Психикалық  денсаулық  -  ол  адамның  психикалық  сферасының 

жағдайы.  Ауруды  болдырмау,  адам  ӛмірінің  мақсатын  болжау,  мұның  бәрі 

биологиялық және әлеуметтік қажетттілтерден туындайды. 

4.  Рухани  денсаулық  -  ол  адамдардың  информацияны  қабылдауға  де-

ген  қабілеттілігі  мен  мотивациялық  іс-әрекетінің  арасындағы  қарым-

қатынастардың  сипаттамасын  кӛрсетеді.  Оның  негізгі  баға-лық  жүйелері 

индивидтердің қоғамдағы орны мен оның мотивті түрде орнғуы. Ол адамның 

кӛңіл  күйін  анықтайды.  Ӛйткені  рухани  денсаулық  адамдардың 

жомарттылығын, сүйіспеншілігін, жан дүниесінінің сұлулығын кӛрсетеді. 

 Адамдардың  денсаулығы  неге  байланысты  болады  деген  сауалға 

келетін  болсақ,  денсаулықты  шартсыз  түрде  100%  етіп  алсақ,  оның  20% 

тектік  факторларға,  20%  айналаны  қоршаған  сыртқы  орта  жағдайларына, 

экологиялық  факторлардың  әсеріне,  10%-денсаулық  сақтау  жүйелерінің 

әлсіздігіне байланысты болатыны анықталып отыр. Денсаулық сақтау жүйесі 

жақсы  түрде  қызмет  жасайтын  болса,  және  дәрі-дәрмектер  жеткілікті 

болса,онда  адамдардың  денсаулығы  арта  түсетіні  сӛзсіз.  Түрлі  жұқпалы 

дерттерге адам ағзасы қарсы тұра алады. Ӛйткені сдам ағзасы табиғаттың ӛзі 

ерекше  түрде  жаратқан  құбылысы.  Денсаулықтың  50%-ның  жақсы  болуы 

адамдардың  ӛздеріне  байланысты  болатынын  медицина  және  биология 

ғалымдары  ғылыми  тұрғыдан  дәлелдеп  шықты.  Кӛптеген  адамдар  олардың 

ішінде жас жеткіншектер денсаулықтарын ӛздері бұзатыны байқалып отыр. 

 Дені  сау  деп-организмнің  органдары  мен  жүйелерінің  қызмет  істеу 

қабілеті  сыртқы  ортаның  жағдайымен  толық  сәйкес  келуін  және  қандай  да 

бір  аурудың  белгілері  жоқ  болуын  айтады.  Дені  саулықтың  негізгі 

белгісі,оның  сыртқы  ортаның  жағдайының  ӛзгеруіне  тез  бейімделгіштік 

қасиеті.Дені  сау  организм  адамның  ауыр  психикалық  және  физикалық 

қажуын  жеңе  алады  және  сыртқы  ортаның  ӛзгерістеріне  тез  бейімделеді. 

Сондықтан  оны  қалыпты  жағдайдан  шығару  оңайға  түспейді.  Денесі 

жаттықан  адамдардың  ӛзін-ӛзі  қорғау,бейімделгіштік  қасиеті  ӛте  жоғары 

дамыған.  Бірақта  организмнің  ӛзін-ӛзі  қалыпқа  келтіру  қасиеті  шексіз  емес. 

Ерте  ме  кеш  пе  ол  қажиды,  денені  ауру  жайлайды.  Дені  сау  организмнің 

сыртқы  ортаның  жағдайларының  ӛзгеруіне  ӛте  жоғары  дәрежедегі 

бейімделгіштігінің  басты  себебі,оның  органдар  ментканьдардағы  тіршілік 

қызметін  жедел  реттеп  отыруында.  Тірі  организм  ӛте  күрделі  ӛзін-ӛзі 

басқаратын  жүйе.  Ол  сыртқы  ортаның  тоқтаусыз  ӛзгерістеріне  сай  ӛзін-ӛзі 

пайдалы  тәртіпке  түсіріп  отырады.  Сонымен  қатар,денсаулықтың  белгісі 

организмнің  ішкі  ортасының  үнемі  қалыпты  жағдайда  болуы.  Оны 

гемеостазис деп атайды. Қалыпты жағдайда организм ӛзінің қызуын, қанның 

химиялық құрамын, қанның құрамындағы оттегінің кӛлемін т.б бір қалыпты 



 

ұстайды.  Сыртқы  ортанның  қоздырғыштарының  күшті  әсерінен  ішкі 

ортанның  қалыпты  жағдайы  ӛзгеруі  мүмкін.  Сол  кезде  денеде  ауру  пайда 

болады.  Денсаулық  және  қалыпты  жағдай  деген  ұғымдардың  арасында 

ешқандай  да  шек  жоқ.  Кейде  дені  сау  деп  ойлаған  организмде  аурудың 

ошағы  болуы  мүмкін  мысалы  (жұқпалы  аурулардың  жасырын  басталатын 

кезеңі).  Аурудың  жасырын бастаған  жағдайында  адам  организмі бірте-бірте 

ӛзгеріске ұшырайды. Бұл спортшыларға тән қасиет. Олардың организміндегі 

ӛзін-ӛзі  қалыпқа  келтіретін  механизм  ӛте  жоғары  дәрежеде  дамыған. 

Сондықтан ауру ұзақ уақыт жасырын жағдайда даиды және кӛңіл күйіне аса 

әсер  ете  қоймайды.  Денсаулық  пен  аурудың  арасында  әртүрлі  ӛтпелі 

жағдайлар  бар.  Денеде  аурудың  пайда  болғандығы  немесе  жоқтығы  туралы 

ұйғарымға  келу  үшін  организмнің  жекелеген  қасиеттеріне  жүгіну,  жақсы 

шынығу  дәрежесі  және  оны  қоршаған  ортаның  жағдайын  есепке  алу  керек. 

Организмге  түсетін  шамадан  тыс  күшті  қоздырғыштардың  әсерінен  немесе 

жәй  қоздырғыштарға  бағытталған  бейімделгіштік  қасиетінің  тӛмендеуінен 

адамда  ауру  пайда  болады.  Адам  организміне  тән  морфологиялық  және 

қызметтік қасиеттер ӛзгеріске ұшырайды да кесел басталады. 

 Аурудың 

басталуына 

байланысты 

ӛзін-ӛзі 

реттеу 

қызметі 


ӛзгеріп,қоршаған  ортамен  жаңа  ара  қатынас  орнайды,бейімделгіштік  қасиет 

тӛмендейді. Аурудың тууы-деп қандай да бір қоздырғыштың зақымдануынан 

организмдегі  тіршіліктің  нашарлауын  айтады.  Ол  организмнің  сыртқы 

ортаның  жағдайларына  бейімделу  және  жұмыс  атқару  қасиетінің 

нашарлауымен  анықталады.  Ауру  туған  жағдайда  денеде  физиологиялық 

қызмет жалғаса береді де ол жаңа жолмен жүреді. Бастапқы кезеңде ауруды 

туғызатын  себептерге  қарсы  қимылдар  іске  қосылады.  Содан  кейін  барып 

организмнің  физиологиялық  қызметін  түзейтін  орнын  толтыру  және 

қалыптастыру  ӛзгерістері  басталады.  И.П.Павловтың  тұжырымы  бойынша 

организмдегі кейбір ӛзгерістер аурудан емес, физиологиялық ӛзін-ӛзі қорғау 

әрекеттерінің кӛрінісі болып табылады. 

 Дене  қимылының  кемдігінен  (гипокинезия)  пайда  болатын  аурулар.  

Гипокинезия адам денсаулығына, әсіресе жүрек-қан айналу жүйесіне зиянды 

әсер 

етеді. 


Қазіргі 

заманда 


ӛндірістің 

ауыл 


шаруашылығының 

техникаландыруына,  ӛзін-ӛзі  басқаратын  жүйелердің  қолданылуына 

байланысты,адамдардың  кӛбісі  аз  қозғалатын  тұрмыс  кешуде.  Дәл  қазіргі 

таңдағы  цивилизациялы  қоғам  дене  еңбегін  азайтуда  орасан  зор  табыстарға 

ие  болуда.  Мұның  ӛзі  транспорттың  дамуына,ӛндіріс  процестері-нің 

автоматтандырылуына 

байланысты.Біздің 

елімізде 

сан 

мыңдаған 



миллиондаған  адамдар  жыл  сайын  лифтілері,кір-қоқыстарын  сыртқа  ӛзі 

тартып  шығаратын  құбырларды  пайдалануда.  Барлық  тұрмыстық-

коммуналдық жағдайлары жеткілікті ӛмір сүруде. Соңғы кездегі адамдардың 

жүрек пен қан айналу жүйелеріндегі аурулардың кӛбейіп кетуінің бірден-бір 

себебі  осы  гипокинезияға  байланысты.  Гипокинезияның  салдарынан  адам 

қажиды  да  кез  келген  органында  ауру  қозады.Мысалға,қатерлі  ӛскіндерді 

қояндардың  денесіне  еккенде  ауыр  жұмыс  істеуге  жаттыққан  қояндарда 

қатерлі  ӛскін  баяу,ал  жаттықпаған  күші  жоқ  қояндарда  жылдам  дамиды. 



 

Дене қозғалысының кӛлемі азайғанда ішкі органдардың,жүйелердің қызметі 

де баяулап,қоздырғыштарға қарсы күресі нашарлайды,ауру туады. 

 Адамдардың  дене  белсенділігінің  деңгейі,олардың  тек  жұмыс 

қабілетіне ғана емес,денсаулық жағдайына да әсер етеді. Кӛптеген зерттеуші 

ғалымдар,  гипокинезия  жүрек-тамыр  ауруларының  этиологиясында  семіздік 

пен  тірек-қимыл  аппаратының  бұзылуында  едәуір  орын  алатынын 

дәлелдеген.  Жүректің  ишемиялық  ауруларында  миокард  қан  айналымының 

бұзылуы  себебінен  қажетті  мӛлшерде  оттегі  және  қоректік  заттардың 

жеткізілуі  кемиді. Миокард  инфаркті-ӛте  қауіпті  кең  таралған  жүрек ауруы. 

Ел  ішіндегі  екі  ӛлімнің  негізгі  себебі  миокард  инфаркты  және  мидағы  қан 

айналымының бұзылуы болып табылады. 

 Дене  белсенділігі  жоғары  адамдарда  бұл  аурулар  жоққа  тән.  Осы 

бағытта  кӛптеген  зертеулер  жүргізілген  және  де  жүргізілуде.  Авторлардың 

басым  кӛпшілігі  жүрек-тамыр  жүйесі  ауруларынан  қайтыс  болатындардың 

саны,дене  белсенділігінің  тӛмен  адамдарда  2  немесе  3  есе  жиі 

кездесетіндігіне  тоқталған.  Белсенді  қозғалыс  режімдерін  ұстанған  адамдар 

бірінші инфарктен кейін ӛмір сүре алады. Бұл жерде ӛмір сүру кезеңдеріндегі 

әр уақытта дене қозғалысының белсенділігі ӛте қажет екенін атап айтқан жӛн 

және  де  балалық  жасӛспірімдік  кезеңдеріндегі  жүрек-тамыр  жүйесіндегі 

ауытқулар жойылып кетеді. 

 Екінші  қауіпті  фактор  липидтер  алмасуының  бұзылуына байланысты-

дене  салмағының  артуы.  Толық  адамдар  қанындағы  сары  суда  холестерол 

мен триглицеридтер мӛлшерінің жоғарлауын болдырмауға бірден-бір себеп. 

Салмақ  артуының  басты  себебі  бұлшық  ет  жұмысы  кезіндегі  шығындалған 

энергия  мен  тағамана  келіп  түскен  энергия  пропорциясының  әртүрлігі. 

Қазіргі  кездегі  постуталаттанған  липопротеидтің  жоғары  тығыздығының 

(ЛПЖТ)  антиатерогендік  функциясын  есепке  ала  отырып,жоғарыда 

келтірілген 

фактілер,қан 

сарысуындағы 

липидтер 

тасмалдануының 

нашарлауы және атеросклероздың пайда болуы,тамақтану режімінің бұзылуы 

мен гипокинезияның бірлесуінен деп қорытындылайды. 

 Сонымен  бірге  гипокинезия  холестеролдың,  этирифицирленген 

полиенді  май  қышқылдары  құрамының  артуына,перекисті  тотыққан  осы 

қышқылдар  ӛнімдерінің  қан  плазмасындағы  липидтерде  жинақталуына 

жағдай туғызады. Балалармен жасӛспір-імдерде гипокинезия қалыпты кездегі 

жүрек соғуының жоғарлауына,тері асты майының қалыңдауына,дем  шығару 

қарқынының артуына,қандағы холестерол құрамының кӛбеюіне әкеледі 

 Қозғалыс аппаратындағы ӛзгерістер-бұлшық ет атрофиясы,шемір-шек, 

сүйек,  буындар  мен  байламдарда  кездесетін  дегенеративтік  процестер 

негізінен  пайда  болады.  Қозғалыс  белсенділігі  тірек-қимыл  аппаратының 

пассивті  құрамдарына  әсер  ете,оның  жағдайын  да  анықтайды.  Мұндай 

статикаляқ мәліметтер түрлі арқа ауруларының басты себептерінің бірі,арқа 

бұлшық еттерінің жағдайы болып табылады. Статикалық жұмыс қалпындағы 

ширығу,бұлшық  еттердің  босаңсу  уақыт  ӛте  келе,  бұлшық  ет  ұлпаларында 

спазм және дегенеративтік ӛзгерістерге  әкеледі.  Арқа  аурулармен  ауыратын 

5000-дай  адамды  тексергенде,олардың  тек  20%-ті  ғана  зақымдану  немесе 



 

органикалық  патология  табылған.  Ал  отырып  жұмыс  істейтіндерде 

кездесетін арқа және сүйек аурулары,қимылдың аздығынан. Арқа еттеріндегі 

әлсіздік 6-16 жас аралығындағы балалар жасӛспірімдерде де байқалған. 

 Гипокинезия  буын  жағдайына  да  кӛп  әсер  етеді.  Ұзақ  уақыттық 

статикалық  жүктемелер  әсерінен  буын  шеміршегі  жалпақтанады,ондағы  зат 

алмасудың бұзылуынан,дегенеративтік ӛзгерістер пайда болады да буындағы 

қозғалыс амплитудасы шектеліп,серпімділігі азаяды. 

 Қимыл-қозғалыс  кемшілігінің  жоғарыда  кӛрсеткендей,денеге  әсер 

етпейтін  жері  жоқ.  Аз  қозғалыстың  салдарынан  жоғарғы  реттеуші  орталық, 

ішкі  ағзалар,шеткері  орналасқан  қан  тамырлары,сүйек  буындары  кӛптеген 

ӛзгеріске  ұшырайды.  Адамның  жұмысқа  деген  қабілеті  тӛмендеп,ӛзін 

қоршаған ортаға бейімделу қасиеті кеміп, «тіршілік жүйесі» әлеуметтік және 

биологиялық құбылыстарға тӛт-еп бере алмай қалады. 

 Гиподинамия  (қимылдың  кемдігі)  ең  алдымен  ми  қыртысын 

зақымдайды.  Оның  себебі,әрбір  қимыл-қозғалыстан  бастап,  ӛте  күрделі 

гимнастикалық  жаттығуларға  дейін,  барлығы  тек  жоғары  реттеуші 

орталықтың  бақылаумен  ғана  орындалады.  Сондықтан  ми  және  бұлшық 

еттер, буындардың қимыл-қозғалысы бір-бірімен тығыз байланыста. 

 Орталық  нерв  жүйесінен  түскен  бұйрық  арқылы  қатты  екпінді 

қозғауға,  не  ақырын  қимылдауға  болады.  Ал  қозғалысқа  түскен  бұлшық  ет 

керісінше  миға  қарай  нерв  талшықтары  арқылы  орындалған  жұмыстың 

қорытындысын жібергендей хабар береді. 

 Сонымен  жоғары  нерв  жүйесі  бір  жағынан  бұлшық  ет,буындары-

ның,ішкі ағзалардың  қызметін  қадағаласа  (қан  айналым,ӛкпе,жүр-ек, бауыр, 

ішкі секреция бездерінің жұмыстарын) екінші жағынан, ӛзі осы мүшелердің 

толық ықпалында болады. 

 Денсаулықтың  кепілі,  адамның  еңбекке  деген  қабілеті,  қандай  жаста 

болса  да,  дамылсыз  соғып  тұрған  жүрекке  байланысты.  Барлық  қимыл-

қозғалыс денеде ӛтіп жатқан мыңдаған құбылыстар тек сау жүректің арқасы. 

Жүрек бұлшық еті ретпен  жиырылып-жазылып,қанды қолқа тамырға итеріп 

шығарады,  ол  ары  қарай  тарамдалып,  кішкене  тамыршалар  арқалы  бүкіл 

денені жуып шығады. 

 Сол  арқылы  денедегі  әрбір  жасуша,  ең  шеткері  орналасқан  жүйелер, 

оттегі,су,тұз  қажетті  заттармен  қамтамасыз  етіледі.  Содан  соң  бұлшық  ет 

босаңсыған шақта, керісінше кӛк тамыр арқылы кӛмірқышқылына және тағы 

басқа заттарға толы қан қайтадан жүрекке келеді. 

 Қимылдың  тапшылығы  жүректің  осылай  ӛз  ретімен  жұмыс  істеуіне 

кедергі  келтіреді.  Жүрек  бұлшық  етттерінің  жиырылу  күші  кеміп,  денеге 

тарайтын қанның мӛлшері тӛмендеп, қажетті қоректік заттарға тапшы болып 

қалады.  Қимыл-қозғалысты  аз  мӛлшерде  қысқартқанның  ӛзінде  денеде 

айтарлықтай  ӛзгерістер  туады.  Мәселен,  бұлшық  еттің  солуы,  жүрек 

жиырылу  күшінің  кемуі,  ішкі  ағзалар  қызметінің  нашарлауы  сияқты 

құбылыстар байқалады. 

 Қимылдың  тапшылығынан  басқа  да  толып  жатқан  сырқаттарды 

аңғаруға  болады.  Олар  қазіргі  кезде  жиі  кездесіп  жүрген  ғасыр  ауруы  деп 



 

аталатын  остеохондроз.  Ол  омыртқа  аралық  шеміршектің  мүжіліп 

тозуы,жұқаруы. Омыртқа аралық шеміршектің тозуына не себеп? Әлеуметтік 

тұрғыдан  қарағанда,  қазіргі  адамдардың  тұрмыс-тіршілігінде  айтарлықтай 

ӛзгерістер  байқалады.  Оларды  шаршата-тын  ерте  ғасырлардағы  сияқты 

қимыл-қозғалысты  артырып,  күшпен  атқарылытын  дене  еңбегі  емес,  ой 

еңбегі. Соның нәтижесінде денедегі ең кӛп ауырлық арқа және желке бұлшық 

еттерне түседі. 

 Үнемі қозғалмай бірқалыпты сіресіп отырғаннан аталған бұлшық еттер 

әлсіреп,  зорланады.  Бірте-бірте  олар  ӛзінің  серпінділігінен  айырылады. 

Сӛйтіп,қысып  ұстап  тұрған  омыртқалар  негізгі  күштен  айырылып,  бар 

салмақты ӛзіне алады. Одан әрі адам еш әрекет жасамай, сол отырған қалпын 

ӛзгертпесе,  ауырлық  омыртқалар  аралық  шеміршекке  түседі.  Сӛйтіп,  олар 

біртіндеп ыдырай бастайды да жыртылады.Сол кезде омыртқалар бір-біріне 

тиіп  қажылып,  соның  салдарынан  омыртқаның  қалыпты  қимылы  ӛзгеріске 

ұшырайды. 

 Кейде  сол  омыртқа    аралық  шеміршек  сыртқа  теуіп  шығып  кетеді. 

Мұның  ӛзі  жұлыннан  шыққан  нерв  талшықтарын  мыжып,қан  тамырларын 

зақымдап,адам  зардап  шегеді.  Ал  омыртқалардың  ӛз  орнынан  ауысып  кетуі 

кейде  жұлынға  тікелей  әсер  етеді.  Жұлынан  шыққан  нерв  талшықтарының 

түбі жаншылған соң, айналасы бірден ісініп-қабынып кетеді. Қан айналымы 

тоқтап,жүйке-тамырлар  жарақаттана  бастайды.  Ал  осы  бүлінген  жерде 

омыртқалар ӛзінің серпінділік немесе амортизациялық қасиетін сақтау үшін, 

олардың тіреу міндетіне күш түседі. Соның салдарынан омыртқалардың жан-

жағынан үшкір сүйектер ӛсіп шығады. Оның ӛзін омыртқалардың қиындыққа 

кӛндігуінен  туған  жағымды  компенсаторлық  (орын  толтыру)  қасиет  деп 

түсінуге болады. 

 Дегенмен 

ол 

үшкір 


сүйек 

(остеофиттер) 

омыртқалардың 

тұрақтылығын  біршама  қалыптастырғанмен,  сыртқы  тепкен  шеміршек 

сияқты нерв талшықтары мен қан тамырларын ығыстырып тастайды. Содан 

барып аурудың әр түрлі белгілері байқалады. Омыртқа жотасының ішінде ең 

үлкен салмақ мойын және бел омыртқаларға түседі. 

 Сонымен  остеохондроз  басқа  белгісіз  себептермен  бірге  омыртқа 

жотасын қысып ұстап тұрған бұлшық еттің әлсіреуінен пайда болады. Оған 

жұмысты біріңғай отырып істеу, соның салдарынан бұлшық еттің жетілмеуі, 

яғни  қимыл-қозғалыстың  тапшылығы  тікелей  ықпал  жасайды.  Ал  омыртқа 

аралық  шеміршектің,буындар  мен  сіңір  тарамыстардың  ӛзгеруі  тек  осы 

бұлшық еттер әлсіреп,зақымданған соң біліне бастайды. 

 Ең  жиі  кездесетін  кемтарлық-омыртқа  жотасының  қисаюы.  Әдетте  ол 

табиғи  тӛрт  физиолгиялық  иіндерден  тұрады.  Оның  екеуі-мойын  мен  бел 

тұстарының  алға  қарай  ойысуы  (лордоз)  қалған  екеуі-кеуде  мен  құйымшақ 

жотасының  сыртқа тебуі  (кифроз).  Омыртқа  жотасы  7 мойын,12  арқа,5  бел, 

5сегікӛз, 5құйымшақ омыртқаларынан тұрады. Осылардың ішінде қозғалмай 

бір-бірімен  тығыз  байланысып  қалған  сегізкӛз  бен  құйымшақ,ал  басқалары 

үнемі қозғалыс үстінде. 



 

 Жоғарыда  айтылған  ойыс  пен  дӛңестің  және  омыртқа  аралық 

шеміршектің  нәтижесінде,омыртқа  жотасының  тепе-теңдік  және  серпінділік 

қасиеті  сақталады.  Омыртқа  жотасы  адамның  тірегі,ол  қорғаныс,қимыл-

қозғалыс  үщін  жартылған.  Анығырақ  айтқанда  адамның  иіліп  бүгілуіне 

қажетті  негізгі  ӛзегі.  Дененің  жоғарғы  бӛлігі  бас,иық,қол,  кеуде  мен  іш 

құрылысының  салмағын  тӛменгі  бӛлікке  ӛткізіп  тұрады.  Сондықтан  ол 

дененің  әр  бӛлігінде  әр  түрлі  қалыпта  болады.  Ал  оның  қорғаныс  қызметі-

ӛзегінің  ішіндегі  жұлынды  сыртқы  ортадан  сақтауында.  Ӛзінің  майысқақ 

икемділік  қасиеті  арқылы  омыртқа,ӛмір  үшін  соқтығу  мен  қақтығысудан 

сақтайды. 

 Омыртқа  жотасының  ретті  қызмет  етуіне  оны  қоршаған  бұлшық  ет 

үлкен  әсер  етеді.  Оқыста  қимыл  біріңғай  болып  бір  жағынан  кӛп  күш 

түссе,онда  сол  жақтағы  бұлшық  еттер  қажып  босаңсиды.  Соның  әсерінен 

жоғарыда  кӛрсетілген  кифоз және  лордоз  иірімдері ӛзгеріп  кетеді.  Омыртқа 

жотасын  екі  жаққа  тартып  тұрған  бұлшық  еттердің  күші  бірдей  болмаған 

соң,бір жағына қисайып кетеді. Міне баланың кемтар болуы осыдан. Ата-ана 

оның  алғашқы  ӛзгерісін  аңғармайды.  Сӛйтіп,  баланың  тұлғасындағы 

кінәратты есейе келе бірақ байқайды. 

 Табан  бұлшық  етінің  жетілмеуінен  балаларда  қазтабан  ауруы  да  жиі 

кездеседі.Оның да адамға тигізер зияны айтарлықтай. 

 Сонымен  гиподинамия  салдарынан  кӛп  ауруларға  шалдығатыны-мыз 

белгілі  болды.  Әрине  оған  ықпал  жасайтын  да  адамның  ӛзі.  Кӛбіне 

бірқалыпты  отырып  қызмет  ету,  әсіресе,толық  адамдардың  буындарға  еш 

қимыл түсірмей,қозғалыссыз отыруы жүрекке айтарлықтай күш түсіреді. Ал 

қимыл-қозғалыс  тапшы  болса,  орган-измде  тұрып  қалған  зиянды  заттар  да 

сыртқа шықпай, жасушаларды жалпы адамды тез қартайтады  

 

22 ДЕНІ САУ АДАМНЫҢ ТӘУЛІКТІК ХРОНОГРАММАЛЫҚ 



КӚРСЕТКІШТЕРІ 

 

 



Ұтымсыз  тамақтану,  яғни  тәуліктік  ас  мәзірінің  калориялылығы 

тәуліктің  энергия  шығынынан  кем  болса,  энергиялық  теріс  теңгерістікті 

дәлелдейді. Яғни, пайда болған энергиялық тапшылықты жою үшін ағзаның 

барлық  қорын  пайдалану.  Бұл  үшін  барлық  тамақтық  затта,  оның  ішінде 

белоктар  да  энергия  ӛндіру  үшін  пайдаланылады.  Сондықтан,  энергиялық 

теріс  теңгерістік  калориялық  –белоктық  жетімсіздігінің  бірлескен  кешені 

болғандықтан,  алиментарлық  дистрофия,  маразм,  квашиоркор  сияқты  ауыр 

аурулардың  қалыптасуына  негізгі  себебі  деуіміз  керек.  Егерде  тағамның 

құндылығы қажетті энергиялық шығыннан едәуір артық болса,бұл да адамға 

мәні  зор  жағымсыз  зардап.  Артық  дене  салмағы,  семіздік,  атеросклероз, 

гипертониялық  ауру  т.б  .  ауру  дамып-  кӛбеюіне  пайдалы  энергетикалық 

балансты  береді.  Бұлардан  басқа  гастрит,  дуаденит,  асқазан  жарасы,  ұйқы 

безінің  қабынуының  пайда  болуы  тамақтану  тәртібінің  бұзылуына 

байланысты. Адамның энергетикалық шығынының негізгі түрлері: негізгі зат 



 

алмасу,  еңбек  етудің  әртүрлі  іс-қимылы,  тұрмыстық  және  үй  шаруашылық 

жұмыстар, спортпен шұғылдану т.б. және астың арнайы динамикалық әсері. 

Негізгі  зат  алмасу  энергиясы  тіршілікті  қамтамасыз  ету  жүйесінің 

міндеттерін  бір  қалыпты  сақтау  үшін  жұмсалады,  яғни,  жүректің,  қан 

алмасудың,  дем  алудың,  зат  алмасудың,  бүйректің  т.б.  дұрыс  қызмет 

атқаруына арналған. Есейген адамның негізгі алмасу энергиясының шамасы 

1200-1700 ккал. Әйелдердің негізгі алмасу энергиясы еркектерден 5-10 пайыз 

кем, ал балалардыкі 10-15 пайызға артық. Іс жүзінде негізгі алмасуды есептеу 

әдісімен  мына  1  және  2  кестелерді  пайдаланып,  анықтауға  болады.  Астың 

арнайы  динамикалық  (ААД)  әсеріне  жұмсалатын  энергия  тамақты  қарын 

және  ішектерге  қозғалуы  мен  қорытылуына  ағзаға  қажетті  заттарға 

айналуына  жұмсалады.  Бұл  энергия  негізгі  алмасудың  10%  дейін  жетеді. 

Адамның  әртүрлі  тіршілік  әрекеттеріне  жұмсалатын  энергия  (реттелген 

энергиялық  шығын)  қол  жұмыстарының  ауырлығы  мен  кӛлеміне  қарай 

анықталынады.  Ӛндіріс  барысы  (процесс)  қаншама  қол  жұмысын 

пайдаланып,  қара  күшті  қолданса,  соншама  энергия  шығыны  да  кӛп. 

Медициналық  Ғылым  Академиясы  жасына,  жынысына,  еңбек  әрекетіне  т.б. 

байланысты  әртүрлі  топтағы  халықтың  бір  тәулікте  жұмсалатын  қажетті 

энергиясы  мен  негізгі  тамақтық  заттардың  физиолигиялық  шамасын 

белгіледі.  Қазіргі  кезеңде  қолданылып  жүрген  еңбекке  жарамды  халықты 

еңбек  қарқынына  байланысты  топқа  бӛлінуін  келтірейік  (3  кесте)  1-топ.  Ой 

еңбегінің  қызметкерлері:  кәсіпорындар  мен  мекемклердің  басшылары,  қара 

күшті пайдаланбайтын инженерлік-техникалық қызметкерлер,хирургтер мен 

санитарлардан басқа медициналық  қызметкерлер, мұғалімдер, оқытушылар, 

ғылыми  қызметкерлер,  әдебиет  пен  мәдениет  қызметкерлері,  хатшылар, 

бухгалтерлер,  диспетчерлер,  операторлар  т.б.  2-топ.  Жеңіл  жұмыс 

атқаратындар:  тігіншілер,  ӛндіріс  тауарларын  сатушылар,  үй-тұрмыс 

қызметкерлері, 

эоотехниктер, 

мал 

дәрігерлері, 



байланыс 

пен 


телеграф,радиоэлектроника 

ӛндірісінің 

жұмыскерлері,аграномдар, 

инструкторлар  т.б.  3-топ.  Орташа  ауыр  еңбектің   қызметкерлері: 

станокшылар,  электриктер,жӛндеушілер,  машина  жүргізушілер,  тамақ  және 

жеңіл  ӛнеркәсіп  қызметкерлері,  сатушылар,  тұрмыстық-комунальдық  және 

қоғамдық 

тамақтанудың 

қызметкерлері, 

ауыл 


шаруашылығының 

бригадирлері,  теміржолшылар  т.б.  4-топ.  Ауыр  еңбектің  қызметкерлері: 

құрылыс жұмысшылары, механизаторлар, млшылар, бақшашылар, кеншілер, 

металлургтер  т.б.  5-топ.  Ӛте  ауыр  еңбектің  қызметкерлері:  шахтерлер,  жер 

астының  кеншілері,  болат  және  шойын  құюшылар,тасшылар,  бетоншылар, 

жер  қазушылар,  жүк  тасушылар  т.б.  механизацияланбаған  ӛнеркәсіп 

қызметкерлері.  Энергетикалық  шығынды  келесі  әдістерді  пайдаланып 

анықтауға 

болады: 

тікелей 


калориметрикалық 

әдіс; 


жанама 

калориметрикалық әдіс; дене салмағы мен пайдаланған тамақтың калориясын 

нақты  есептеу  әдісі  (Бузник  әдісі)  хронометражды-кестелі  әдіс. 

Хронометражды-кестелі әдістің мәні тәулік бойы әртүрлі әрекеттерге кеткен 

уақыт пен оның бір ӛлшеміне жұмсалатын энергияны біліп, белгілі адамның 

дене  салмағына  байланысты  энергия  шығынын  есептеу.  Бұл  үшін  мына 



 

формуланы  пайдаланып,  тәуліктік  энергия  шығынын  есептеуге  болады: 

Тәуліктік  энергия  =  НА+  ААДӘ+іс-қимыл  түрлері  Осы  алынған  мәліметке 

анықталмаған  әрекеттер  үшін  10%  жалпы  энергия  шығынын  қосу  керек. 

Әртүрлі  тіршілікке  байланысты  энергиялық  шығынды  есептеу  үшін  5-6 

кестелерді  пайдалануды  ұсынамыз.  Тәуліктік  энергия  шығынын  анықтап 

және  теңгерістік  тамақтанудың  формуласын  пайдаланып  (тәуліктік 

энергияның қалпына келуіне мынандай негізгі тамақтық заттар қажет: белок-

13%,  майлар-43%,  кӛмірсулар-54%)  негізгі  заттардың  физиологиялық 

қажеттігін есептеуге болады (граммен), ӛйткені, 1грамм белок және 1 грамм 

кӛмірсу  4,0  ккал  береді,  ал  1  грамм  май  9ккал  (энергетикалық 

коэффициенттер). Нақты тамақтанудың сайма-сайлылығын шешу үшін, оның 

тамақтық және тіршіліктік құнын есептеу керек. Нақты тамақтануды білудің 

бірнеше  әдістері  бар:  бюджеттік,баланстық,  тамақтық  заттардың  кірісі  мен 

шығысы,  зертханалық  және  мәзірлік  таратуды  талдау  жасау  әдісі.  Мәзірлік 

талдау  –  тәуліктік  әрбір  астарды  дайындау  үшін  (таңертеңгі,  түскі,  кешкі 

)салмақпен берілген азықтардың тізімі. Білмекші тағамдардың  энергетикалы 

құндылығын  және  химиялық  құрамын  сабақтың  практикалық  бӛлімінде 

студенттер  тәулік  бойына  мәзірлік-таратудың  негізін  пайдаланып,  есептеу 

әдісімен анықтайды. 7. Сабақтың мазмұны: 1. Негізгі білім деңгейін бақылау 

(Қосымша 1) 2. Студенттердің ӛздік жұмысы: А және Б саны бойынша негізгі 

алмасудың  энергетикалық  шығынын  бағалау  (Қосымша  2)  -  Әртүрлі  іс  -

әрекеттердің  шығыны  бойынша  тәуліктік  энергия  шығынын  есептеу 

(Қосымша  3)  3.  Оқытушымен  жұмыс:  жүргізілген  зерттеулер  мен  есептеу 

нәтижелерін  талдау.  4.  Қорытынды  білім  деңгейін  бағалау  (Қосымша  4) 

Қосымша  1.  Бастапқы  білім  деңгейін  бағалау.  1.  Қандай  қоректік  заттар 

пластикалық  қасиеттерге  басымырақ  ие  болады:  А)  толық  қанықпаған  май 

қышқылдары  Б)  липоидтер  В)  макроэлементтер  Г)  кӛмірсулар  Д)  ақуыздар, 

амино  –  нуклеидтік  қышқылдар  2.  Қайсысы  ауыстырылмайтын 

аминқышқылдарға  жатады:  А)  аланин,  аспаргин  Б)  глицтамин,  глицин  В) 

аргенин, лейцин Г) серин, тирозин Д) цестеин, пролин 3. Қандай витаминнің 

рационда жетіспеушілігінен цингой ауруынң себебі туады: А) А витамині Б) 

В1  витамині  В)  В2  витамині  Г)  С  витамині  Д)  РР  витамині  4.  Қандай 

витаминдердің рационда жетіспеушілігінен рахит ауруының себебі туады: А) 

А витамині Б) В1 витамині В) В2 витамині Г) Д витамині Д)  РР витамині 5. 

Қайсысы зат алмасудың біруақытта ӛтетін үрдісін құрайды: А) катаболизм Б) 

негізгі  алмасу  В)  анаболизм  Г)  А,Б,В  жауаптары  дұрыс  Д)   А,Б  жауаптары 

дұрыс  6.  Катаболизм  үрдісіне  не  кіреді:  А)  заттардың  ыдырауымен 

байланысты реакциялар Б) қышқылды азықтардың ыдырауымен байланысты 

реакциялар В) организмдегі азықтарды шығарудың ыдырауымен байланысты 

реакциялар Г) А,Б,В жауаптары дұрыс Д) А жауаптары дұрыс 7. Анаболизм 

үрдісіне не кіреді: А) қажетті заттардың синтезімен байланысты реакциялар 

Б)  организмнің  ӛмірлік  тіршілігінде  және  дамуында,  бойдың  ӛсуі  үшін 

қажетті  заттарды  қолдану  және  қабылдау  В)  азықтың  ыдырауын  қалпына 

келтірумен  байланысты  реакциялар  Г)  А,В  жауаптары  дұрыс  Д)  А,Б 

жауаптары дұрыс 8. Тӛмендегі берілгендердің қайсысы зат алмасу процесін 



 

реттеу  үшін  негізгі  ролді  атқарады:  А)  ішкі  секреция  бездері  Б)  ферменттік 

жүйе  В)  орталық  жүйке  жүйесі  Г)  А,В  жауаптары  дұрыс  Д)  А,Б  жауаптары 

дұрыс  9.  Зат  алмасудың  реттелуінің  тікелей  жүйеге  қатысы  неде:  А)  ағзада 

және ұлпада зат алмасудың қоректік әсері Б) ішкі секреция бездеріне әсері В) 

зат  алмасуға  химиялық  реакциялардың  әсер  ету  жылдамдығы  Г)  А,В 

жауаптары  дұрыс  Д)  А,Б  жауаптары  дұрыс  10.  Зат  алмасуының  реттелуінің 

қосымша жүйеге қатысы неде: А) ағзада және ұлпада зат алмасудың қоректік 

әсері Б) гормон түзушілердің қозуы және тежелуі, гормондардың қанға түсуі 

В)  ферменттік  жүйеге  әсері  Г)  А,Б,В  жауаптары  дұрыс  Д)  Б,В  жауаптары 

дұрыс Қосымша 2. А және Б саны бойынша негізгі алмасудың энергетикалық 

шығынын  бағалау.  НА=А+Б  Негізгі  алмасудың  (ккал/тәулік  )  дене  салмағы 

мен жынысқа байланыстылығы (А сандары ) 

Пейсмекер.  Бірыңғай  салалы  еттер  ішкі  агазалар  мен  қан  тамырлары 

қабырғасында, теріде кездеседі. Олар қаңқа еггерінен баяуырақ жиырылады 

және де жиырылу жағдайын ұзақ уақыт сақтай алады. Қан тамырлары мен 

үрықтық  ӛзек  жолы  қабырғаларының  миоциттерінен  басқа  барлық 

бірыңғай салалы ет жасушаларына электр потенциалының ӛздігінен туындау 

қасиеті  тән.  Бірыңғай  салалы  еттердің  тонусы  оларды  нервсіздендіргеннен, 

тілті  оқшаулағаннан  кейін  де  сақталады.  Демек,  бірыңғай  салалы  етгерде 

қозу толқыны нерв импульсінің әсерімен байланысты емес, жүрек етіндегі 

сияқты  миогеңдік  жолмен  пейсмекер  деп  аталатын  жасушаларда  пайда 

болады.  Бұл  құбылысты  бірыңғай  салалы  еттер  автоматизмі  деп  атайды. 

Ағылшын тілінен аударғанда пейсмекер деген сӛз ырғақ беруші деген мағына 

береді.  Бұл  жасушаларға  электрлік  тербелістер  тудырып,  оларды  басқа 

жасушаларға таратып отыратын қасиет тән. 

Бірыңғай  салалы  ет  жасушаларында  тыныштық  потенциалы  тӛмен 

деңгейімен  (10-20  мВ)  сипатталады.  Оны  тудыруда  натрий,  калий 

иондарымен  қатар  кальций  жоне  хлор  иондары  қатысады.  Ал,  әрекет 

потенциалы  пейсмекерлік  потенциал  әсерімен  кальцийлік  арналардың 

белсенуі  салдарынан  жасуша  мембранасының  табалдырықты  деңгейге  дейін 

үйексізденуі нәтижесінде пайда болады. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет