Психикалық дамудың негізгі сызықтары
Ұсынылып отырған қарастыру тұрғысынан жалпыға ортақ қабылданған ережені басшылыққа аламыз, алайда даму бала тұлғасын толығымен қамтиды, бұл процесте бірқатар негізгі сызықтар (бағыттар) белгілене алынады. Мысалы, баланың психикалық дамуы оның біртұтас тұлғалық дамуы сияқты бір мезгілде келесі сызықтар бойынша жүзеге асырылады: танымдық аясы (интеллекттің қалыптасуы, таным механизмдерінің дамуы); әрекеттің психикалық құрылымы мен оның мазмұны (мақсаттар, мотивтер және олардың ара қатынасының дамуы, әрекеттің құралдары мен әдістерін меңгеру); тұлғаның (бағыттануы, құндылық бағдарлануы, өзіндік сана сезімі, өзін-өзі бағалау, әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесуі және т.б.). Бала дамуының бағыттары біраз басқаша ұсынылуы да мүмкін - даму ретінде: а) білімдердің; әрекеттің тәсілдері; б) меңгерілген тәсілдерді пайдаланудың психологиялық механизмі және в) тұлғаның дамуы, оған әрекет те кіреді [43, 30 б.].
Л.И. Айдарова осы сызықтардың қатарында интеллектуалдық, тұлғалық сызықтармен қатар тілдік дамуды да белгілеп атап өтеді [3]. Баланың барлық интеллекттік-тұлғалық-әрекеттік қалыптасуында психиканың арындылығы, интегративтілігі, жүйелілігі, сензитивтілігі, компенсаторлығы сияқты негізгі заңдылақтарының көрініс табатыны маңызды. Бала дамуы сызықтарының үшеуінің әрбіреуін толығырақ қарастырайық (интеллект, әрекет, тұлға), сонымен қатар нақты өмірде олардың бір-бірінен ажыратылмайтынын атап өткеніміз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |