I қаржылық есеп 5B050800 «Есеп және аудит»


Қаржы есептілігін ұсыну (ХҚЕС 1)



бет13/16
Дата09.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#72751
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
I ?àðæûëû? åñåï 5B050800 «Åñåï æ?íå àóäèò»

1.9 Қаржы есептілігін ұсыну (ХҚЕС 1)

Кәсіпорын есептілігі – өткен жылдағы жұмысының шартымен нәтижиесін сипаттайтын көрсеткіш жүйесі.


ҰСҚЕ 2 сәйкес қаржы есептілігі: бухгалтерлік баланстан, табыс және шығыс туралы есептіліктен, қаржы қаражатының айналымы туралы есептіліктен, өзіндік капиталдағы өзгерістер туралы есептіліктен, қаржы есептілігіне түсініктеме хаттан құралады.
Субъектінің жылдық қаржы есептілігінің кезеңі болып 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелі жыл саналады. Меншіктік иелер басқа кезеңді құрастыра алады, бірақ жылына бір рет, және қаржы есептілігін ұсыну мерзімін анықтай алады, бірақ есептілік жылдың 30 сәуіріне дейін.
Заңды тұлғаның қаржы есептілігі қызықтырылған пайдаланушыларға жариялануға ашық деп саналады.
Бухшалтерлік баланс нақты күнге кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсетеді. Баланс түрлері: ұйымдық (кіріс); жойылу.
«Қаржы есептілігін ұсынуы және дайындығы үшін концептуалды негізінде» қаржы есептілігінің негізгі элементтеріне анықтама берілген: активтер, міндеттемелер, өзіндік капитал, табыстар, шығыстар.
Бухгалтерлік баланс субъектілерде бар активтерді, өзіндік капиталын, міндеттемелерін көрсетеді. Бухгалтерлік баланста активтермен міндеттері ұзақ мерзімді және ағымды болып жіктеледі. Бухгалтерлік баланста келесідей көрсеткіштер бар.
Ағымды активтер:

  • ақша қаражаттары;

  • дебиторлық қарыз;

  • тауар материалды қорлар.

Ұзақ мерзімді активтер:

  • дебиторлық қарыз;

  • инвестициялар;

  • негізгі қаражаттар;

  • материалды емес активтер.

Қысқа мерзімді міндеттемелер: кредиторлық қарыздар.
Ұзақ мерзімді міндеттер:

  • кредиторлық қарыздар;

  • несиелер.

Өзіндік капитал:

  • бөлінбеген табыс;

  • резервті капитал;

  • жарғы капиталы.

Ағымды активтерде есептік күннен бір жыл ішінде алынған дебиторлық қарыздар көрсетіледі. Ағымды міндеттемелерде есептіктен кейінгі бір жыл ішіндегі төлеулерге жататын ұзақ мерзімді міндеттердің бір бөлігі және қысқа мерзімді несиелер көрсетілуі қажет.
Табыс және шығыс туралы есептілік келесідей көрсеткіштерден тұрады:

  • өнімді өткізуден табыс;

  • өткіліген өнімнің өзіндік құны;

  • жалпы табыс;

  • қаржыландыру табысы;

  • басқа да табыстар;

  • көрсетілген қызмет және өнімді өткізуге кеткен шығыс;

  • шығысты әкімшелендіру;

  • қаржыландыру шығысы;

  • басқа да шығыстар;

  • үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдардың шығындар/ табыстар үлесі;

  • жалғастырылатын іс кезеңіне табыс (шығыс);

  • тоқтатылатын іс кезеңіне табыс (шығыс);

  • салықтандыруға дейінгі табыс (шығыс);

  • корпоративті табыс салығына шығындар;

  • азшылық үлесінің шегеруіне дейінгі кезеңге қорытынды табыс /шығыс;

  • азшылық үлесі;

  • кезең қорытындысының табысы (шығыс);

  • акция табыс.

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептілігіндегінің құрамындағы ақпарат төмендегілер туралы хабар бере алады :

  • есептілік периоды ішінде ұйымның ақша қаражатының күйі болғаны;

  • кәсіпорынның қандай қызмет түрлерінің немесе қаржыландырудың қандай қайнар көздерінің үлкен өлшемі арқылы, қандай кіші өлшемде - ақша қаражатын генерациялайды;

  • кәсіпорын генерирленген ақша қаражатын қайда бағыттайды; ақша қаражатының қозғалыс көлемі кәсіпорынды кеңейту және қызметін ықшамдау (оның пайдалылығын жоғарылату) мақсатымен өзіне меншікті активтерді (жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар) инвестициялау үшін жеткілікті ме немесе ұйым өз жұмыс жасау сүйемелдеуіне бағыттап жатыр, немесе ақша қаражатын өз қызметіне көмектесу үшін жібере ме;

  • ұйымдардың үлесті немесе борыш құралдарын сатып алу жолымен, басқа ұйымдарға инвестицияларды жүзеге асыратын, ұйымда бос ақша қаражаты бар ма;

  • ұйым ақша түрінде өз акционерлеріне жарнакірістерді (дивидендтерді) төлей ме;

  • қандай дәрежеде мынадай ақшасыз операциялар (ақша қаражатының қолдануын талап етпейтін операциялар) ұйым табыстылығының деңгейіне ықпалын тигізеді: тозу, бартерлік операциялар, валюталардың айырбас бағыттарының өзгеруі нәтижесінде пайда болған іске асырылмаған пайда.

Ақша қаражатының қозғалысы мен олардың эквиваленттері туралы қызметінің үш түрі бойынша ақпарат ұсыну, экономикалық шешімдердің қабылдау үшін, қаражат есептілік пайдаланушыларын пайдалы ақпаратпен қамсыздандыруын рұқсат етеді.
Пайдаланушыларымен қаржылық ақпаратты қабылдау үшін ақша қаражатының ағымдары келесі қызметтен түскен ағымдарға жіктеледі:

  • операциялық қызметтен;

  • инвестициялық қызметтен;

  • қаражаттық қызметтен.

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есебінде ұсынылатын ақпарат пайдалылығы 12 кестеде берілген.

Кесте 12 - Ақша қаражатының қозғалысы туралы есебінде ұсынылатын ақпарат пайдалылығы





Қызмет түрі

Пайдаланушыларға арналған ақпараттың пайдалылығы

Операциялық

Операциялық қызмет нәтижесінде қалыптасқан ақша қаражатының сомасы - ақша қаражаты ағымдарының жеткіліктілігінің маңыздысы. Бұларды несиелер мен қарыздарды жою, компанияның өндіргіш қабілеттілігін сақтау, жарнакірістердің төлеу, сыртқы қаржыландыру қайнарларын тартусыз жаңа инвестициялардың жүзеге асыру үшін берілген қызмет категориясы қалыптасырады.

Инвестициялық

Инвестициялық қызмет бойынша ақша ағымдары туралы ақпаратты бөлек ашу табыс пен ақша қаражатының ағымдарын келешекте генерациялау үшін қорларға шығындардың масштабтарын көрсетеді.

Қаржылық

Қаржылық қызмет бойынша ақша ағымдары туралы ақпаратты бөлек ашу компанияға капитал ұсынатын жақтардың ақшаны болжау талаптары үшін үлкен мағынаға ие.

Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, қаржылық, инвестициялық қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерін ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.


Операциялық қызмет – кәсіпорынның негізгі, кіріс келтіретін қызметі және инвестициялық қызмет пен қаржыландыру жөніндегі қызметтен өзгеше қызмет.
Инвестициялық қызмет - ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын ұзақ мерзімді активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу мен олардың шығарылуы.
Қаржыландыру жөніндегі қызмет – кәсіпорынның меншік капиталы мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгерістерге әкеп соқтыратын қызмет.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы тарихи ақпарат ақша қаражаттарының болашақ ағындарының сомасының, уақытының және айқындығының индикаторы ретінде жиі пайдаланылады.
Ол сондай-ақ ақша қаражаттарының болашақ ағындарының бұрынғы бағалауларының дәлме-дәлдігін тексеру кезінде және пайдалылық пен ақша қаражаттарының таза қозғалысы және бағалар өзгеруінің әсері арасындағы байланысты зерттеу кезінде пайдалы болады.
Ақша қаражаттарының қозғалысына баптар, ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаттары баламаларының құрамында бөліктері арасындағы қозғалыс жатпайды, өйткені бұл құрамдас бөліктер операциялық, инвестициялық қызмет пен қаржы қызметінің бөлігі емес, компанияның ақша операцияларын бақылаудың және реттеудің бөлігі болып табылады. Ақша операцияларын бақылауға және реттеуге ақша қаражаттарының баламаларына артық ақша қаражаттарын инвестициялау жатады.
Компания операциялық, инвестициялық қызмет немесе қаржы қызметінен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді өзінің қызметінің сипатына неғұрлым сәйкес келетіндей береді.
Қызмет түрлері бойынша жіктеу пайдаланушыларға осы қызметтің компанияның қаржы жағдайына әсер етуін, оның ақша қаражаттары мен ақша қаражаттарының баламаларының сомасын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтамасыз етеді.
Бұл ақпарат сонымен бірге қызмет түрлері арасындағы өзара байланысты бағалау үшін де пайдаланылады.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының түсімдерінің және төлемдерінің мөлшері компания операциялары кредиттерді өтеу, операциялық мүмкіндіктерді сақтау, дивидендтер төлеу және қаржыландырудың сыртқы көздеріне жүгінбестен жаңа инвестицияларды жүзеге асыруға жеткілікті болатын ақша қаражаттарының түсімін қамтамасыз ететін дәрежедегі басты индикатор болып табылады.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының бастапқы операциялық түсімдер мен төлемдерінің негізгі құрамдас бөлігі туралы ақпарат басқа ақпаратпен үйлесе отырып операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының болашақ қозғалысын болжау үшін пайдалы болады.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы компанияның кіріс келтіретін негізгі қызметіне тікелей байланысты. Сөйтіп, әдеттегідей, олар таза пайданы және залалды айқындауға кіретін операциялар мен басқа да оқиғалардың нәтижесі болып табылады.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары қозғалысының мысалдары мыналар болып табылады:

  • тауарларды сатудан және қызмет көрсетулерден алынатын ақшалай түсімдер;

  • жалдаудан түсетін ақшалай түсімдер, қаламақылар, комиссиялық сыйақылар және басқа да табыс;

  • тауарлар мен қызмет көрсетулері үшін жеткізушілерге берілетін ақшалай төлемдер;

  • қызметшілерге және олардың атынан басқа тұлғаларға ақшалай төлемдер;

  • сақтандыру компаниясының сақтандыру сыйлықтары мен талап арыздары, жылдық жарналар және басқа да сақтандыру сыйақылары ретіндегі ақшалай түсімдері мен төлемдері;

  • егер бұлар тек қаржы немесе инвестициялық қызметтермен байланыстырылмайтын болса, ақшалай төлемдер немесе пайдаға салынатын салық төлемі немесе пайдаға салынатын салық үшін өтемақы;

  • коммерциялық немесе сауда мақсатында жасалатын келісім-шарттар бойынша ақшалай түсімдер мен төлемдер.

Операциондық қызметтегі ақша қозғалысын анықтау үшін: тікелей, жанама әдістер пайдаланылады.
Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.
Операциондық қызметтен тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражаттарының түсуі мен шығуының нәтижесі; өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, дивиденттерден, пайыздан, роялтиден, шығыстарынан тұрады.
Жанама әдістер – бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету жасалады.
Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады.
Бұл әдісте қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңінің көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі.
Инвестициялық және қаржылық қызмет. Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, сату және берілген несиені өтеу және алу.
Инвестициялық қызметке мыналар жатады:

  • негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан, қаржылық инвестицияны сатудан, басқа кәсіпорындардан алынған қарыз қаражаттары және басқа да түсімдер;

  • негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттырының шығысы;

  • қаржылық инвестицияларды алу, басқа кәсіпорындарға қарыз ақша беру, басқа да төлемдер.

Қаражат ағымы бойынша тура әдіспен есептілікті құруының жалпы схемасы 13 кестеде берілген.

Кесте 13 – Ақша қозғалысы бойынша есептілікті құру әдістерін салыстыру





Тура әдіс

Жанама әдіс

Жалпы түсімдер мен жалпы төлемдер туралы ақпарат ашылатын әдісі. Тура әдіске сәйкес негізгі класс бойынша жалпы түсімдер мен жалпы төлемдер екі әдіспен алуға болады:

  • есеп регистрлерінен;

  • пайда көрсеткіштерін, сату өзіндік құнын, пайда мен шығын есептілігіндегі басқа бағаналарды түзету: қорлар көрсеткіштерінің өзгерісі, операциондық қызмет бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек, басқа да ақшасыз бағаналар; басқа инвестициялық және қаржылық қызметке байланысты қызмет




Таза пайдадан түзілетін әдіс:

  • ақшасыз операциялардың әсері есебімен (мысалы, амортизация, резертер, алынған салық, сатылмаған бағамдық айырым, ассоцияланған компаниялардың бөлінбеген пайдасы мен азшылық үлесі);

  • операциялық қызмет бойынша алынған (есептелген) болған (келешек) сомалар (мысалы, қорлардың өзгеруіне байланысты түзетулер, операциялық қызмет бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек);

  • инвестициялық және қаржылық қызметтер бойынша ақша қаражатымен байланысқан кіріс (немесе шығыс)

Кесте 14 - Тура әдіспен негізгі қызметтен қаражат ағымын анықтау



Көрсеткіш

1

+ Сатудан таза пайда

+(-) дебиторлы берешектің кемуі (жоғарылауы)

+ Алынған аванстар

= Клиенттен алынған ақша қаражаттары

(-) Сатылған өнімдердің және қызметтердің өзіндік құны

+(-) Тауарлық құралдардың жоғарылауы (кему)

+(-) Несиелік берешектің кемуі (жоғарылауы)

+(-) Келешек кезеңдер бойынша жоғарылау (кему)

+ Жалпышаруашылық, коммерциялық әкімшілік шығындар

+(-) Басқа міндеттіліктердің кемуі (жоғарылауы)

= Жеткізушілерге және персоналға төленетін

(-) Пайыздық шығындар

+(-) Есептелген пайыздардың (жоғарылауы)

+(-) Алдындағы төлемдер қорларының кемуі (жоғарылау)

+(-) Сатудан тыс / басқа кірістер (шығындар)

= Пайыздық және басқа да ағымды кірістер мен

(-) Салықтар

+(-) Берешектің кемуі(жоғарылау) / салық төлемдері бойынша қорлар

+(-) Салық төлемдері бойынша аванстар жоғарылауы (кему)

= Төленген салықтар

Негізгі қызметтен қаражат ағымы (клиенттерден алынған ақша қаражаты,— Жеткізушілер мен персоналға төлемдер— Пайыздық және басқа да ағымды кірістер мен шығындар— Төленген салықтар)

Қаражат ағымы бойынша жанама әдісімен есептілікті құруының жалпы схемасы 15 кестеде берілген.


Кесте 15 - Жанама әдіспен негізгі қызметтен қаражат ағымын анықтау





Көрсеткіш

Таза пайда

+ Амортизация

- (+)дебиторлы берешектің жоғарылауы (кемуі)

- (+) тауар қорлардың жоғарылауы (кемуі)

Кесте 15 аяғы




Көрсеткіш

- (+) басқа айналым активтерінің жоғарылауы (кемуі

+ (-) несиелік берешектің жоғарылауы (кемуі)

+(-) төлеуге пайыздардың жоғарылауы (кемуі)

+(-) алдындағы төлемдер қорларының жоғарылауы (кемуі)

+(-) салық төлемдері бойынша берещектің жоғарылауы (кемуі)

= Негізгі қызметтен қаражат ағымы

Инвестициялық қызмет бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтерінің құрамына кіреді. Оған қаржылық инвестицияға әсер ететін операциялар да кіреді. Инвестициялық қызмет қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруінде көрініс табады, онда ол акцияларды сатудан алынған табыс немесе шығыс ретінде көрінеді, сондай-ақ негізгі құралдарды және басқа да сатудың нәтижесі көрініс табады.


Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені ол болашақ кіріс пен ақша қаражаттарын молайтуға арналған ресурстарды қалыптастыру мақсатында жүргізілген тиісті шығындар туралы айғақтайды. Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары мысалдары мыналар болып табылады:

  • негізгі құралдар, материалдық емес және басқа да ұзақ мерзімді активтер сатып алуға арналған ақшалай төлемдер. Оларға капиталдандырылған әзірлеу шығындарына және меншікті өндірістің негізгі құрал-жабдықтарына байланысты төлемдер жатады;

  • негізгі құралдар, материалдық емес және басқа да ұзақ мерзімді активтер сатудан алынған ақшалай түсімдер;

  • басқа компаниялардың үлестік немесе борыш құралдарын және бірлескен қызметке қатысу үлестерін сатып алуға арналған ақшалай төлемдер (ақша қаражаттарының баламалары ретінде қарастырылатын осы құралдар үшін және коммерциялық немесе сауда мақсатына арналған төлемдерден басқалары);

  • басқа компаниялардың үлестік немесе борыш құралдарын және бірлескен қызметке қатысу үлестерін сатудан алған ақшалай түсімдер (ақша қаражаттарының баламалары ретінде қарастырылатын осы құралдар үшін және коммерциялық немесе сауда мақсатына арналған ақшалай түсімдерден басқалары);

  • басқа тараптарға берілген аванстық ақшалай төлемдер мен кредиттер (қаржы компаниялары берген аванстық төлемдер мен кредиттерден басқалары);

  • басқа тараптарға берілген аванстар мен кредиттер қайтарылымынан алынған ақшалай түсімдер (қаржы институттарының аванстық төлемдері мен кредиттерінен басқалары);

  • келісім-шарттар коммерциялық немесе сауда мақсаты үшін жасалған немесе төлемдер қаржы қызметі ретінде жіктелетін жағдайларды қоспағанда, мерзімді келісім-шарттар, опциондар мен своптар бойынша ақшалай төлемдер; және келісім-шарттар коммерциялық немесе сауда мақсаты үшін жасалған немесе түсімдер қаржы қызметі ретінде жіктелетін жағдайларды қоспағанда, мерзімді келісім-шарттар, опциондар мен своптар бойынша ақшалай түсімдер.

Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттырының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдерінің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдерінің негізгі түрлері ашылып көрсетіледі.
Ақша түсімдерінің мөлшерін және инвестициялық қызметтен түскен, бухгалтерлік есеп тізімдерінен немесе түсіндірме хаттарынан және қаржылық есептіліктегі ескертулерінен алынған.
Төлемдерін анықтау үшін берілген операциялар ақпаратымен пайдалануға болады.
Қаржылық қызмет меншік капиталы мен қарыз капиталының құрамы мен мөлшерінің өзгерісінің нәтижесі болып табылады. Оған мыналар жатады: шығарылған акциядан түскен ақша қаражаттары және басқа да бағалы қағаздарды сатқаннан алынған банктік және банктік емес несиелер, басқа да түсімдер; алынған банктік және банктік емес несиелерді өтеуге жұмсалған ақша қаражаттары, өз акционерлерінен акциясын сатып алу үшін жұмсалған қаражаттар, дивиденттер және басқа да жұмсалған қаражаттар.
Кәсіпорын қаржылық, инвестициялық және ақшасыз операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Оларға: материалдық емес активтерді және негізгі құралдарды ұзақ мерзімді несиенің есебінен алу, кредиторлық қарызды кредиторға акцияны және басқа да бағалы қағаздарды беру жолымен өтеу, басқа кәсіпорынның акцияларын сатып алынған тауарларға және дайын өнімге айырбастау жолымен алу және тағы басқа. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру үшін арнайы әзірленген кестелерді пайдаланады, онда келесі ақпараттар келтіріледі. Өткен және есептік жылдағы баланс, оның барлық баптары салыстырылады және олардың әрқайсысы бойынша ауытқуы анықталады. Өткен және есептік жылдағы қаржылық-шаруышылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, оның барлық табыстары мен шығыстары, есептік кезеңнің соңындағы таратылмаған табысы салыстырылады. Мәліметтерді салыстырудың нәтижесінде қандай да қызмет түріне сомалардың үлес салмағын анықтауға болады. Осы әзірленген кестелердің мәліметтеріне шолу жасап, есеп беруге түзетулер енгізу. Қаржылық есептілік нәтижесінде пайда болған ақша ағымдарының үлгілері ретінде: акциялардың эмиссиясынан ақша түсімі (эмиссия бойынша қосымша төленген капитал мөлшерін қоса және акциялардың орналастыруында номинал құн сыртынан) немесе басқа үлесті құралдардан түскен түсімдер; ұйым акцияларын сатып алу мен иемденуіне берілген ақша төлемдері; қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздарды тартуымен, облигацияларды шығаруымен байланысқан ақша төлемдері; несиелік сомалардың өшіруіне кеткен қаражат; қаржылық жалдау бойынша қарызды азайту үшін жалдаушының ақша төлемдері бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет