19
міндеттері ретінде
шығады.
К.Д. Ушинский бойынша, тіл дамыту, ойлау
қабілетін дамытуға байланысты баланың сӛздері, оның танымы мен
ҧғымын, жалпы тҧлға ретінде қалыптасуының алғы шарты деп
саналады.
Педагогикалық психология негіздерін қҧруда П.Ф. Каптеревтың
ӛзінің қосқан ҥлесі орасан зор. Ол педагогикалық психологияның
негізін қҧраушыларының бірі. Ол ӛмірге Песталоццидің ӛсиеттерін -
педагогиканы психологтандыруды енгізуге ҧмтылды. «Психологиялық
педагогика» ҧғымы
зерттеушілердің айтуы бойынша, ғылыми
айналымға 1877 ж. Каптеревтың «Педагогикалық психология» атты
кітабы шыққан соң кірді. Шынында да, Э. Торндайктың осыған аттас
кітабы тек шаршы ғасырдан соң (1903 ж.) жарық кӛрді. Сонымен қатар,
П.Ф. Каптерев ғылыми қолданысқа қазіргі заманда қолданылып жҥрген
білім беру мен тәрбие берудің жиынтығы, педагог пен оқушы әрекетінің
байланысы ретіндегі «білім беру» ҧғымын кіргізді. Сонымен бірге,
мҧғалім еңбегі мен мҧғалім дайындаудың педагогикалық мәселелері,
эстетикалық даму мен тәрбие беру мәселелері және басқа да кӛптеген
мәселелер қарастырылды. Білім беру процесінің ӛзін П.Ф. Каптерев
психологиялық тҧрғыдан қарастыруы ӛте маңызды, ол жӛнінде
«Дидактикалық очерктер. Білім беру теориясы» атты кітабының екінші
тарауы - «Білім беру процесі - оның психологиясы» дәлел болады.
Автордың
ойы бойынша, білім беру процесіне «адам ағзасының ішкі
әрекетінің кӛрінісі», қабілеттілікті дамыту және басқа ҥрдістер кіреді
[83, 340-345 б.].
П.Ф. Каптеревқа тек ҧлы дидактардың еңбектеріне іргелі талдау
жасаудағы
сіңірген
еңбегі
ғана
емес,
былайша
айтқанда,
эксперименталдық дидактиканың, негізінде алғанда, оқытуда және
оқыту ҥшін эксперименталдық психология ӛкілдерінің
еңбектеріне
жасаған талдауын атап ӛту қажет. П.Ф. Каптеревқа сәйкес, осы еңбектер
авторларының міндеті оқушылардың ой еңбегі жҧмысын зерттеу, ой
еңбегі жҧмысында қимылдың орны, оқушылардың пән және сӛз арқылы
берілетін тҥсінігі, мектеп оқушылары дарындылығының тҥрлері және
басқа мәселелерді зерттеу болып табылады.
Педагогикалық психологияның қалыптасуына сол кезеңде
жаңадан пайда бола бастаған әлеуметтік психология ӛкілі С.Т.
Шацкийдің (1878-1934) қосқан ҥлесі қомақты. Ол адамды
әлеуметтендіру
процесінде
тәрбие
беруді
ізгілендіру
және
демократияландырудың біртҧтас тҧжырымдамасын жасаған. С.Т.
Шацкийге әлеуметтік-педагогикалық қызметтің субъектісі ретінде оның
тҧлғасы мен кәсіби қҧзырлылығына қойылатын жалпыланған
20
талаптарды қамтитын педагог моделін қҧрған. С.Т. Шацкийдің
педагогикалық тәжірибесіне шет елдік зерттеушілер жоғары баға
берген. Атап
айтқанда, Дж. Дьюи ресейлік оқушылардың
дайындығының жҥйелілігін, ҧйымдастырушылығын,
қазіргі заманғы
американдық мектептермен салыстырғанда демократты екендігін атап
ӛтеді.
Осылайша, бірінші алғы шартты кезең, бір жағынан, И.
Ньютонның
механистикалық
тҥсінігінің
басымдылығымен,
Ч.
Дарвиннің эволюциялық идеяларымен, Дж. Локктың психикалық ӛмірді
ассоциативтік тҥсіну - психикалық ӛмірдің негізін сезімдік әсерлену
қҧрайды деген ежелден дамып келе жатқан ілім - сенсуализммен
сипатталады. Басқа жағынан алғанда, бҧл кезең негізінен педагогикалық
болмысты байқау, талдау және баға беруге негізделген ойша
жорытылған, қисынды қҧрылған жорытпалар кезеңі.
Достарыңызбен бөлісу: