Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген.
1860 жылы Орынбор облыстық басқармасы Алтынсаринның үзбей жазған өтініштерін қанағаттандырып, қазақ балалары үшін бастауыш мектепті ашуға рұқсат берді. Шалғай қалада мектеп ашу қиын болды (қаражат, мектеп ғимараты және оқу құралдары болған жоқ). Облыстық басқарма мен жергілікті болыстар осы маңызды іске суық қарады. Патша өкіметінің өзі де халықтың сауатын ашуды, ағарту жұмыстарын жасауды мақсат етпеген еді, оған тек тілді білетін іс жүргізушілер ғана керек болды. Алайда қиыншылықтар Алтынсаринге кедергі бола алмады. Оның үстіне, Ыбырай Алтынсарин 1861 жылы Торғай мектебіне мұғалім қызметіне атанған тұңғыш қазақ еді. Осы қуанышымен және өзінің ағартушылық идеяларымен рухы көтерілген Ыбырай Алтынсарин ауылдарды аралап, елге зайырлы білімнің маңыздылығын түсінідіріп отырды. Жергілікті тұрғындардан қаражат жинап, өзінің жеке жинақ ақшаларын салып, Алтынсарин мектеп ғимаратының құрылысына кірісті. Құрылысқа дайындалған кезінде қамалдың комендантында аудармашы болып қызмет істеп жүріп, Алтынасарин ауылдардан балалар әкелды, өз үйінде оларды орыс тіліне оқытты. 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің салтанатты ашылуы өтті. Қазақ даласында оны «Қара шаңырақ», «Алғашқы қарлығаш» деп атады. Ыбырай Алтынсарин өзінің алғашқы «Кел, балалар, оқылық!" атты өлеңін жазды. Бұл өлең досы Н. И. Ильминскийге арналған мұрағат хатында жазылған және осы күнге дейін сақталған.
Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов (15 ақпан 1915 ж., Төре ауылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы — 15 қыркүйек 1966 ж., Алматы) — қазақ тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1946 жылы), профессор, Қазақ КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1962 жыл).