И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет80/211
Дата14.02.2023
өлшемі2,21 Mb.
#67716
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   211
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

 
Қабілеттер анықтамасы 
С.Л. Рубинштейн кӛрсеткендей, «Адам қабілеттерінің даму 
процесі адамның даму процесі б.т. Адамның белгілі-бір білімдер мен 
әрекеттер тәсілдерін игеруі ӛзінің алғышарты, ӛзінің ішкі шарты 
ретінде ақыл-ой дамуының белгілі деңгейі – ақыл-ой қабілеттерінің 
дамуына ие болады» [193, 277 б.]. Бҧл ахуал оқу іс-әрекетін тҥсіндіру 
ҥшін аса маңызды. Б.М. Теплов [213] берген неғҧрлым кең тҥрдегі 
анықтамада қабілеттердің тҧлғаның даралық қасиеттері ретіндегі негізгі 
сипаттамалары келтірілген, олар іс-әрекетті табысты орындау шарты 
болып табылады. Қабілеттер, Б.М. Теплов бойынша, дағдылар мен 
іскерліктерге теңестірілмейді, және де белгілі бір іс-әрекетті 
орындаудың табыстылығына қатысты бір адамды екіншісінен 
ажыратады.
Егер С.Л. Рубинштейн бойынша ақыл-ой қабілеттерінің дамуы 
білімдерді игерудің алғы шарты болса, онда Б.М. Теплов бойынша 
қабілеттердің ӛзінің даму алғы шарты ретінде нышандар болады, яғни 
туа берілген анатомо-физиологиялық ерекшеліктері ретінде. Қабілеттер 
іс-әрекетте жаратылады және де іс-әрекеттің, оның қҧралдары мен 
тәсілдерін игерудің жылдамдығы, тереңдігі, беріктігі сияқты 
динамикалық сипаттамаларында кӛрінеді. Іс-әрекеттің әр тҥрлеріне 
қатысты жалпы интеллектуалдық және арнайы қабілеттер жіктеледі. 
«Қабілеттерді кең алынған анықтамасы оның индивид қасиеттері 
екендігінде, оның ансамблі белгілі бір іс-әрекетті орындаудың 
табыстылығын шарттайды. Мұнда, іс-әрекеттің ӛзінде онтогенети-
калық дамитын және осыған орай, сыртқы жағдайларға байланысты
қасиеттер назарға алынып тұр» [110, 8 б.]. 
Осы қасиеттерді оқудың әр тҥрлерінде, мысалы музыка (Б.М. 
Теплов), математика (В.А. Крутецкий), бейнелеу (В.И. Киреенко), 
әдебиет (В.П. Ягункова, Г.В. Быстрова), химия (Д.А. Эпштейн) және т.б. 
облыстарды зерттей отырып, авторлар сәйкес қабілеттер анықтамасына 
тек психикалық процестердің ӛту ерекшелігін ғана емес, сондай-ақ 
кӛбінесе тҧлғаның кейбір қырларын да жатқызады. Мысалға, әдеби-
шығармашылық қабілеттерді зерттеуші В.П. Ягункова оның алты 
компоненттерін атайды: 1) әсерленгіштік, 2) поэтикалық қырағылық, 3) 
жақсы ес (бейнелік те, сӛздік-логикалық та), 4) жаңа бейнелерді жасау 


140 
қабілеті, 5) кӛңіл-кҥйге ортақтасу кҥйінің пайда болу жеңілдігі, 6) 
сӛздік ассоциациялардың байлығы. Тіптен айқыны, бҧл компоненттер – 
психикалық процестердің де, және де тҧлғаның әсерленгіштік, кӛңіл-
кҥйге ортақтасу пайда болу жеңілдігі сияқты қырларының да кҥрделі 
комплекстері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет