Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет20/57
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#16691
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57
оқытудың  жүйелілігі  мен  бірізділігі  ұстанымы  жүзеге  асырылады.  Аталған 

ұстаным  оқытудың  ғылымилығы  ұстанымымен  тығыз  байланыста  жүреді. 

Оқытудың  жүйелілігі  мен  сабақтастығын,  бірізділігін  қамтамасыз  ету  үшін 

әрбір  пән  бойынша  берілетін  білімнің  мазмұны  мен  көлемін  анықтағанда 

ұғымдық-ақпараттық  материалдардың  белгілі  бір  жүйемен  берілуін, 

сабақтастығын,  біртіндеп  тереңдетілуін  және  кеңейтілуін,  сондай-ақ 

оқушылардың  білімді  меңгеру  әрекеті  белгілі  бір  сатымен  (мысалы: 

ынталандыру, алғаш көру – байқау, қабылдау – түсіну, ұғым құру, есте сақтау, 

36 

 



  

қорытынды  шығару  немесе  тұжырым  жасау,  т.б.)  іске  асырылуын  ескеріп 

отыру керек. 

Бастауыш сынып оқушыларының тілдік білік, дағдыларын қалыптастыруда 

басты  рөл  атқаратын,  басты  орында  тұратын  ұстаным  –  теория  мен 

практиканың  байланыста  болуы  ұстанымы.  Оның  мәні  –  оқушыларға 

теориялық  білім  беріп  қана  қоймай,  сол  білім,  білік,  дағдыларын  күнделікті 

жаңарып,  өзгеріп  жатқан  өмірде,  кез  келген  жағдаятта  емін-еркін  қолдана 

білуін  қамтамасыз  ету.  Ол  үшін  күнделікті  оқыту  үдерісінде  әрбір  пәннен 

берілетін  теориялық  білімді  өмірдегі  жағдайлармен  байланыстырып, 

практикалық  жағына  бағыттап  отыру  керек.  Сондықтан  теория  мен 

практиканың  байланыста  болуын  қамтамасыз  ету  үшін  әрбір  пән  бойынша 

берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, 

заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала 

өмірінде  кездесетін  түрлі  проблемалық  мәселелерді  шешуге  көмегі  тиетіндей, 

бала  оны  қолдана  алатындай  практикалық  маңызы  ескерілуі  тиіс.  Сондай-ақ 

оқушылардың  оқу  материалын  тек  жаттап  қана  алмай,  оның  мән-мағынасын 

терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті боп саналады. 

Психологиялық  зерттеулерде  анықталғандай,  балаларға  берілетін  білімнің 

көлемі мен мазмұны олардың өмірден жинаған тәжірибесіне, таным деңгейіне 

және  психикалық  тұрғыдан  дамуына  лайықталуы  тиіс.  Сондай-ақ  олардың 

сұраныстары  мен  қабілеттері  де  ескерілуі  керек.  Өйткені  бала  ақпараттар 

ағынынан  өзіне  қажеттісін  әрі  түсініктісін  ғана  қабылдай  алады.  Сондықтан 

бастауыш  сынып  үшін  оқушылардың  жас  ерекшелiктерiн  ескеру  ұстанымы 

басшылыққа  алыну  қажет.  Бұл  ұстанымның  мәні  –  бастауыш  сынып 

оқушыларының  ұғымына  жеңiл,  психологиялық  ерекшелiктерiне  сай  келетін, 

бiлiм деңгейлерiне лайықталған және олардың өмiр тәжiрибесiн есепке алатын 

материалдардың қамтылуы.  

Білім  беруді  оқушылардың  жас  ерекшелiктерiне  бағдарлау  ұстанымымен 

үндес  келетін  бiлiмнiң  жеңiлден  ауырға,  қарапайымнан  күрделіге,  нақтыдан 

белгiсiзге қарай берiлуі ұстанымын да ескерудің маңызы зор. Осы орайда ұлы 

ұстаз  Абайдың:  «Адам  ата-анадан  туғанда  есті  болып  тумайды:  естіп,  көріп, 

ұстап,  татып  ескерсе,  дүниедегі  жақсы,  жаманды  таниды-дағы,  сондайдан 

білгені,  көргені  көп  болған  адам  білімді  болады»  деген  дана  сөздерінен  адам 

табиғатының,  болмысы  мен  танымының  қалыптасуының  өзі  осы  ізбен 

жүретінін байқауға болады. Егер оқу үдерісі, балаларға білім, білік, дағдыларды 

игерту осы ұстанымға негізделсе, нәтижелі болатыны анық. Бұл оқушылардың 

келешекте  негізгі  білім  беру  сатысында  ғылым  негіздерін  (жаратылыстану, 

математика, физика, химия пәндерiн) меңгеруге дайындық жасауға да септігін 

тигізеді. 

Оқытудың  нәтижелілігін  арттырып,  оқушылардың  тілдік  сауаттылығын 

(тыңдау,  сөйлеу,  оқу  және  жазу,  т.б.)  қалыптастыруда  басшылыққа  алынатын 

негізгі ұстанымның бірі – білімнің беріктігі ұстанымы. Бұл ұстанымның мәні – 

оқушылардың меңгерген білімдерінің берік әрі тиянақты болуы. Ол жоғарыда 

37 

 



  

аталған  ұстанымдардың  өзара  байланысын  қамтамасыз  еткен  жағдайда  ғана 

іске  асады,  яғни  аталған  ұстанымдардың  барлығына  тәуелді  болып  келеді. 

Оқушылардың алған білімі жүйелі, берік, тиянақты, терең болуы үшін мынадай 

мәселелер ескерілуі тиіс: 

– 

өтілген тарауларды, тақырыптарды үнемі қайталап отыру:  



а) күнделікті сабақ барысында;  

ә) белгілі бір тақырыпты немесе тарауды, бөлімді аяқтаған уақытта;  

б) тоқсан аяғында;  

в) оқу жылының басында және соңында; 

– 

өтілген  тақырыпты  практикалық  жаттығулармен  (ауызша,  жазбаша 



тапсырмалар, 

жаттығулар, 

тәжірибелік-бақылау 

жұмыстары, 

т.б.) 

байланыстырып отыру; 



– 

оқушылардың білім сапасын есепке алып отыру (тексеру және бағалау), 

кемшіліктерін анықтап, тиісті жұмыс жүргізу; 

– 

өтілген  оқу  материалындағы  өзекті  мәселелерді,  негізгі  ережелер  мен 



ұғымдарды есте сақтауларын қамтамасыз ету. 

Мектептегі  оқу-тәрбие  үдерісінде  мәдениеттендiру  және  ізгілендіру 

ұстанымының  алар  орны  айрықша.  Бүгінгі  оқушы  –  оқу-тәрбие  үдерісіндегі 

орталық  тұлға,  ертеңгі  Қазақстан  Республикасының  азаматы,  еліміздің  саяси, 

экономикалық,  әлеуметтік  дамуына  өз  ілесін  қосатын  қызметкер  немесе 

жқмысшы.  Сондықтан  да  олардың  тілдік  сауаттылығын  қалыптастырумен 

қатар, мәдени-рухани дамуына, яғни оқушылардың жалпы мәдениетiн көтеруге 

баса  көңiл  бөлiнiп,  жекебас  гигиенасынан  бастап,  жалпы  халықтық  мәдениет 

туралы  мәлiметтер  беруге  дейін  мән  берілуі  керек.  Сондықтан  әрбір  пән 

бойынша  берілетін  білімнің  мазмұны  мен  көлемін  анықтағанда  ұғымдық-

ақпараттық  материалдармен  шектелмей,  әдебиет,  сәулет,  өнер,  ғылым 

салаларынан да белгілі бір деңгейде мағлұматтардың енгізілуін ескеру қажет.  

Мемлекеттік тілді меңгертудің арнайы ұстанымдарына тұлғалық-бағдарлы 

оқыту  ұстанымы,  қатысымдық  (коммуникативтік)  тұрғыдан  оқыту  ұстанымы, 

қатысымдық  (коммуникативтік)  тұрғыдан  оқыту  ұстанымы,  тұтастық 

ұстанымы,  әрекеттік  ұстанымы,  аутентикалық  тұрғыдан  оқыту  ұстанымы, 

шығармашылық ұстанымы, т.б. жатады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет