Байланысты: isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda
Өкінбен қаламын деп бір күн сөніп (Қ. Аманжо-
лов). Тіпті
жібімен деп-ақ едім, сай сүйегімді сырқыратты
(Е Мүстафин). Сүйексіз қызыл тілімді
жаңылдырман. Бұл фор-
ма етістіктің жекеше түрінің болымсыз формасының бірінші
жағының көрсеткіші ретінде ғана жұмсалады, өзге жақтарда
қолданылмайды. Осындағы өкінбен, жібімен, жаңылдырман
дегендердің өкінбеймін, жібімеймін, жаңылдырмаймын де-
гендерден оқшауланарлықтай ешқандай да айырмашылығы
жоқ, өйткені олардың қолданылу я қолданылмауына қарап
сөйлемдегі сөздердің арасында ешқандай да өзгеріс тумайды.
Бірақ бұл форма көтеріңкі ырғақпен, зілді үнмен айтылып,
белгілі экспрессивтік рай білдіру үшін жұмсалады. Оны мы-
надай көмекші сөздермен қолданудан да аңғаруға болады. Мы-
салы: Бай