Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет16/57
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#16691
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57
І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая: 

1) Мен және менің отбасым. Отбасы мүшелерінің жұмыстары. 

2) Мен бөлмемді жинаймын. 

3) Сағат қанша? 

4) Мен азық-түлік дүкеніне барамын. 

 

ІІ. Әлеуметтік-мәдени ая: 

1) Қазақстан картасы. Кел, ойнайық.  

2) Туған күн. 

3) Күн суық/ыстық. 

4) Спортзалда. 

 

ІІІ. Оқу-еңбек  аясы: 

1) Менің сыныбым. 

2) 

Менің оқу құралдарым.  



 

4-

сыныпқа  арналған  оқу  бағдарламасында  әр  ая  төмендегідей 



тақырыптарды қамтиды: 

І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая. 

1) Мен және менің отбасым. Отбасы мүшелерінің сүйікті істері. 

2) Үйде не істеймін ? 

3) Менің сүйікті тағамым. 

 

ІІ.  Әлеуметтік-мәдени ая. 

1) Менің елім – Қазақстан. 

30 

 



  

2. Астана – таза қала. 

3. Мерекелер. 

4. Спорт. Менің сүйікті спортшым. 

5. Зоопаркке саяхат. 

 

ІІІ. Оқу-еңбек  аясы. 

1. Менің мектебім. 

2.  Менің күнделігім. 

3. Демалыс. 

 

Бұл лексикалық тақырыптардың әрқайсысы үш бөлімнен тұрады, яғни олар:  



1) тілдік бөлім; 

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім; 

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі деп жіктелген. 

Тілдік бөлім қазақ тілінің фонетика, лексика, грамматика салаларынан білім 

беріп,  тілдік  деректермен,  заңдармен  және  ережелермен  таныстырады.  Тiлдi 

меңгеруде  фонетика,  лексика,  грамматиканың  орны  ерекше,  өйткені  онсыз 

ойды жинақтап сөйлемге айналдыру, байланыстырып жеткiзу мүмкiн емес. Ол 

оқушылардың  өзге  тілде  сөйлесімді  дұрыс  құрастыра  алуына;  айтылған  сөзді 

бақылап,  талап  етілген  грамматикалық  форма  мен  құрылымды  саналы  түрде 

құра алуы үшін керек. Сондықтан тілдік бөлім толыққанды тiлдесiмге жетудің 

құралы  ретінде  қарастырылады.  Бірақ  үйренетiн  тiлдiң  ауқымындағы 

грамматикалық жүйе туралы ережелер, категориялар, ұғымдар туралы бiлiмдер 

сол  тiлдi  меңгергендiктiң  көрсеткiшi  бола  алмайды.  Үйренiп  отырған  тiлде 

шынайы  коммуникациялық  тiлдесiмге  түскенде  ғана  сол  тiлде  сөйлеу 

сауаттылығына қол жеткізіледі. Сол себепті қатысымдық-сөйлесімдік бөлімнің 

атқарар  қызметі  зор.  Бұл  бөлімде  сөйлесім  әрекетінің  бес  түрі  бойынша 

меңгерілетін  білік-дағдылар,  әрекет  түрлері  айқындалған.  Мәдениетаралық 

қарым-қатынас  бөлімінде  өтілетін  тақырыпқа  қатысты  қазақ  балалар 

әдебиетінің  қарапайым  үлгілері  (санамақтар,  тақпақтар,  әндер,  жұмбақтар, 

жаңылтпаштар,  ертегілер),  қазіргі  балалар  әдебиетінің  үлгілері,  мәтіндер 

берілген. 

Жалпы,  айта  кетерлік  мәселе  –  мемлекеттік  тіл  ретіндегі  «Қазақ  тілі» 

пәнінің  білім  мазмұнын  іріктеуде  қатысымдық-әрекетшілдік;  қатысымдық-

функционалдық;  тілдік  білімді  функционалдық  тұрғыдан  сұрыптау;  ұлттық 

ерекшеліктерді ескеру; оқу әдебиеті мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге 

сәйкестігі;  оқушы деңгейіне сай келуі; білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін-

өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті 

іскерліктері  мен  дағдыларын  қалыптастыруға  бағыттау  ұстанымдары 

басшылыққа алынды. 

Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасының жоғарыда 

анықталған  құрылымы  мен  құрамына  қарай  әр  игерім  бойынша  білім 

мазмұнына тоқталып көрейік [17].  

31 

 



  

 

1-

сынып: Қарапайым деңгейдің бастапқы орташа игерімі (А



1

)

  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет